.
.
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу, азайту тәсілдері. 7 санын қосу, азайту тәсілдері.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1352 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.
2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, сабаққа бейімдеу.
Қызығушылығын ояту.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар ?
- Иә, тыңдаймыз.
- Бүгінгі сабағымыз бастан-аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.
Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:
- Лақтарым, шырақтарым ! Шұнақтарым, құлақтарым ! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.
Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.
Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)
- Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.
Қасқыр болды қауіпті.
Лақтарды қамап қойыпты.
Қасқыр үлкен пакет беріп жіберіпті. Ішінде хат бар, неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя береді. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба ?
- Иә, орындаймыз.
ІІ. Дайындық кезеңі.
1 – тапсырма.
Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.
ІІІ. Жаңа сабақ.
2-тапсырма. Математикалық диктант.
Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу.
3-тапсырма.
Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу.
4-тапсырма.
Ойын «Кім тез есептейді ?»
5-тапсырма.
7см, 9см, 3см
6-тапсырма.
Суреттер бойынша теңсіздіктер құрастыру.
7-тапсырма.
Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру.
8-тапсырма.
Математикалық тест.
- Міне лақтарды аман-есен анасына тапсырдық.
ІV. Бекіту.
- Сонымен, 7 тапсырманы орындап, неше лақты құтқардық ?
- 7 лақты.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.