.
.
Сабақтың тақырыбы : Айхай, көктем! Айхай, көктем!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1449 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, шапшаң әрі саналы оқу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
2. Оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту.
1). Үй тапсырмасын сұрау.
«Қарлығаш – киелі құс» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқыту.
- Осы шығармадан қандай түйін жасадыңдар? ( Оқушылардың ойларын тыңдау).
- Әңгімедегі негізгі ойды айтқыза отырып, қорытындылау.
Жұмбақ жасыру.
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады? (Көктем).
2). - Көктемнің келгенін біз қайдан білеміз?
- Топтастыру.
3). Көктем – күннің қанаты,
Көктем – гүлді дала аты.
Көктем – біздің сағынған,
Самал ескен таң аты.
Көктем – жердің тынысы,
Көктем – елдің ырысы.
II. Мағынаны тану.
1. Оқулықпен жұмыс.
а ) Өлең авторы туралы түсінік беру.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976 жж.) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері – Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы.
Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, 7 жылдық мектептің мұғалімі болады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры,замандастарының арман – аңсары.
Ол өз шығармалары арқыл қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты.
Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне -өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары сол сенімінің жемісі.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.
б) Сөздік жұмыс.
Бытырамен –
Өзегі –
Дүркіретіп –
Сіркіретіп –
Бүркіп –
Әтір –
Жадырады –
Кенезімді –
Самалында –
в) Тізбектеп оқу.
г) Сұрақтарға жауап беру.
- Ақын жаңбыр жауғанда неліктен жер рақаттанады дейді?
- Автор жаңбырдан кейінгі табиғатты қалай сипаттайды?
- Көктемгі жаңбыр мен күзгі жаңбырдың бір – бірінен айырмашылығы бар деп ойлайсың ба?
д) Тапсырмаларды орындау.
- Ақынның өзің білетін шығармаларын ата.
Сызбаны толтыр.
Сергіту жаттығуы
«Жаңбыр» ойыны
Оқушылар айтады: найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді т.б.
Жаңбыр жауды далаға,
Жаңбыр жауды қалаға
Жаңбыр жауды ауылға
Жаңбыр жауды бауға да.
III. Ой толғаныс.
1.) Тапсырмалар беру.
1-топқа – Көктем тақырыбына эссе жазу.
2- топқа – Көктем тақырыбына сурет салу.
3- топқа – Көктем туралы өлең шығару.
2.) Сөзжұмбақ шешу.
К ү н
ө р і к
К ү з
қ а р а Т о р ғ а й
к ө к Е к
м а м ы р
1. Көктемде не ұзарады?
2. Бақта не өседі? (Өрік)
3. Жаздан кейін қай мезгіл? (Күз)
4. Құс. (Қараторғай)
5. Сәуір айы тағы қалай аталады? (Көкек)
6. Көктем мезгілінің соңғы айы? (Мамыр)
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.