.
.
Cабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры 7 саны мен цифры
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2280 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың мақсаты: а ) Білімділік: Оқушыны 7 саны және цифры мен таныстыру, бір таңбалы сандар, олардың шығарып алыну әдістері жайындағы білімдерін бекіту; ә ) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б ) Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тез шешім қабылдауға үйрету. Көрнекілігі: 7 лақ, қасқыр, 7 саны мен цифры, дидактикалық материалдар. Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын, жұмбақ жасыру. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөлу. І топ «Көгершін» ІІ топ «Қарлығаш» Қызығушылығын ояту. –Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегі еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар? -Иә, тыңдаймыз. –Бүгінгі сабағымыз бастан аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады. Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның жеті лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына: -Лақтарым, шырақтарым! Шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп қалса, ашпаңдар дейді. Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін уақытын аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады. Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. –Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік. Қасқыр болды қауіпті. Лақтарды қамап қойыпты. Қасқыр бізге хат жіберіпті. Ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя беремін депті. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймызба? -Иә, орындаймыз. І. Дайындық кезеңі. 1-тапсырма. Ой шақыру. Суреттер бойынша өрнектер құрастыру. Біз 1-ші лақты құтқардық.
ІІ.Өтілген сабақты пысықтау: 6 санының құрамы
«Пошташы» ойыны. Хаттарды оқу. Хаттардың нөміріне сәйкес сан құрамын жазу. 2-ші лақты құтқарамыз.
5 3 6 4
6 + 1 = 7 7 – 1 = 6
Кесіндінің ұзындығын өлше.
7 см
Енді біз 3-ші лақты құтқарып алдық. 7 см см
№2 мысал 7 санының баспа түрі - 7 7 санының жазба түрі - 7 6— үйрек, 7- қаз Салыстыр: 7 > 6 Біз 4-ші лақты да құтқарып үлгердік.
№3 мысал
> 6 6< 6 = 6
3 + 3 = 6 6 – 3= 3
Балалар 5-ші лақты құтқара алдық па?
№4 мысал « Допты лақтыру» ойыны арқылы өрнектің мәнін тауып аламыз. 2 + 4 = 6 3 + 3 = 6 5 + 1 = 6 4 + 2 = 6 3 + 3 = 6 1 + 5 = 6 6 – 2 = 4 6 – 3 = 3 6 – 5 = 1 ІІІ. Жаңа сабақ: 7 саны мен цифры Бүгін біз сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. 7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі. 7 саны келсе жақсылыққа балаған. 7 саны тақ сан. 7 санының көршілері 6 және 8 сандары
7 ата
7 қазына 7 қарақшы
7
7 керемет 7 шелпек
7 күн
Оқулықпен жұмыс: Сандар қатарын 0-ден 10-ға дейін оңға, солға санап шығу.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
№1 мысал
Үшбұрыштың айырмашылығы неде?
Міне 6- шы лақты да құтқарып алдық. 6 – 4 = 2 6 – 3 = 3 6 – 1 = 5
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңке, Көлбең-көлбең көлеңке, Қоян қалай секіреді. Балық қалай жүзеді. Көлбең-көлбең көлеңке, Көлбең-көлбең көлеңке, Көбелек қалай ұшады. Аю қалай жүреді. Көлбең-көлбең көлеңке, Көлбең-көлбең көлеңке, Гүл қалай ашылады. Оқушы қалай отырады.
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу. 7 7 7 7 7
№ 1 6 + 1 = 7 – 1 = 4 * 7 7 * 3 2 * 7 7 * 1
7 7 7 7
7 7 7 7 7
6 + 1 = 7 7 – 1 = 6 7 – 6 = 1
№2 Жауаптары бірдей мысалдарды сызықпен қос.
4 – 2 5 - 2 3 + 3
3 - 2 5 + 1 6 - 2
6 - 5 6 - 3 4 + 2
№3 Сандардың құрамын қайтала.
5 4 6 3
3 2 2 2 4 2 1 2
Балалар 7- ші лақты да құтқарып алдық. Міне лақтарды аман – есен анасына тапсырдық. Қорытынды: Балалар қасқыр сендерге жасыратын жұмбақ есебім бар, сол жұмбақты қай топ дұрыс шешсе сол топқа сыйлығым бар дейді.
І топқа: Пісіп тұрған 7 алмұрт Қызығатын көрген жұрт. 4 алмұртты бұтақтан Алып жеді Мұратқан Бұтақта қалды неше алмұрт?
ІІ топқа: Балапанын көгалда, Санай алмай тауық жүр 3-еуі жүр жүгіріп, Төртеуі жүр жем тауып Қанша болды балапан, Санап берші балақан.
Бағалау: Олай болса, сендер лақты қалай құтқарғандарыңды лақтың енесі ешкі көріп тұр. Ешкі сендердің еңбектерің үшін сыйлық беріп жіберіпті. Өте жақсы еңбектерің үшін қызыл жалауша, жақсы еңбек жасағандарың үшін көк жалауша, орташа еңбектерің үшін сары жалауша беріп жіберіпті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.