.
.
Математика пәні 18.11 2013 7 санының құрамы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1914 | Размер: | Автор: balaseriСабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру.
1. Білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлері,суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2.Өткен тақырыпты еске түсіру.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады?
-Ендеше біз бүгін жеміс бағына барып жеміс терейік?
Жеміс бағына бармас бұрын Айқын, «Күз береке» туралы тақпағын айтып берсін.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
-Жақсы балалар,енді талдағы алмаларды жинайық.Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. 5+1 =6 Қосудың компонентін ата:
2. 6-1=5 Азайтудың компонентін ата:
3. 0 ден 7 ге дейін өсу ретімен сана.
4. 7 ден бастап кему ретімен сана.
5. 6 санының құрамын ата:
6. Санамақ айтып бер.
7 7 саны неге ұқсайды?
3.Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып есептеледі.
7 ата
7 күн 7 қазына
7 шелпек
Кемпірқосақтың түсі
7 керемет
Жаңа сабақ:
Кассадағы суреттерді пайдаланып 7 санының құрамымен таныстыру.
-Алмұрт нешеу?
-Біреуін не істедім?
-Нешеуі сары?
-Нешеуі жасыл?
-Нешеуі үлкен ?
-Нешеуі кіші?
Интер тақтаны пайдаланып оқулықтағы 1 тапсырманы түсіндіру.
1. Теңдіктер құру.Оларды оқу.
Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдерме?
Ендеше балалар ертегілер еліне саяхатқа барайық «Бауырсақ» ертегісі: Ертеде шал мен кемпір болыпты, шал кемпіріне бауырсақ пісіріп берші деді.
-Балалар бауырсақтың суретіне қарайықшы.
Бауырсақ қандай пішіннен тұрады (дөңгелек, шеңбер)
-Дұрыс балалар. Бауырсақты суыту үшін терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді, домалап келе жатса алдынан қоян шығады, Қоян бауырсақты жегісі келеді. Қане балалар бауырсақты қояннан құтқарып алайық!
Тапсырманы орындасақ қоян бауырсақты жемейді.
Оқулықпен жұмыс.
Қоянның тапсырмасы.
2. Кесіндінің ұзындығын өлше.Салыстыр.
-Өте жақсы балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алдық.
-Бауысақ орманда домалап келе жатса алдынан не шығады?
-Қасқыр.
-Балалар қасқырға бауырсақты жегіземіз бе ? Ендеше тапсырманы орындайық.
Қасқырдың тапсырмасы.
3. Қалып қойған сандарды ата.
-Бауысақ орманда домалап келе жатса алдынан не шығады?
-Түлкі.
Түлкінің тапсырмасы.
4.Дәптермен жұмыс.
7 санын әдемі етіп жазу.
7 санының құрамын жазу.
Теңдіктер құру.
-Бауысақ орманда домалап келе жатса алдынан не шығады?
-Аю.
-Балалар аюға бауырсақты жегіземіз бе ? Ендеше тапсырманы орындайық.
Аюдың тапсырмасы
ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС.
5+2 7-2 7-5
4+3 7-3 7-4
0+7 7-7 7-0
-Бауырсақты үйіне жеткізуге үшін оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.
Балалар сендер жақсы сабаққа қатысу арқылы бауырсақты құтқардыңдар.
Оқулықтағы тапқырлыққа берілген тапсырма
Сабақты қорытындылау./7 санының құрамын айтып бәйтерек суретін құрастырды/
Бағалау./7 қазына элементтері/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.