.
.
Пәні: Математика Қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1224 | Размер: | Автор: Нартай4540Күні: 31. 01 .2012
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың өткен сабақ бойынша білімдерін кеңейту, кемшіліктерін жою.
2. Дамытушылық: Балалардың ойын, есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын, тіл байлығын, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Балаларды тез есептеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, суреттер
Сабақ түрі: Жарыс сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) балалармен сәлемдесу
б) балаларды түгендеу
в) балаларды сабаққа даярлау
г) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу
д) зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Жарысымызға 3 топ қатысады.
1 топ: Алғырлар
2 топ: Тапқырлар
3 топ: Білгірлер
ІІІ. Білімдерін тексеру, бекіту.
1-тапсырма. «Сана да жаз» деп аталады. Заттарды санау. Жазу.
2-тапсырма. «Салыстыру» Заттарды бір- бірімен салыстыру керек.
3-тапсырма. «Көршісін тап» Сандарды өсу ретімен орналастыру.
4-тапсырма. Математикалық жұмбақтар шешу.
1. 5 алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? 5-3= 2
2. Табақта 5 өрік,
Қолымда 4 өрік.
Қосқанда барлығын,
Болады неше өрік? 5+4= 9
3. Мұратта бар бес іні,
Маратта бар екі іні,
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? 5+2=7
4. Аулада жүр 4 үйрек,
Қорада жүр 1 үйрек.
Ал қанекей санайық,
Барлығы неше үйрек? 4+1=5
5. Бес үйректің біреуін,
Қамап қойдым қораға
Қалды сонда неше үйрек,
Мынау тұрған далада? 5-1=4
6. Ал, балалар, қараңдар,
Екі алма мен үш алмұрт.
Кәне кімдер табады
Қанша жеміс болады? 2+3=5
ІҮ. Сабаққа жақсы қатысқан топты мадақтау, марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.