.
.
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп "Айналайын ана, мерекеңізбен!"
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1739 | Размер: | Автор: Нартай4540"Айналайын ана,мерекеңізбен"
ертеңгілік
Сынып жетекшісі:Ахметкалиева С.Т
Тасқала
2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: "Айналайын ана, мерекеңізбен!"
Сабақтың мақсаты: Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін құрметтей, ардақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік
қасиеттерін сіңіру.
Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке,ынтымақтыққа,кішіпейілдікке,ізеттілікке, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық міндет: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту. Баланы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: «Көктем – ана, қыздар – гүл», «Менің анам» нақыл сөздер. Қабырға газеті. Әсем безендірген зал. Көңілді музыкамен балалар кіреді.
Сабақтың барысы:
І. а) Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)
б) келген қонақтарды қарсы алу
ІІ. Кіріспе.
ІІІ.Әдеби-монтаж.
ІҮ. «Ана-өмір бұлағы» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)
Ү. Аналары мен балаларына байланысты "Мақал жарыс"ойыны.
ҮІ. «Әже мен немере» (көрініс)
ҮІІ. Қорытынды.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Ашылуы : Би «Гүлдер» орындайтын бишілер тобы
Жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді, аналар, қыз - қызғалдақтар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем – шешек атып жанары.
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген – тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдық болып жанады, - дей отырып, аналарымызға арналған шағын ертеңгілігімізді « Құттықтаймын ана туған күніңмен!» әнімен бастайық.
Жүргізуші: Оқушыларымыздың аналарына арналған өлең шумақтарына кезек берейік.
1 - оқушы: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз -
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2 - оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін,
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді өтермін.
3 - оқушы: Анамның әрбір сөзі ой - талабы,
Жүректің тереңінде сақталады,
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді,
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым
Би билеп ән салып бер енді, - ендеше бишілерімізді "Ха-Фа-На-На "биімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Аналарымызбен біріге отырып сұрақтарға жауап берейік. (Баласы мақал – мәтел айтады, анасы оның жалғасын табу,мағынасын түсіндіру).
1- сұрақ: Ана мен қыз балаға байланысты қандай мақал - мәтел білесіз?
А) Қыз өссе - елдің көркі, Ананың сүті бал,
Гүл өссе – жердің көркі. Баланың тілі бал.
Ә) Қыз - қуыршақ, бала құлыншақ. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Б) Анаға қарап қыз өсер, Артыңа ауыр жүк артпа.
Әкеге қарап ұл өсер.
2 - сұрақ: Ананың отбасындағы міндеті қандай?
Ана ұрпақ жалғастырушы, тәрбиеші, отбасы арасын ынтымақтастырушы.
Жүргізуші: Келесі сұрақтарымыз оқушыларға арналады.
3 - сұрақ: Үйде анаң қандай тыйым сөздер айтады?
1) Ақты төкпе.
2) Табалдырыққа тұрма.
3) Тізеңді құшақтама.
4 - сұрақ: Анаң сені қалай еркелетеді?
1) Құлыншағым, балапаным т. б.
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,- деп "Бабаушки-старушки" биімен ортаға шақырамыз.
5 - оқушы: Асыл анам, ақ анам, алтын анам,
Маңдайының күні боп жарқыраған
Мейірімге толарсың шомылдырған
Одан артық мен үшін бар ма адам?
6 - оқушы: Аналарды сүйеміз
Сөзін айға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
7 - оқушы: Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйер өзінің
Мақтан етер анасын.
8 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Ән "Ақ мамам"
Жүргізуші: Ана, ана, ана... осы сөздің өзі адамға қандай күш береді? Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Ендігі кезекте оқушыларымыздың анасына, әжесіне, ұстаздарына, апаларына арнап жасаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар.(оқушылар жасаған сыйлықтарын аналарына апарып береді).
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Ән "Әрқашан күн сөнбесін!"
Қорытынды:
Сонымен балалар, «Ана деген кім?» - болды.
-Ана - қамқоршың
-Ана – бақытың
-Ана - тірегің
-Ана -қорғаның
-Ана –болашағың
- Ана - әр үйдің күні
-Ана -ақылшың
-Ана -сүйенішің
-Ана - жанашырың
-Ана -байлығың
-Ана –үйдің жылуы
-Ана –бақытың
Ән: «Ақ мамам».
Тәрбиеші:
Әйел – Ана, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі - өсиет, тұғыры биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті. Ана құдіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма, аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар оған Отан ғана.
Аналарды құрметтейміз елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, аналар сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз, - дей келе, құрметті асыл аналар, қазір балаларыңыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Тағы да мейрамдарыңыз құтты болсын!
Ертеңгіліктен көріністер:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.