.
.
Математика 2 сынып Асылова Майра Алманқызы :Қайталау(5 ті қосу және азайту)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1653 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы:Қайталау(5 ті қосу және азайту)
Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттап қосу мен азайтуды меңгеру
Сабақтың міндеттері:
а)5-ті қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру
б) Дамытушылығы оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, математика терминдерін сөйлеуін жетілдіру
в)Тәрбиелігі оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың типі: білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,таудау,проблемалық.
Сабақтың барысы
Алғашқы ұйымдастыру
І кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
-Сабаққа дайындықтарын қадағалау,
-Тақтада жазылған сөздерді оқып, түсіндіру,
XXI ғасырда Қазақстаннды әлем танып өркениетті ел қатарына қосылды. Егемендік алғаннан кейін еліміз 117 орынан 61-орынға жылжыды.50елдің қққатарына қосылуды меже тұтып отыр.
-Еңселі 50елге ену үшін біз қандай болуымыз керек?
-Білімді болу деген не?
Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықы жеңе алады.Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған,білімді болуы тиіс.
Бүгінгі сабағымызда біз де “Болашақ баспалдағымен”көтеріліп,білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық.
ІІ.Операциялық-орындаушылық кезең.
1-басқыш.Қайталау-сөздің анасы.
№5.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.
Түсіндіре отырып орындату.
Ауызша шығару.
9+5= 8+5=
11-5= 12-5=
2-басқыш.”Білгің келсе,шешіп көр”
№2.Теңдеуді шешу.
Х+5=12 12-х=7 х-5=7
-Не белгісіз екенін сұрау.
3-басқыш.Қасиетті ұғымдар.
Ата-бабаларымыз тыныс-тіршілігін жинақтап,сандарға теңестірген.
Осы киелі сандар туралы оқушылардан сұрап, толықтыру.
Абайдың бес жақсы,бес жаман қасиет туралы айтқан өлеңін еске түсіру,санамалау.
4-басқыш.Мағынаны тану.
Оқулықтағы №4 есепті оқып,шешу,салыстыру.
А)Тәрбиеші-4
Мұғалім-? 20артық
Ш: 4+20=24 м
Ж: 24 метр мата
Ә)Тәрбиеші – 4
Мұғалім - ? 20 артық
Ш: 4+20=24м
24+4=28 м
Ж: 28 метр мата
Математикалық диктант
(11-5)+4=
10-(11-6)=
10+(31-5)=
0+(51+5)=
5-басқыш. Ойлан, тап.
(Хеопс пирамидасын ашу арқылы тапсырма орындау)
1. Қосу амалының компоненттерін ата.
2. 1мен50санының арасындағы неше 5 саны кездеседі?
3. Ондығы 5саны болатын екі таңбалы санды ата.
4. Әріпті өрнекке мысал келтір.
5. Қосу амалын қандай амалмен тексеруге болады?
Суреттен ненікөріп отырмыз?
Мысыр еліндегі Хеопс пирамидасы-7 кереметтің бірі.Елорда төрінен осы пирамида типтес ғимарат салынды.Онда сенат мүшелері отырады, яғни еліміздің даму жолына тигізер шараларды бақылап отырады.
III-Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Міне, біз де «Болашақ баспалдағының» шыңы
«Білім шыңына» да жеттік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға бізде өз үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
Білімнің сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына.
Үйге: №3, №5 есептер
Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.