Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
7 санына көбейту және бөлу -

7 санына көбейту және бөлу

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1640 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. Есептер шығарту. 7 саны туралы ұғым беру. Таза,ұқыпты жазуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты плакаттар,киіз үйдің макеті,суреттер,кеспе қағаздар.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
ІІ Өткен сабақты қайталау
6 санына көбейту және бөлуді ауызша сұрау
ІІІ Жаңа сабақ

Ж Е Т І
7 2 9 1
санына көбейту және бөлу
Балаларға кеспе есептерді беріп тақырыпты ашу.
Жарайсыңдар балалар бүгін біз 7 санына көбейту және бөлуді өтеміз.7 саны киелі сан,тақтаға қарайық:

7 ата: әке,бала,немере,шөбере,немене,жекжат,туажат
7 күн:Дүйсенбі,сейсенбі.сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі
Қазақта 7 күнді былай атаған: Бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күні,қасиетті күн,соңғы күн,азына.

Балалар бүгін біз есеп шығару арқылы қымызхана ашамыз. 1-ші есепке тақтаға қараймыз:
(тақтадағы есеп арқылы түсіндіру)
7*7=7*6+7 7*7=49 49:7=7
8*7=8*6+8 8*7=56 56:7=8
9*7=9*6+9 9*7=63 63:7=9
Көбейту және бөлудің компоненттерін атату
Балалар қазір бізде 7соттық жер бар
Енді біз киіз үй бөліктерін құрастырып қымызхана ашамыз
Киіз үй неше бөліктен тұрады? (кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық)

Қазір біз №2 есепті шығару арқылы кереге мен уығын жинаймыз.

а )шарты: Әкелінді-63тері
Әрқайсысына-7 тері
Тігілді-7тон
Сұрағы:Қалды-?
Шешуі:63-(7*7)=14
Жауабы:Қалғаны 14 тері
ә)шарты:Жұмсалды-2тері
Тігілді-7 құлақшын ?
Қалды-12
Шешуі:(2*7)+12=26
Жауабы:Барлығы 26 тері

Сергіту сәті: Оңға-оңға түзу тұр,
Солға –солға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары –төмен қарайық,
Орнымызды табайық!

№3
8*7=56
56:7=8
56:8=7
7*8=56

Балалар енді біз киіз үйді безендіруіміз керек

керегенің сырты
9*7=63
63:7=9
63:9=7
7*9=63

Уықтың сырты
7*7=49
49:7=7
49:7=7
7*7=49

сықырлауық : 70*7 =490 80*7=560
7*70=490 7*80=560
490:7= 70 560:7=80

Балалар біз киіз үйді құрадық, бізге қымыз құятын ыдыстар қажет. Қане балалар атсалысайық.
№4

Торсық(қымыз құятын ыдыс)
56:7=8 Шөміш 56:8=7
8*7=56 7*8=56
№6

7+21:7=10
(7+21):7=4

210:7+180=210
(22+8)*7-10=200

7*6+29=71
45+5*7=80

Балалар қымызханамызды ашсақ болады.оның жазуын ілейік. Ол үшін №7 есепті шығаруымыз керек.
24*1=24 4*6=24
3*8 =24 6*4=24
8*3=24 12*2=24

Сабақты қорыту: Жарайсыңдар балалар! Енді қымызхананың бастығын таңдап алайық. Ол үшін «Кім жүйрік» ойынын ойнайық. Кім жүйріктік танытса,сол басқаратын болады. (Жүйрік алқасын тағу)
Үйге тапсырма №5
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.