.
.
№152 мектеп - гимназия Ақиық ақын-Мұқағали!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5059 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Ақиық ақын-Мұқағали!
Сынып жетекші: Мұхамадиева Ботакөз
Ермеқбайқызы
4 «Г» сынып
Алматы - 2015
Тақырыбы: Ақиық ақын-Мұқағали!
Мақсаты : 1. Мұқағали өлеңдерінің құдіреттілігін таныту.
2.Поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3.Ақиық ақын Мұқағали жырларынан сусындатып ,ақынға
деген құрметті қалыптастыру.
Көрнектілігі: ақын туралы естеліктер , кітаптар, ақын суреті, интербелсенді тақтада слайд.
Өтілу әдісі : шағын әдеби - монтаж , өлеңдер оқу, сахналық көрініс.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
1.Сыныпты ұйымдастыру.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар ! Біз бүгін сіздермен Ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтің туғанына 84 жыл толуына байланысты
«М. Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты ашық тәрбие
сағатында отырмыз.
Қарасаз , Қара шалғын өлеңде өстім.
Жақсы жыр жазсам , халқым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген
биіктік әкелген ақын . Кәусәр сезім мен тояттамас көңіл ,
шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат , буырқанған
шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Ұлы
ақын М . Мақатаевтың туғанына биыл 84 жыл толып отыр.
Ендеше бүгін тәрбие сағатымыз атынан танылып тұрғандай,
Хан тәңірінің мұзбалағы атанып , өлең өлкесінде шамасына
Шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын М . Мақатаевқа арналмақшы.
Сөз кезегінде ақынның өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік
(слайд көрсетіледі)
Сәнді:
М. Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында Қарасаз
деген ауылда 1931 жылы дүниеге келген. Анасы Нағиман Батанқызы
және әкесі Сүлеймен Мұқағали , Тоқтарбай , Көрпеш есімді үш ұл
тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары . Мұқағалидің 10 жасында
әкесі майданға аттанады . Он жасар болашақ ақын майданға кеткен
әкесін аңсап арнаған өлеңін Аружан оқиды:
Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен ,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен
Мінеки көп ай болды хабары жоқ
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді ,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді
Мінеки , көп ай болды хабар жоқ
Біз дағы әкемізге зармыз енді.
Қуаныш:
Әже баласы болған соң анасы Нақа деп атаған . Анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектептегі интернатта оқып бітіреді .
Оқушылар кезекпен Ана туралы өлеңдер оқиды.
Руслан:
1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы .
Еңбек еткен жылдары : 1948 жылы Алматыда шет тілдер
Институтында оқып жүріп отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан,
Оқуды еріксіз тастап , ауылға оралады . М . Мақатаев Киров
Атындағы колхозда кеңес хатшысы болып жұмыс істейді .
Оқушылар кезекпен омір туралы олең оқиды.
Бақытжан:
Ол өте көп керемет өлеңдер жазған. Жастардың елді
Табиғатты сүюге үйретеді . Оның өлең - жырлары : «Отан»
«поэзия» «жас қайың» «аққулар ұйықтағанда» көптеген шығармалары бар
Мұкағали - халқын , ана тілін , Отанын қадыр тұтқан азамат
Ақын. Ол «Үш бақытым» атты өлеңінде кеиінгі жас буынды
Халқын, тілін, туған жерін шексіз сүюге шақырады.
Оқушылар кезекпен Отан , табиғат, тіл туралы өлеңдерін оқиды.
Оқушылар хормен Мұқағалидың әнін орындады.
Ақбота:
Мұқағалидің да аяғын көп шалдырғаны рас. « Артына өлмейтұғын сөз қалдырғаны да ақиқат» . Қазір ол ең көп оқылатын ақын . Мұқағали мұрасы мәңгілік . Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.
Абай сөзімен айтқанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Мұғалім:
«Таудан алыстаған сайын оның биіктігі айқындала түседі» демекші , күн де өткен сайын Мұқағали ағамыздың ұлы тұлғасы шыңдала түспек !
Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай шарықтасын аспанда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспанға!
«Батырды – батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.
Ұрпағы бар кезде ақын тойы жыл сайын тойланбақ!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.