Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
5 санын қосу және азайту -

5 санын қосу және азайту

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1417 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шахта орта мектебі


(ашық сабақ)
2 «А» сынып


Қоңырбаева Н
22 қараша 2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға 5-ті қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
2. Тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
3. Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік талдау, іздену.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. (1 слайд)
II. Үй тапсырмасын тексеру. Дидактикалық ойын: «Жауапты анықта».
1. Жапырақтар арасындағы сандар арқылы қосынды мен айырманың мәнін табу.(2 слайд)
2. Алмұрттарды жинау. 4 санының құрамын табу.(3 слайд)
3. Ойлан тап: Алмадағы өрнектерді аңдарға бөліп берейік.(4слайд)
4. Үйлердің есігін ашуға көмектес: (5 слайд)
Кілттегі өрнектерден нені байқадыңдар?
Ендеше, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты. 5 қандай сан? натурал, тақ, біртаңбалы, қасиетті. 5 саны мынадай сөз тіркестерінде кездеседі, соған қауымдастық құрайық. (6,7 слайд)
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
5-ті қосу кестесін 1 оқушы айтады.(8 слайд)
Бүгін 6,7,8,9 сандарына 5 санын қосу мен азайтудың ерекшеліктерімен танысамыз. (9,10 слайд)
4 оқушы түсіндіреді. Дәптерге жазылады. (11,12 слайд)
Тақтада көрсетіледі, оқушы түсіндіреді.
№3.Математикалық диктант. Өрнектің мәнін табу: 12, 7, 13, 8, 14, 9.
№4.Бұл есепте 2 сұрақ. Белгіге назар аудару.(13 слайд)
Әңгімелер – 6 күн
Жыр - ? – 5 күн ұзақ
Шешуі: 6 + (6 + 5) = 6 + 11 = 17
Жауабы: 17 күн
№5. Қыз – 24
Ұл - ? 4-еуі кем
Шешуі: 24 + (24 – 4) = 24 + 20 = 44
Жауабы: 44.
(14,15 слайд)
Өте жақсы балалар. Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет!
Бағалау.
Үйге тапсырма: 78 бет №6
Қорытынды:
- Біз бүгін немен таныстық?
- 5 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.