.
.
Ашық сабақ. Математика 2 «ә» сынып 78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1829 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: 78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту.
Сабақтың мақсаты: 1) Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып және сәйкес шығару алгаритімін пайдаланып, қосуды, азайтуды орындау.
2) Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу
3) Ақыл- ойын, ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап ойын
Сабақтың көрнекілігі слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар, назарымызды сабаққа аударып, құрал- жабдықтарымызды реттейміз.
Қызығушылықты ояту:
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы боп дараланып
Математика – қызықты тоймайтұғын
Олай болса біз бүгінгі сабағымызда «Білім теңізінде» жүзе отырып , математика еліне саяхат жасаймыз.Математика деген сөзді оқығанда көз алдарыңа не елестеп , қандай ой келеді?
-Ғылым оқулық , есеп , сандар , цифрлар ,қосу , азайту , « Математика» деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Сол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден өтуіміз керек .
2 . Үй тапсырмасын сұрау
- Бізге теңізде жүзу үшін не қажет?
- Кеме
- Егер үй тапсырмасын дұрыс оқысаңдар кеме дайын болады.
Үй тапсырмасы N 6
Сандарды кему ретімен жазу :
98,89,87,78,64,52,46,25,
91,84,71,48,32,23,19,17.
3 Жаңа сабақ :
Біз кемемен теңізге жүзіп келеміз.
Аралға тез жету үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
Тірек білімді еске түсіру:
10-5 5+5 6+4 10-4 7+3 10-7
Мінеки «Сандар аралына» келіп жеттік .
Бұл аралда біз екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды үйренеміз.Мына кестедегі сандардың жазылуы туралы не айтуға болады ?
Жүздіктер Ондықтар Бірліктер
7 8
2 2
Жүздіктер Ондықтар Бірліктер
1 0 0
2 2
78 100
22 22
100 78
Дәптерге жазғызу
- Қане балалар енді келесі аялдамаға аялдайық. «Өрнектер аралы» Балалар сендердің «Сандар» аралында не үйренгендеріңді тексеруге тапсырмалар орындайық .
47+53 54+46 29-71 38+62 55+45 41+59
100-47 100-54 100-71 100-38 100-45 100-59
«Есептер аралы» N5
Шынжыр табанды трактор – 9
Доңғалақты трактор - ? 4 А
Ш : 9+4=13
Ж : 13 доңғалақты трактор
Ә ) Шынжыр табанды трактор – 9
Доңғалақты трактор - ? 4 А
Ш : 9+4 =13
13+9=22 Ж : 22 трактор
«Демалыс аралы» сергіту сәті
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірде
Топылдатып аяқты ,
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып , бір тұрып
Орнымды мен табамын
Әдемі етіп жазамын
«Сан жұмбақтар аралы»
1 – деңгей : Мысалды сызық арқылы жауабымен қос :
А) 8+6 14 9 13-8
14-5 5 18 9+9
Ә) 9+8 12 4 7+5
12-6 17 6 11-7
2 –деңгей : Өрнектерді жаз , мәнін тап .
А ) 13+9=22 7 және 8 сандарының қосындысынан 3 – ті азайт.
Ә )16 және 9 сандарының айырмасына 4 – ті қос.
3 – деңгей : Есепті оқы , шығар :
a) Бір үйде 90 пәтер , ал келесі үйдегі пәтерлердің 10 – ы артық . Екі үйде барлығы неше пәтер бар ?
Ә ) Жоғары сөреде 6 , ал төменгі сөреде 7 кітап бар еді . 4 кітап алынды . Екі сөреде неше кітап қалды ?
4 – деңгей : Сабақты бекіту
«Олжа аралы»
Бүгінгі сабағымызда не үйрендік , не білдік ?
5 – деңгей : Бағалау
6 – деңгей : Үй тапсырмасы N 6 138 - бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.