Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абайдың табиғат лирикасы -

Абайдың табиғат лирикасы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2246 | Размер: | Автор: Нартай4540
. № Күні:
Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын, лирикалық өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Абайдың өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, ялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздері,буклеттер, абай туралы жазылған кітаптар көрмесі.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ойға шықыру,тест, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасау
- түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тұрар Рысқұлов туралы мағлұмат жинау.
2. Бала Тұрар әңгімесін оқып, мазмұныны айту.
- Мұғалімнің аты жөні кім?
- Мұғалім Тұрардың дәптеріне неге үңілді.
- Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?
- Тұрар жазған сөздерін қалай түсіндірді?
- Ал тақта алдында тұрған Тұрардың портретін жазушы қалай суреттеген
- Иван Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты.
- Бала Тұрардың бойындағы қасиеттерді ата.
- Тұрарға күлген айбаровқа мінездеме бер.
Сабақтың барысы:
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар, тақтағда нені көріп тұрсыңдар?
- Қандай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар?
- Қыс, жаз, күз, көктем
- Осы жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?
- Абайдың қыс, жаз, жазғытұры, күз өлеңдерін білеміз.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?
- Айбай жайлы, оның өлеңдері жайлы
- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда Абай құнанбаевтың табиғат лирикасымен танысамыз.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болмақ?
- Бүгінгі сабақта біз Абай құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұныны ашу, олармен танысу.
- Дұрыс балалар.

- Абай кім?



Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.
Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл, аудармашы, композитор.

- Абайдың шыққан тегімен таныстыру.
Абай тегі – Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)

“Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ( Абай)

- Бұл сөзін қалай түсінесіңдер?
- Қазір Абай болмаса да, артынан із қалдырған, өлеңдерін қалдырған.
- Дұрыс, сондықтан бүгінгі Абайдың артынан қалған өлеңдерін өтеміз.
- Лирика дегеніміз не?
- Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші.
Лириканың 4 түрі бар.
1. Философиялық
2. Саяси
3. Махаббат
4. Табиғат
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
1 – тапсырма:
1 топ: «Қыс» өлеңі мәнерлеп оқып беру
2 топ: «Күз» өлеңін оқып беру
3 топ: «Жаз» өлеңін оқып беру
Сергіту сәті:
Тоғай, тоғай, көп тоғай,
Көп тоғайда, көп торғай.
Тоғай іші қапырық,
Дем алайық отырып.
Орнымыздан тұрайық,
Қанатымызды жазайық.
Қағып – қағып алайық,
Орнымызға қонайық!
2 –тапсырма:
1 топ: «Қыс» өлеңінің шығу тегін айтып беру.
2 топ: «Күз» өлеңінің шығу тегін айтып беру.
3 топ: «Жаз» өлеңінің шығу тегін айтып беру.

- Абай тек қана өлең жазбаған, ол әндер мен қара сөздер жазған, және аударған.
- Сендер қандай қара сөздерін білесіңдер?
- Мен алтыншы қара сөзін білемін
- Айта ғой Аружан
- Ал қандай әндерін білесіңдер?
- «Желсіз түнде жарық – ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым саған қаламқас»т.б.
- «Желсіз түнде жарық – ай» әнін балаларға естірту.
- Балалар сендер «Желсіз түнде дарық ай » әнін естідіңдер. Қанадй сезімде болдыңдар?
Ой итолғау
- Енді сендер өзерің « Табиғат» бейнесін дәптерлеріңе суреттеп, шығын шығарма жазасыңдар.
1 – тапсырма:
1 топ: «Қыс» өлеңін суреттеп беру,
2- топ: «Күз» өлеңін суреттеп беру.
3 топ: «Жаз» өлеңін суреттеп беру.

5 – тапсырма: Тест орындау

1. Абай Құнанбаев кім?
а) ақын ә) дәрігер б) әртіс
2. Абай жасынан қандай болды?
а) ақылсыз ә) ынталы, зерек
б) білімсіз
3. Абай Құнанбаев қайда оқыды?
а) училищеде ә) институтта
б) медреседе
4. Ақын қысты кімге теңеген?
а) гүлге ә) малға б) адамға
5. Ақ киімді” сөзін аудар.
а) белая борода
ә) белая одежда
б) белая бумага
6. Абайдың шын аты кім?
а) Әбдікәрім ә) Ибраһим
б) Әбдірахман
7. Абай қай жылы туды?
а) 1845 ә) 1935 б) 1965
8. Абай Құнанбаев қайда оқыды?
а) Қостанайда ә) Алматыда
б) Семейде
9. Абай қазақ халқын неге шақырды?
а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға
б) қыдыруға
10. “Зерек” сөзін аудар
а) умный ә) способный
б) красивый

ІІІ. Сабақты бекіту
1. Абай жасынан қандай болды?
2. Абай өмірі туралы жазған жазушы кім?
3. Абайдың неше қара сөзі бар?
4. Абайдың сүйген жары?
5. Абайдың әжесінің аты кім?
6. Абайдың анасының аты кім?
7. Абайдың әкесінің аты кім?

ІҮ. Рефлексия:
Сабақта не өттік? Не білдік? Не үйрендік?
Ү. Үйге тапсырма:
1 топ – Абайдың өздеріңе ұнаған бір өлеңін жаттау
2 топ – Жыл мезгілеріне байланысты мақал мәтел жинау
3 топ – «Мен ұнататын жыл мезгілі» тақырыбына шығарма жазу
ҮІ. Бағалау
Оқушыларды бағалау парағын қолдану арқылы білімдерін сай бағалап ,мадақтау
Р/С Оқушының
аты - жөні Үй тапсырмасын орындауы Сабаққа қатысуы Қосымша сұрақтарға жауап беруі Бағалау
1
2
3
4
5
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.