Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала» -

Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5479 | Размер: | Автор: balaseri
. Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алпанова Ақкүмистің 3 «ә»сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы:Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Сабақтың мақсаты:Шығарманың тақырыбын ашу,талдау жұмыстарын жүргізу,мазмұнын меңгерту.
Білімділігі:Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып,оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары мен жазба тілдерін дамыту .
Тәрбиелілігі:Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін, табиғатты сүюге,оны қорғай білуге үйрету.Экологиялық мәдениетті қалыптпстыру.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.
4. Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)
2-модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу)
3-модуль-Бағалау,
4-модуль-АКТ пайдалану,
7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпенқатысып отыру)
Қадамдар:
1.Үй тапсырмасын тексеру
2.интерактивті тақтамен жұмыс
3.Топпен жұмыс
4.Кері байланыс
5. бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
I.Ұйымдастыру
1.Психологиялық икем
2. Топқа бөлу
3.Оқушының зейінін сабаққа аудару
4.Мәтінді тарату
5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті: 1.Ережеге бағыну 2.тапсырмалар орындау 3.бағалау
II.Үй тапсырмысын тексеру
1-тапсырма.Модуль Диалогтық оқыту
1-топҚұстар туралы мақал-мәтел жазу
2-топ Құстар туралы жұмбақ жасыру
3-топ Құстардың дыбыстауы, үні
«Қамқорлық»әңгімесінің мазмұнын айту.
2-тапсырма Модуль АКТ
-Балалар, бұрын өткен сабақтарымызда «Бетпақдала»деген сөзді естігендеріңіз бар ма?
«Ақсақ киік» өлеңінен үзінді айтқызу.
3-тапсырмаЖаңа сабақтың мазмұнын ашу. Аңыз - ертегініңавторымен таныстыру.
Ақселеу Сейдімбек Сланұлы (1942-2009) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ,жазушы.Алғашқы әңгімелер жинағы- «Ақиық.»ҚРМ-тік сыйлығының иегері.
Ой қозғау. СТО әдісі INSERТ Мәтінмен жұмыс.
«v»-білемін, «+»-жаңалық, «?»-түсіндіріңіз.Мәтінді оқып болған соң оқушылардың түртіп алу жүйесі бойынша жұмыстарын ортаға салу.Сөздік жұмысын жүргізу.
Нәубәт-апат
Бөрі –қасқыр
Бөлтірік-қасқырдың баласы
Шым-шөп
Құрық-мал қайыратын құрал
Рөлге бөліп оқыту,сахналық көрініс

4-тапсырма
Топпен жұмыс.Мәтінмен өз беттерінше жұмыс істеу
1-топқұстардың аттарын , түрлерін жазу.
2-топтышқандардың түрлерін жазу.
3-топ мақал-мәтелдерді жазу.
Ойтолғаныс
1.Топтастыру
Кек тұтқыш кінәмшіл
ашушаң Хан ақылсыз
қарияны тыңдамайды мазасыз
2.Синкуэйн (5 жолды өлең) құрастыру
1. Не-? Бетпаақдала
2.Қандай-? Жері күйгін,шөбі қалаң,малы семіз.
3.Не істеді-? Шөбін,жусанын жұлды,өртеді
4.Не үшін-? Аяғына кірген үшін, тышқандар маза бермегендері үшін көбейді.
5.Жалпы ойды түйіндеу.Бетпақдала туралы өлең мықты.
3.Венн диаграммасы
1-топБұрынғы бетпақдала
2-топҚазіргі бетпақдала
3-топОртақ белгілері

Шөбі қалың,малы семіз дала аттары бірдей шөп,дала
Жері күйгін,ауасы таза табиғат Қ-да орналасқан тақыр,жарылған
Үй тапсырмасын беру.Туған жер туралы шығарма жазу
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не өттік? Не үйрендік? Не білдік?
Табиғаттағы тіршілік әлемі бір-бірімен байланысты сондықтан табиғатты қорғау керек.
«Табиғат- менің өз үйім»деп бекер айтылмаған.

Мұғалім ойы

Тренер жазбалары

1.Психологиялық икем.
2.Диалогтық оқыту әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру,мадақтау.
3.Қызығушылықты ояту мақсатында СТО технологиясының миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар берілді.Өткен сабақтан (Ақсақ киік) өлеңінен үзінді айтқызу.
Жаңа сабақтың авторымен таныстыру АКТ-ны пайдалану.Мәтінді оқыту арқылы INSERT түртіп алу жүйесі бойынша сөздік жұмысын жүргізу.Мәтін ішінен құстардың аттары,тышқандардың түрлері және мақал-мәтелдерді топпен орындау.
4.Рөлге бөліп, сахналық көрініс көрсету.Оқушылар өте жақсы деңгейде өз сөздерімен айтып көрсете алды.
5.Синкуэн (5 жолды өлең құрастыру)
6.Венн диаграммасы бойынша
7.Топтастыру жұмыстарын топ бойынша орындағанда сынып лидерлері анықталды.
8.Сабақты қортындылау мақсатында бөлім бойынша тест тапсырмасын алу.
Топ басшыларының бағалауын тыңдау, мадақтау.Смайликтерге стикер жапсыру.
Сабақ барысында оқушылар:
1Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4.Қорытынды шығарады,өз пікірін дәлелдейді.
5.Топ алдына шығып, өз ойын айта білді,қорғай білді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.