.
.
Сабақтың тақырыбы : Есептік және реттік сан есім. Айхай, көктемЕсептік және реттік сан есім.!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1480 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Есептік сан есімнің заттың санын, ал реттік сан есімнің заттың ретін білдіретіндігі туралы алған білімдерін пысықтау.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, топпен,ұжыммен жұмыс жасап, білім сапасын арттыруға жағдай жасау.Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сауатты жазуға төселдіру.
Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа, әдемілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.:
Үлкенге де „ сіз” ,
Кішіге де „ сіз”.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. 1-кезең. Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру.
Сұрақтар: 1. Сан есім деген не?
2. Бүгін сыныпта неше оқушы бар?
3. Сен неше жастасың?
4. Сен нешінші сыныпта оқисың?
5. Жанұяңда неше адам бар?
6. Сен қай жылы туылдың?
7. Сен нешінші партада отырасың?
8. Сан есімнің сұрақтары қандай?
Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтыру.
2- кезең. Жаңа сабақты меңгерту.
Мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірте отырып, сан есімдердің өздеріне тән ғана ерекшеліктері, яғни сан есімдер үнемі зат есімдердің алдынан келіп, оларға басқа қосымшалар жалғанбайтынын айтып кету. Мысалы: «Кемпірқосақтың жеті түсі бар» дегендегі «жеті» сан есіміне ешқандай қосымшаны жалғауға болмайды.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
I деңгей. 1-жаттығу.
1) Берілген зат есімдерге тиісті сан есімдерді қойғызып жаздыру. ( Екі көз, төрт түлік, он саусақ, отыз екі тіс, он екі ай, екі қол).
2) Сан есімдер қандай сөз табымен байланысады?
II деңгей.
1) Берілген зат есімдерге басқа сан есімдер қоюға бола ма? Алты түлік деп айтуға
бола ма?
2) Есептік сан есімдерге жұрнақтар жалғап, реттік сан есім жасату.
III деңгей.
1). Адамда отыз екі тіс бар. Тағы қанша тіс болуы мүмкін? (Үлгі жауап: Егер дәрігер баланың екі тісін жұлып тастаса, онда оның отыз тісі қалады.)
2). 2-жаттығу. Оқулықта берілген реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыру. Дәптерлеріне есептік сан есімге екі сөйлем, реттік сан есімге екі сөйлем құрастырып жаздыру.
Үшінші қатар – үш қатар, жетпісінші жыл – жетпіс жыл, бірінші қақпа – бір қақпа, отызыншы күн – отыз күн.
Сергіту сәті.
3).3-жаттығудағы өлеңді жатқа жазғызу. Өлеңдегі сан есімдердің астын сызып, олардың қандай сан есім екенін айтқызу.
Нанды бір қолмен
Үзіп бермейді,
Екі қолмен сындырып,
Тістеп жеуді жөн дейді.
I деңгей. 4-жаттығу.
1) Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2) Сан есімі бар сөйлемдерді тауып, сөйлемдердегі сан есімдерді сөзбен жаздыру.
3) Мәтіндегі сан есімдер есептік пе, әлде реттік сан есімдер ме?
II деңгей.
1) Күн жүйесіндегі тоғыз планетаны атату.
2) Сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, әр топқа тоғыз планетаның біреуі туралы мәтін құрастырту. Сөйлемдерде сан есімдер болу керек.
3) Сергіту сәті.Математикалық есеп( қол көтеру жаттығулары, дара – 1қол, күрделі -2 қол).
Табақта он бес алма,
Қолымда төрт алма.
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім.
Нешеуі қалды өзімде? ( 12 )
III деңгей.
Тест тапсырмалары.
1) Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
а) Зат есім
ә) Сын есім
б) Сан есім
в) Етістік
2) Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
а) Қандай? қай?
ә) Кім? Не?
б) Қанша? Қашан? Қандай?
в) Қанша? Неше? Нешінші?
3) Реттік сан есім тудыратын жұрнақтарды көрсет.
а) –ға, -ыншы
ә) –лар, -лер,-дар, -дер, -тар, -тер.
б) –ыншы, -інші, -ншы, -нші
в) –мыз, -міз
4) Реттік сан есімдерді белгіле.
а) тоғызыншы, жетінші, алтыншы
ә) жүз, алты, бірнеше
б) бес, жеті, сегіз
в) екі, үш
4-кезең.Сабақты қорытындылау.
I деңгей
„ Оқымыстылармен кездесу ” дидактикалық ойыны.
1- топқа есептік сан есімдерді, 2-топқа реттік сан есімдерді зерттеп жүрген „ Оқымысты-
лар ”келеді.Топ мүшелері бір – біріне сұрақ қояды. Мысалы:
- Сіздер есептік сан есімдерді зерттеп жүрген ғалым екенсіздер. Маған есептік сан есім туралы түсінік беріп кетсеңіздер. Есептік сан есімдердің реттік сан есімдерден қандай айырмашылығы бар?
II деңгей.
Сабақ соңында оқушылар жауаптарын жинақтап, сан есім жайында мынадай тұжырымдалған дерек береді:
1) Сан есім – заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
2) Сан есімнің сұрақтары: қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
3) Сан есімдер тек зат есімнің алдында келеді.
4) Есептік сан есім заттың санын, реттік сан есім заттың ретін білдіреді.
5) Реттік сан есім басқа сөз табынан жасалмайды. Есептік сан есімге –ыншы, -ншы,
-інші, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
5-кезең. Үйге тапсырма беру.
Үйге 5-жаттығу беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.