Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
9 санын қосу және азайту. -

9 санын қосу және азайту.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1271 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:
Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс
Сабақ көрнекілігі: жолақшалар,оқулық,кесте

Сабақ барысы:
Алғашқы ұйымдастыру.
1-кезең.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
. Психологиялық сәт.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "9 санын қосу және азайту ".Біз тоғыз өткелден
өтіп,білімізді көрсетейік.

2.Операциялық-орындаушылық кезең.
1 - өткел. " Қайталау - білім анасы".
№ 3.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.Түсіндіре отырып орындату.
. Ауызша шығару.
8+8 7+7 6+6 8+6
9+8 8+7 7+6 9+6

2 - өткел. "Білімді өрге жүзеді"
. Жаңа білім
(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде
қолданамыз.Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді.Бір жолақша және сегіз жеке шаршы - бір ондық және сегіз бірлікті,яғни он сегіз санын білдіреді.)

9+9 = 18 18-9 = 9
(9+1)+8 = 18 (18-9)-1 = 9

3 - өткел. "Білгің келсе,тауып көр".
№1.Өрнекті жаз және мәнін тап.
(9+1)+8 = 18
(18-8)-1 = 9

4 - өткел. "Қасиетті ұғымдар"
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.9 саныныңқасиетіне тоқталсақ,ана
құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі.Бұл сан адамныңғұмырында
пайдаболып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.9 өмірге адамды әкеледі.Ол үш үштіктен құралған.Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған,олардың салт-
дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз
шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.)

5-өткел. "Мағынаны таныту"
№2.
Марғұлан - 10 к.
Арман - сонша
Барлығы - ?
Шешуі:10+10 = 20
Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.

6-өткел. "Ойлана біл!"
№3.
Бар еді - 9
Сыйлады - 9
Қалды - ?
Шешуі: 9-9 = 0
Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.

Сергіту сәті
Бір - иілеміз,шалқайамыз,
Екі - алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол созамыз.
Бес,алты дегенде
Орнымызға отырамыз.

7-өткел. "Бірлік бар жерде ,тірлік бар" - жұптық жұмыс
№4
Сатып алды - 20 және тағы сонша
Берді - 50 тг.
Алуы керек - ?
Шешуі: 50-(20+20) = 10
Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.

8-өткел. "Ойлан,тап" - өз бетінше жұмыс.
№6
7+6 =13 13-6 = 7
17+6=23 23-6 = 17
27+6=33 33-6 = 27
37+6 = 43 43-6 = 37
47+6 = 53 53-6 = 47
57+6= 63 63-6 =57
67+6 = 73 73-6= 67
77+6 =83 83-6 = 77
87+6 = 93 93-6 = 87

9-өткел. "Сөз құрастыр" ойыны
14-9 12-6 13-5 6+5 7+5 8+5 9+7
5 6 7 11 12 13 16
Қ О Қ И Қ А З

3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
- Міне,біз де барлықөткелден өтіп,берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
- Біз бүгін сабақта немен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

4.Үйге тапсырма. №5.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.