Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аяулы Жақаң . А. Дулатов -

Аяулы Жақаң . А. Дулатов

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5562 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ШҚО.Ұлан ауданы Айыртау ауылы
Гагарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамадиева Бақытжан Даутхановна
Ана тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аяулы Жақаң . А. Дулатов
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Ақын өмірінен алған мәліметтерді жинақтай отырып баяндау. Міржақып Дулатов туралы білімдерін жетілдіру. Әңгіменің мазмұнын ашу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, сөз қорын молайту
3) Тәрбиелік: Оқушыларды бірін – бірі зер салып тыңдауға құрметтеуге, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс,сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану, постер қоғау.семантикалық карта, бағалау парағы
Сабақтың көрнекілгі:АКТ ( слайдтар), маркерлер, стикерлер, А 3 қағазы, суреттер
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Әдіс-тәсілдері
Ұйымдастыру

Сәлемдесу
Психологиялық дайындық өткізеді

Топқа бөледі. Төңкерулі қағазға 3,5,7 деп жазып қойып 3 топқа бөлу
Шаттық шеңберін өткізу Амандасу салтымыз
Оқып біліп жатырмыз
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз

Орындарын тауып тұрады.

Сәттілік біздер тілейік
Мен саған,сен маған
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік
Мен саған,сен маған.



Топқа бөлу тәсілі (Кездейсоқ таңдау түрі)
Үй жұмысын тексеру М. Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жатқа айтқызу Өлеңнің сұрақ үлгісінде жазылған жолдарын бір топтың оқушылары айтса, жауап үлгісін екінші топ оқушылары айтады Шеңбер әдісі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
Жаңа материалды түсіндіру 1. -М. Дулатов туралы не білеміз?
-Не білгіміз келеді?
Бүгін не білер екенбіз?
М. Дулатов туралы жинаған мәліметтерін бірнеше оқушы оқиды БББ стратегиясы
Мағынаны тану 2.Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Әңгіменің авторы А. Дулатов туралы айту:
- Дулатов Асқар - Алаш қозғалысынан шет қалмаған Дулатов Асқар қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол - Алаштың атақты ақыны Міржақыптың туған ағасы.... М. Дулатов туралы айту (Слайд)
«Аяулы Жақаң» әңгімесін оқып беру Зейін қойып тыңдайды

1 рет оқушылар оқып шығады Баяндау әдісі
Талдау Әңгімені бөлімдерге бөлдіру

Үш топқа үш бөлімді бөліп беру
Топтарға суреттер таратып беру
І топ
ІІ топ

ІІІ топ Бөлімдерге бөледі
І бөлім М. Дулатовтың балалық шағы
ІІ бөлім Ананың мейірімі
ІІІ бөлім
М. Дулатовтың шығармашылығы

Әрбір топ бөлімдерін оқиды
Суреттерін пайдаланып,постер қорғайды



Топтық жұмыс
Жинақтау
Топтарға тапсырма

Топтар бір-біріне сұрақ қояды
І топқа Міржақыптың сыртқы түр әлпеті
ІІ топқа Міржақыптың ерекшелігі
ІІІ топқа Автордың көз қарасы
Қорытындылау Семантикалық карта парағын таратып беру Топтар семантикалық картаны толтырады Топтық жұмыс
Үй жұмысын беру Әңгімені оқып келу Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Бағалау парағын беру Топтар бағалау парағын толтырады
Слайдта көрсетілген бойынша бағалау Топтық бағалау

№ Оқушының аты - жөні Үй жұмысына
дайындығы Қосымша сұрақтарға жауап беруі Өзін бағалауы Қорытынды баға








Бағалау парағы

Семантикалық карта
№ Берілген сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1 Мәтін Асқар Дулатов туралы жазылған
2 А.Дулатов Міржақыптың ағасы жәнеол туралы естелік жазған
3 Міржақып Дулатов ақын, жазушы
4 Міржақыптың анасы оның 12 жасында қайтыс болған
5 М. Дулатовтың « Маса», Оқу құралы», «Әліпби» кітаптары бар
6 «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы, « Қайран Жамал» романы бар
7 Ол Семей қаласында туған
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.