.
.
Тақырыбы: «Адам болам десеңіз» «Адам болам десеңіз»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1291 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:Өлеңді мәнерлеп оқи отыра мазмұнын түсіну,оқу дағдысын жетілдіру.
Адамгершілікке тәрбиелеу .Сөздік қорын,ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілік: Суреттер,А Құнанбаевтың портреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
І Білім дағдысын қалыптастыру. Өткенді қайталау.
ІІ Жаңа сабаққа икемдеу.
1.Қызығушылығын ояту
Қазақтың кемеңгері Абай ата,
Аудармашы,жазушы,ақын, дана
Төгілген асқақтаған жырларымен
Білім нұрын шашты ол бар қазаққа.
2. Мағынасын ашу.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің сөзі:
А.Құнанбаев 1845жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артында қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойындағы кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты ,ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.қатар басқа жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты ,ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.
Балалар Абай атамыз туралы не білеміз? Соны еске түсірейік.
Ба? Соны еске түсірейік.
(топтастыру) Ибрагим Сазгер
Анасы Ұлжан Руы тобықты
Аудармашы Әжесі Зере
Ғалым Данышпан
Әкесі Құнанбай Жылдың 4 мезгілі
М.Әуезов «Абай жолы» романы
ІҮ. Қолдану.
Осы сызбаға қарап отырып Абай туралы бір-бір сөйлем құрап айту. Сөйлем бір-бірімен байланысса не пайда болады?
-Мәтін
Оқушылар мәтінге ат қояды.
-Ойшыл Абай
- Данышпан Абай
- Ұлы Абай
Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы (Өлең құрлысымен таныстыру)
2. Сөздік жұмыс.
Қандай түсініксіз сөз кездеседі?
Қашық-алыс асық-жылдам
Дұшпан-жауымыз, көре алмайтын адам.
Сергіту сәті
Оқушылардың өлеңді тармақпен, шумақпен оқуы.
Ү. Талдау.
Өлеңде адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?
Соны оқулықтан тауып оқу. Жұмысты жеке, жұппен, топпен жасау.
-Жағымды, жағымсыз қасиеттер (дәптерге жазу ішіне-сыртына стратегиясы бойынша)
Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер
Талап,
еңбек, терең ой, қанағат, рақым, Өсек, өтірік, мақтаншақ еріншек, мал шашпақ.
Ой толғаныс
ҮІ Жинақтау
«Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесің? (Оқушылардың пікірі)
ҮІІ Пайымдау.
Шығу парағы
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма ? Несімен ұнады? Тағы не білгілерің келеді?
Осы сұрақтарға жауап жаза қойыңдар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.