.
.
Шығыс Қазақстан облысы Ағаштың сыры.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2111 | Размер: | Автор: Нартай4540Аягөз қаласы
«К.Бозтаев атындағы қазақ орта мектебі»КММ
Бастауыш пнінің мұғалімі
Касаинова Салтанат Каирбековна
Сабақтың тақырыбы: Ағаштың сыры.
Мақсаты:1. оқушыларға табиғаттың тылсым бөлігі «ағаштар» жайлы мәліметтер беру; адам өмірі үшін ағаштың маңыздылығын түсіндіру; ағаш маңызды табиғи байлық екенін ұғындыру.
2.Ақыл-ойын, зейінің, сөздік қорын дамыту.
3.Табиғатты сүюге, адамгершілікке, маңызды ресурстарды қалпына
келтіруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: табиғат суреттері, нақыл сөздер, аудио касета, талдың діңгегі, қара топырақ.Нақыл создер: «Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі шүберек », «Ағаш ексең аялап, Басына болар саябақ», «Бір тал кессең, Он тал ек».
І.Ұйымдастыру
Мұғалімнің сөзі:
І.Таныстыру . (Әр топ өздерін таныстырады)
ІІ.Сұрақ-жауап
1.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш? (Эвкалипт) Биіктігі 140-150 м
2.Дүниежүзіндігі ең жуан ағаш? (Баобаб)Диаметірі 4-12м
3.Өсімдік топтарын ата? (Ағаш, бұта , шөп)
4. Жапырақ неге сарғаяды? (Күн саулесі аз түскеннен )
5.Біздің Аягөзде қандай ағаштар өседі?(Шырша, емен, қарағай, қайың, терек)
6.Ағаштардың қандай пайдасы бар?(Көмірқышқылгазын сіңіріп оттегін бөледі)
7.Ағаштардан жасалған заттарды ата? (Тостаған, керісін, ожау)
8.Қызыл кітабы не үшін керек? (Қызыл түс )
9.Дүниеде ең биік шөп? (Бамбук)Жас бамбук күніне жарты м өседі.Ол 40 күннен кеиін өледі.
10.Мәңгі жасыл ағаш? (Шырша)
11.Қағаз қандай өсімдіктен алынады? (Шырша, көктерек)
12.Майды қандай өсімдіктерден алуға болады? (Күнбағыс,зығыр,мақта)
13)Ешкімнен қорықпайды, бірақ қалтырайды? (Терек)
14) Қандай өсімдіктердің жемісі бетті ағартады және ажарландырады? (Бүлдірген)
ІІІ-көрініс
ІV-«Кім көп біледі ?» мақал-мәтелдер сайысы.
V-Жұмбақ жасыру:
1)Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (Тау)
2)Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)
3)Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен (Су)
4)Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып
Құстар жүрген сайрап,
Өсіп тұрған бұл не?
5)Қара ұңгірде қара тас,
Жаңғанда бет қаратпас. (Көмір)
6)Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып, көзді ілмей жатамын. (Жұлдыз)
7)Ақ шапанды үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен қар)
8)Дауылға нық күшті,
Ағаштың мықтысы? (Қарағай)
9).Мәңгі жасыл ағаш? (Шырша)
10.Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралды (Алма ағашы )
Қорытынды:Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді, мөлдір бұлақтарды, сайраған құстарды, жан-жануарларды қорғаңдар!Жер- сенің аяулы бесігің.Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ.Сондықтан да сен өз туған жеріңді, оның табиғатын қорғай біл.
Бағалау парағы.
Топтың аты 1.Таныстыру 2.Сұрақ-жауап 3.Көрініс 4.Мақал-мәтел 5.Жұмбақ
Аққайыңдар
Шыршалар
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.