.
.
Қарағанды облысы, Ақша қар (2 сынып)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2159 | Размер: | Автор: Нартай4540Шет ауданы,
Бұрма ауылы,
Бұрма орта мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі
Шатекова Қарлығаш Тулеукулкызы
Тақырыбы: Ақша қар (2 сынып)
Мақсаты: Оқушыларды З.Шүкіровтың «Ақшақар» өлеңімен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашуға, өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіруге төселдіру. Өлеңді мәнерлеп, түсініп дұрыс оқуға және нақышына сай ырғақпен оқуға машықтандыру. Сөздік қорын байыту, тілін, білімін, сөйлеу мәдениетін және ой-өрісін дамыта түсу. Әсемдікті сезіне білуге баулу арқылы табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ақын портреті, қар суреттері, слайдтар, қанатты сөздер, оқушы шығармашылығы(суреттер), оқулық
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау(сұрақ-жауап), деңгейлік оқыту
Түрі: кіріктірілген сабақ(музыка, еңбек, дүниетану)
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық икем.
- Балалар, біз жақында ған оқып, танысқан Дихан Әбілевтің өлеңі қалай аталады?
- Туған тілім.
- Ақынның туған тілім деп тұрған тілі қай тіл?
- Қазақ тілі.
- Оны тағы қалай атауға болады?
- Ана тілі.
- Балалар, осы өлеңдегі туған тілім тіркесінің орнына ана тілім тіркесін қойып оқып көрейік.
Ана тілім – бабам тілі - өз тілім!
Ана тілім – анам тілі - өз тілім!
Ана тілім – далам тілі - өз тілім!
Ана тілім – адам тілі - өз тілім!
Ана тілде сыры терең жаным бар,
Ана тілде әнім менен сәнім бар.
Ана тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
- Міне, ақындарымыз жырға қосып жырлаған ана тіліміз осындай! Бүгінгі ана тілі сабағына әзірлігіміз қалай?(оқу құралдарын ретке келтіру, кезекші мәліметін тыңдау, дұрыс отыру ережесін еске түсіру)
- Балалар, біз өздеріңмен қай тарауды бастап, оқып жүрміз?
- Қыста талай қызық бар.
- Қыс қандай мезгіл?(балалар салған суреттерді қарастыру)
- Мына суреттерде құстар көрінбейді ғой, олар қайда кеткен?
- Қыстап қалатын қай құстар?(қарға, сауысқан, көгершін, торғай)
- Балалар, сондай-ақ, қыста тіпті балапан да қыстап қалатын көрінеді, ол туралы кімнің әңгімесінен білдік?
- Мағжан Жұмабаев.
- Ол кім? Қайда туған?
- «Балапан қанат қақты» әңгімесін кім айтып береді?(1 балаға мазмұнын айтқызу)
- Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?(жауптар тыңдалады)
- Балалар, бұл әңгіме аяқталмай қалған. Сендер өз беттеріңше аяқтап көрдіңдер ме? Кәне, Нұрболат сен қалай аяқтар едің? (2 баладан сұрау - Аружан, Айдын)
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, әңгіме қайғылы аяқталуы мүмкін бе? Осылай аяқталғанын қалар ма едіңдер?
- Олай болса, қыстап қалған құстарға өз көмектеріңді аямаңдар. Қамқор болыңдар, әйтпесе олардың да балапанның күйін кешуі мүмкін.
ІІ. Жаңа сабақ кезеңі.
1. Жаңа сабаққа кіріспе.
- Балалар, ал енді біз сендермен жаңылтпаш айтып көрсек қайтеді, оқулықтың 93 бетіндегі жаңылтпашты оқып айтайық.
1. Бұл қар –
Сұр қар.
Сұр қар –
Кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
2. Қырбық құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
- Балалар, осы екі жаңылтпашқа ортақ белгі не?
- Қар.
- Дұрыс, қардың қандай түрі болатынын білдіңдер ме? Олай болса, қазір әр қатардың оқушылары топтасып жұмыс жасайды. Мына кестені кім тез, әрі дұрыс толытырады екен? Көп нүктенің орнына қардың түрлерін ғана жазу керек.
3. Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
- Балалар, тағы қандай қар болатынын білгілерің келе ме? Онда белгілі ақын Зейнолла Шүкіровтың өлеңімен танысамыз. Ол өлеңнің аты мына жұмбақта жасырылған, шешуі қалай, кәні, кім табады?
- Ақша қар.
- Дұрыс, балалар, ақшақар.
4. Ақынның шығармашылығы, өмір жолы қысқаша шолу жасау, портретін көрсету.
Зейнолла Анафияұлы Шүкіров
1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Бастауыш білім алған соң қатты ауырады. Айлар, тіпті жылдар бойы төсектен тұрмай өз өмірін ауруханада өткізуге мәжбүр болады. Бірақ ауруға мойынсынбайды. Өмір жолы(1927–1970).
«Менің достарым», «Теңіз әндері» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) өлеңдер жинағын жазып, басып шығарған.
Зейнолла ақын өлеңдермен қатар әңгімелер де жазған екен. Ол әңгімелерінің арасында балаларға арналғандары да кездеседі.
5. Оқулықпен жұмыс.
А) Мұғалімнің оқуы.
Ә) Оқушылардың топтасып оқуы.
Б) Оқушылардың жеке-жеке оқуы.
6. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, ақын ақша қарды неге теңеген ?
- Дұрыс, олай болса осы, теңеу сөздерді дәптерімізге жазып алайық.
А) Күн ретін жазғызу, көркем сөздерді теріп жазғызу.
Ә) Дауыстап оқыту.
7. Сергіту сәті. «Зырлайды шанамыз» әнін музыка пәні мұғалімі Хуандах Серхгүлдің сүйемелдеуімен орындалады.
8. Ребус шешу. Жаздың бір күні-
Қыстың мың күнін асырайды.
- Қандай мақал шықты?
- Ал, өздерің қысқа байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
9. Балалар, қардың пішіні, көлемі бірдей бола ма? Байқап көрдіңдер ме? Олар қандай болатынын білгілерің келе ме? Онда қолдарыңа қайшы алып мына сиқырлы үшбұрышты қиып көріңдер.
Мұғалім сөзі: - Қар алуан түрлі болады. Қар түрліше жауады. Шалқайып аспанға қарасаң, үзіліп мақта ұлпалары түсіп жатқандай болады. Олар- жапалақ қар. Бұл әуеден түсіп келе жатып, бір-біріне жабысатын қар ұшқындары. Сондай-ақ, бұлардан да қаттылау қар бар,ол қиыршық қар. Маңдайыңа тисе тызылдатып, ауыртады. Ал, жерге қырбақтап жаңа ғана түскен таза қарды көбік қар немесе ақша қар, ел арасында қансонар дейді. Қансонарда аңшылар аңға шығады, ит жүгіртіп, құс салады.
Оқушылар жасаған қар қиықтарын салыстыру.
ІІІ. Қортынды.
1. Сұрақ –жауап:
- Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
- Кімнің өлеңімен таныстық? Ақын туралы не білдіңдер?
- Қардың пайдасы бар ма?
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап алу.
Оқулықтың 94-бетіндегі сурет бойынша мәтіннен үйренген сөздерді қолданып әңгіме құрастырып келу. Қалауы бойынша сурет салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.