Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аққала- ақбала М.Мақатаев. -

Аққала- ақбала М.Мақатаев.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1562 | Размер: | Автор: Нартай4540
. БҚО Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ЖОББМ
Мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы
Сыныбы: 3б

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: Аққала- ақбала М.Мақатаев.
Мақсаты: а) Оқушылардың таным мүмкіндігін кеңейту, өлеңнің мазмұнын ашу.
ә) Түсінік бере отырып сөздік қорын молайту
б)Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: жаңа білім
Әдісі: сыни тұрғыда ойлау
Көрнекілігі: Интерактивті тақтаға жазылған сөздер, мазмұнды суреттер, слайд.

Күтілетін нәтиже: Өлеңнің мазмұнын аша алады
топта, жұпта жұмыс жасайды өз ойын еркін айта алады

Сабақтың барысы
-Психологиялық дайындық
-Шаттық шеңбері «Қар лақтыру »ойыны
- Бұл ойын жылдың қай мезгілінде ойналады?
Қыс айларын атайық?
Топқа бөлу
І топ «желтоқсан»
ІІ топ «Қаңтар»
ІІІ топ «Ақпан»
Жұмбақ Шанамен зырлап желетін
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Қыста қардан не жасап ойнаймыз?
-Аққала
-Бүгінгі сабағымызМ. Мақатаев «Аққала- ақ бала»

Мағынаны тану
-М.Мақатаев туралы мәліметпен таныстыру.
-Мәнерлеп тізбектеп оқу.
-Сөздікпен жұмыс.

Дамытушы сұрақтар:
Өлең қай мезгіл туралы айтылған?
-Ақын өлеңді қандай көңіл күйде хабарлайды?
- Өлеңде ақын нені сағынады?
-Өлеңде ақын балаға қандай тілек айтады?
-Ақбала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?

Өлең шумағына байланысты мақал шығарайық
.........
Баланың әрбір қадамы, Әрбір күніңнің көңілді өткені
Ананың көз қуанышы. Денсаулығыңа көңіл бөлгені.

Топтық жұмыс.
Зерделеу:
І топ Қыстың көңілді күніне әңгіме жазу
Іздену:.
ІІ топ Сурет бойынша ертегі жаз.
Суреттеу:
ІІІ топ «Қыс келбеті тамаша»қима суреттер.

Әр топ мүшелері ұсыныс, пікірлерін білдіреді.

Ой толғаныс РАФТ
Рол: өз атыңнан
Аймақ: сынып
Форма: хат
Тақырыбы: «Қар»

Бағалау. Рефлексия
-Қаншалықты білім алдым деп ойлайсың?
Бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды
8-9-«5»
7-6-«4»
5-4-«3»
3-2-«2»

Үйге тапсырма: Өз таңдаулары бойынша
Өлеңді жатқа айту.
Ұнаған жерін жаттау.
Мәнерлеп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.