.
.
Тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян Аққу, шортан һәм шаян
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1547 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Мысалдың мазмұнын ұғындыру; саналы түсініп оқу арқылы мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру; орыстың керемет мысал жазушысы И. А. Крылов өмірімен творчествосы туралы мағлұмат беру.
А. Байтұрсынов шығармалары туралы білімін толықтыру; оқушылардың жүйелі ойлау, ойлау арқылы ой қорыту қабілетін дамыту; өз бетінше және ұжыммен жұмыс істеу машығын жетілдіру; шығармашылық қиялын шарықтату; ғылымға ынтасын арттыру.
Оқиға желісі арқылы өзін - өзі тәрбиелей білуге баулу; бірліктің тірлікке тигізер пайдасын ұғындыру арқылы ынтымақтаса еңбек етуге тәрбиелеу; ұжымда достыққа тәрбиелеу, саяси , экологиялық тәрбие беру.
Типі: Жаңа тақырыпты меңгерту;
Түрі: сахналандырылған сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру стратегиясы, сөздік, бақылау, бағалау, салыстыру, талдау – жинақтау, сайыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, орыс әдебиеті, математика, сахна өнері, музыка, әдеп, еңбекке баулу, бейнелеу.
Технологиясы: дамыта оқыту технологиялары
Көрнекілігі: сахна, жануарлар бейнесі, мақалдар, портреттер, диаграмма, қосымша әдебиеттер, бағалау кестесі, бағалау белгілері, күйсандық, сызбалар.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Тақырыпқа сай безендірілген сыныпқа қажетті құралдарды түгелдеу.
2. Сабақ мақсатының хабарлануы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: оқушылардың үй тапсырмасын орындау деңгейін жан-жақты тексеру; дайындығына, қатысымына қарай мадақтау және өзін-өзі бағалау.
1. «Көрінбейтін адам» романының үзіндісі.
2. Герберт Уэлс әңгімелеген көрінбейтін адам қасиеттері.
3. Ғажайып сәуле туралы мәлімет.
4. Венн диаграммасы. (Көрінбейтін адам ------ Ғажайып сәуле)
5. Сенде қандай қиял пайда болды?
6. Ғажайып сәуле қолданған адамдарға көзқарасың қандай?
7. Атом бомбасынан зардап шеккен елдер туралы мәлімет.
8. Сұрақ – жауап.
- Полигон не үшін керек?
- Семей полигоны туралы не білеміз?
- Нейтронның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы не білеміз?
«Невада - Семей» қозғалысы бірлестігі.
1. 1989 жылы «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігі құрылды.
2. Жетекшісі – Олжас Сүлейменов.
3. «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігінің мақсаты туралы.
4. «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігінің жетістігі:
Қорытынды: бұл жетістік тек бірлесе қимылдағанда, халық бірлігінің арқасында ғана келді. Бірлік болмаған жерде қандай тірлік болады екен? бұл туралы да білігімізді арттырайық.
ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.
1. Иван Андреевич Крылов туралы деректер беру.
2. Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректерді толықтыру.
3. Оқулықпен жұмыс.
4. Деңгейлік тапсырмалар.
5. Шығармашылық тапсырмалар.
6. Мәтін толық сахналау, ғибраттық өнегесін ашу.
ІҮ. Бекіту бөлімі.
1. Сұрақ – жауап.
- «Бірлік түбі - тірлік» мақалының мәтінге қатысты екенін дәлелде.
- «Ынтымақ», «ғибрат» сөзіне мағыналас сөз тауып көр.
- Бұл мысалдан қандай ғибрат алуға болады?
2. Топаралық сайыс. Бірлік туралы мақал – мәтелдер сайысы.
Ү. Қорытынды бөлімі.
1. Венн диаграммасы. (бірлікте орындалған істер------бірліксіз тірлік)
2. ҚР-ның мемлекеттік Әнұранындағы бірлік туралы ойы.
ҮІ. Үйге тапсырма.
1. «Аққу, шортан һәм шаян» мәтінінің мазмұнын әңгімелеу.
2. Соңғы шумағын жаттау.
3. Мәтін мазмұнына сай шығармашылық жұмыстар.
ҮІ. Бағалау бөлімі.
1. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
2.Кесте бойынша өз бетінше қорытынды баға шығару.
3. Сыныптың сабақты меңгеру сапасын пайыздау.
Қаласова Айгүл Кеулімжайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Сарысай негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Сарысай негігі мектебі
Аққу, шортан һәм шаян
ана тілі пәні
4 – сынып
өткізген : Қаласова Айгүл Кеулімжайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Сарысай негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.