.
.
Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы, Аңдардың жазғы тіршілігі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1566 | Размер: | Автор: Нартай4540М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты, I ші (ілгері) деңгейлі,бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темировна
Сабақтың тақырыбы: Аңдардың жазғы тіршілігі
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат жайлы түсінігін кеңейту. Аңдардың өмірін жазғы
тіршілігін ортаға салу. Аңдардың пайдасын түсіндіру.
2. Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетін, белсендлігін
дамыту. Аңдар өмірінің беймәлім тұстарынан мәлімет беру. Жыл
мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес тіршіліктің де әр түрлі болатынын
дәлелдеу.
3. Табиғатты сүюге аң-құстарға қамқорлық болуға , мейірімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, аңдардың және олардың төлдерінің суреттері.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау:
-Балалар , біздер 2 тоқсаннан бері жануарлар дүниесімен таныстыру. Олай болса, айта қояйықшы жануарлар дүниесі қандай түрлерге бөлінеді?
сүтқоректілер жорғалаушылар
аңдар, малдар
Құстар бунақденелілер
үй жабайы балықтар
құстары құстар
-Біз енді балалар үйге берілген тапсырма бойынша әңгіме кестесін құрайық.
1. Жануарлардың бұл түрлері неге бунақденелілер деп аталған?
- Өйткені бұл жәндіктер өте ұсақ болғандықтан және денелері бунақталып келетіндіктен бунақденелері деп аталады?
- Бунақденелер қыста қалай қыста шығады? Қалай көбейеді?
Бунақденелері қыста топырақтың арасына тығылып немесе жапыраққа оранып қыстап шығады. Көктемде жұмыртқа салады, жұмыртқадан дернәсіл шығады№
- Олар қандай болады? (Зиянды, зиянсыз)
- Зиянсыз түрлерін кім атайды?
- Зиянды түрлерін кім атайды?
- Үйге берілген екінші тапсырма кім осы жәндіктердің қай түрінің суретін салып келді? (тексеру)
ІІ. Жаңа сабақ
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
- Балалар, өздерің білетін аңдардың аттарын жазыңдаршы, кәне.
А) Кірпі - түлкі- қасқыр- аю- арқар-
-Кім осы аңдар туралы не біледі екен? Қане айтайық.
Б) Тақтадан суреттерді шығара отырып толықтырып кету.
«Сұрақ қою» стратегиясы.
1. Көктемде қысқы ұйқыдан ерте оянатын жануарларды атаңдаршы?
2. Олардың ұйқыдан оянуына не себе болады?(Күнннің , ауа райының жылынуы?)
3. Көктемнің аяғына қарай оянатын жануарларды атаңдаршы?
4. Қыста ұйқыдан оянып , қайтадан ұйқыға кететін қандай жануарларды білесіңдер?
5. Ұйқыда жатып ақ балалайтын қандай жануар?
6. Жабайы аңдар деп неге атаймыз?
Инсерт стратегиясы:
Білемін Білдім Білгім келеді
Жабайы аңдар далада , табиғатта өз бетімен тіршілік етеді. Тауда, далада , орманда жануарлар өмір сүріп , ұрпақ өргізіп , көбейеді. Аңдардың жазғы тіршілігі.
«Мағына тану» сатысы.
Осыған байланысты біздің оқулығымызда аңдардың жазғы тіршілігінің көрнісі берілген. Біз бұл көрністер арқылы аңдар тіршілігімен таныс боламыз.
Біздерге бұл жануар яғни аңдардың балаларының қалай аталатынын берілген екен, сонымен танысайық.
(Сурет арқылы тақтадан көрсету.)
Аю-қонжық, елік- лақ, арқар-қозақа , бұғы мен бұлан-бұзауқа, түлкі-күшік, қоян-көжек,
Мысық-марғау, барыс-мәулен, қасқыр-бөлтірік дейді екен.
Енді мына сурет арқылы жылдың қай мезгілін көріп тұрмыз?
- Жаз. Айнала көк орай шалғын, ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндікке толы кезең.
Қоян, тышқан, Өсімдіктермен: бүлдірген, бал т.б.
құс.
Жыртқыш аң
жемтіктері:түлкі,
қоян, басқада әлсіз,
ауру жануарлар.
Ұсақ бунақденелілермен Өсімдіктер, олардың түрлері өсіп піседі.
(көбелек, құрт –құмырсқа) (Өсімдіктердің көбейюіне байланысты
бунақденелілерде көбейеді)
Сергіту сәті:
Біз түлкіміз, түлкіміз. Балпақ –балпақ басамыз,
Сыңғар қаққан күлкіміз Алты қырдан асамыз.
Ха-ха, ха-ха-ха. Аю деген аңбыз
Ей, түлкіжан мақтанба Аңшы көрсе қашамыз.
Сиқырланып шаттанба
Күшіңді сенің көрейін
Қасқыр келе жатқанда.
ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы. Болжау стратегиямсы.
Жан-жануарлардың тіршілі-гіне байланысты не білеміз? Қандай дәлел бар? Не қызықтырады?
Ауа-райын болжау Амалдар Жануарлар туралы қызықты мәліметтер.
Табиғатты болжау Жануарлар дүниесінің тіршілігі арқыла
Амалдар: «Құс қанаты», «Қызыр қамшысы», «Тасбақа дауылы», «Тобылғы бүршіктер»,
«Қызыл жұмыртқа», «Құралайдың салқыны», «Итбалықтың кіндік кесері»,
Жануарлар дүниесінің тіршілігі арқылы:
1) Өрмекші өрмегін асыға тоқыса,
Күн жылы болады.
2) Кешке шегірткелер қоймай шырылдаса,
Ертеңгі күн ашық болады.
3) Қарлығаш төмен ұшса ,
Жаңбыр жауады.
Жануарлар туралы қызықты мәліметтер:
1. Құмырсқа 7 жыл , тырна 40жыл , бұлбұл45жыл өмір сүреді.
2. Сары сілеусін , егін жаулары – суыр, тышқандардың 2000-ын бір жазға жейді.
3. Қоян терлемейді , оның бойындағы артық жылуды , ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығарылады.
4. Қасқыр табанына кірген шөгірді тісімен алады, егер ауырса, өзіне-өзі аштық жариялап, шөптермен емдейді екен.
5. Түлкінің құйрығының жоғарғы жағында әтір сияқты хош иіс бөлетін ойық болады екен. Оның себебін ғалымдар әлі анықтай алмауда.
2 . Үйге : Жануарлар тіршілігі туралы 2-3 сөйлемнен тұратын эссе жазу.
3. «Ой қорыту» стратегиясы. («2030-барыс» суретін шығару.)
-Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасында Қазақстанның символы ретінде барысты алып, Қазақстан 2030 жылдары Орта Азия барысына айналып, біздің мемлекетіміз ең ірі алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.
Осыдағы бейнеленген барыстай алғыр да, шапшаң, айбатты да қайратты болып,алға қалайда білімді де білгір, сұлуын аққуға , әншісін бұлбұлға , ер жігітін қыранға теңейтін, қарға баласын «апағым», кірпі баласын «жұмсағым» дер деп айтар халқымыздың , қазақстан елінің мықты болашағы болар ұрпағы болайық оқушылыр!
Бағалау.
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Аңдардың жазғы тіршілігі
Өткізген: Мусина.А.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.