.
.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі»ММ Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4309 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
Сыныбы: 4 «Г»
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Алдаркөсе мен Шықьермес Шығайбай
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Г.А
Қостанай қаласы
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Аңыздар. Алдаркөсе мен Шықьермес Шығайбай
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың түсініп оқу дағдысы мен сөздікқорын молайту.
2.Ойлау,талдау қабілеттерін арттыра түсу.
3.Адамгершілікке,адалдыққа,өз құқығын білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың этаптары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
Психологиялық дайындық
3 минут
Өткенді пысықтау
10 минут
Жаңа сабақ
24 минут
Қорытындылау:
5 минут
Оқушыларды бағалау
1 минут
Қорытындылау
Оқушыларды мадақтау Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау,сабақтың ерекшелігімен таныстыру.
Мұғалім бағыт береді.
Мұғалім оқушылардан өткен сабақтағы «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» өлеңін сұрап.сызба арқылы сабақты қорытындылайды.
Мұғалім жаңа сабақты таныстырады.
Мұғалім сабақтың «Сот» түрінде өтетінін ескертеді.
Сот төрайымы: Мырзабаева Наргиз Қуаныш қызы
Соттың хатшысы: Бриматова Карина Кайратқызы
Прокурор:Бажирова Аружан Болатқызы
Қорғаушы: Таңатқанова Айым Ержанқызы
АйыпталушыАлдаркөсе:
Ибраев Расул
Жәбірленуші: Шығайбай
Куәлар:
Бәйбіше:Қалиева Жазира
Тоқал: Шегенова Данагуль
Бізбикеш: Асан Аида
1 көршісі: Кунакова Акмарал
2 көшісі: Ермекбай Ақмарал
Сонымен балалар Біз осындай жағдайлардан аулақ болып біліп жүру үшін мына баптарды естен шығармайық
Мұғалім сұрақ қояды.
Оқушыларды мұғалім мадақтап өтеді
-әрбір адам
-туысым,досы,жұрағат
-әрбір сабақ
-үйрену ұғу ұлағат
-әрбір ойым
-достық,бірлік,адалдық
-әрбір ісім
-шындық пенен адамдық!
Оқушы сызба арқылы жұмысты интерактивтік тақтада орындайды.
Аңыз-туралы мағлұматты ой шақыру арқыл интерактивтік тақтада орындайды
Сот соттың өту процесімен таныстырады
Сот: Бүгін сот залында тәртіп бұзып,өзгенің меншігіне рұқсатсыз кіріп,өзгенің мүкіні қол сұқты деген айыппен Алдаркөсенің ісі қаралғалы отыр, сотты мен сот төрайымы мырзабаева Наргиз Қуанышқызы жүргіземін.
Соттың хатшысы: Бриматова Карина Кайратқызы
Прокурор:Бажирова Аружан Болатқызы
Қорғаушы: Таңатқанова Айым Ержанқызы
Сот: Хатшы толық келуі қамтамасыз етілді ме?
Хатшы: Иә,толық қамтамасыз етілді . Сіздің шақыртуыңызды күтіп отыр.
Сот: Ендеше прокурорды тыңдаймыз.
Прокурор:
Сәлметсіздер ме?
Айыпталушы Алдаркөсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне шақырусыз келгенімен қоймай,өзгенің жекеменшігіні қолсұғып 175 баптың 2 тармағы бойынша «ұрлық жасау,өзгенің мүлкіне рұқсатсыз қол сұғу,біреудің үйіне рұқсатсыз кіру» бағытындағы, өз еркіннен тыс кісі ұрлау бағытындағы қылмысқа бой алдырып отыр.Ол Шығайбайдың жанұясы ұйқыға кеткен уақытын аңдып отырып,қазанындағы тамағын ұрлап алып,орнына тулақ салып қойып,қасақана,алдын ала ойластыра отырып қылмыс жасаған деп айыпталып отыр.Бұл Адаркөсенің жасап отырған бірінші қылмысы емес екенінде ескертемін.
Сол күні Шығайбайдың үйіне қойылған бейнетаспаға назар айдарсақ:
Бейне таспа көрсетіледі
Сот: Қылмыскер тұрыңыз,қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Күдікті: Жоқ
Сот: Ендеше жәбірленушіні ортаға шығыңыз.
-Өзіңізді қорғауға,өз ойыңызды айтуға,сонымен қатар өзіңізге қарсы куәлік бермеуге құқығыңз бар және біреуді кінәлау мақсатында жалған куәлік жасасаңыз заң алдында жауап бересіз.
Жәбірленуші: Шығайбай
Мен кешке өзімнің үйімде тамағымызды отқай қойып,жаұямызбен отыр едік.Алдаркөсе үйімізге рұқсатсыз кіріп келді.Содан соң төрімізге жайғасты. Тамақ уақытымен піспей күтіп жатқанда біз ұйықтап кеткен екенбіз.Сол уақытта Алдаркөсе тұрып тамағымызға тулақ салып қойыпты.Біз тұрып тағымызды жейміз деп,қақалып өліп қала жаздадық.
Сот: Күдікті Алдаркөсе орныңыздан тұрыңыз.
-Сіз кінәңізді мойындайсыз ба?
Күдікті:
-жоқ
Сот:Күдікті ортаға шығыңыз.
-Өзіңізді қорғауға,өз ойыңызды айтуға,сонымен қатар өзіңізге қарсы куәлік бермеуге құқығыңз бар және біреуді кінәлау мақсатында жалған куәлік жасасаңыз заң алдында жауап бересіз.
Күдікті:
Мен Шығайбайдың үйіне келгенім рас.Бірақ мен Шығайбайдың айтып отырғандарына келіспеймін.Мені Шығайбай өзіне өшіктірді.Ол мені өзін алдай алмайды деп бәстеске болатын.Бұл туралы естіген куәлар да бар.Мен байлардан алған мал-мүлкімді кедейлерге беріп көмектесемін ғой.
Қорғаушының сөзі:
Күдікті рас айтады.Ол күні күдікті ауыл арасын аралап жүріп Шығайбайға кездеседі.Шығайбай Алдаркөсеге «осы сені жұртты алдап соғады,оған алданбау мүмкін емес дейді.Күшті болсаң мен алдап көрші»- деп ерегестірген.Сондай-ақ Алдаркөсе халықтың,кедейлердің қамын ойлаған адал азамат.Ол тапқан таянғанын халықтың жоғына жаратқан.Ал шығайбай өзінің сараңдығымен кедейлерді қорлап,қарамағында жұмыс жасайтын адамдардың еңбекақысын жеген.Ол да сол күні қасақана ойластыра отырып,Алдардың атын өлтірмекші болған.Бұл көрініс Шығайбайдың үйінің маңында орналасқан бейне таспада бар.
Бейнетаспа көрсетіледі
Прокурор: Мен куәларды шақыруыңызды өтінемін.
Сот:Хатшы куәларды шақырыңыз.
Хатшы: Куә Тоқалды шақырамыз
Сот:Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік немесе жала жабу мақсатында куәлік жасасаңыз заң алдында жауап беретініңізді ескертемін.
Тоқалдың сөзі:
Біз кешкі асымызды дайындап жатқанда Алдаркөсе кіріп келді.Ешқандай рұқсатсыз төрімізге жайғасты.Сондай-ақ сырттан сығалап аңдығанын білуге болады. Ол менің астыма жасыра қойған нанды,тоқалдың астына жасырған басты,қызымның астындағы тырнаны,Шығайбайдың астындағы қазыны көргенін айтып берді.
Хатшы: Куә Бәйбішені шақырамыз
Сот:Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік немесе жала жабу мақсатында куәлік жасасаңыз заң алдында жауап беретініңізді ескертемін.
Бәбішенің сөзі:
Үйімізге келіп асымызды жеп,орнына тулақ салып қойды.Сонымен қатар Шығайбайдың атының өлуіне себеп болды.Жалғыз қызым Бізбикешті алдап ұрлап кетті.
Хатшы: Куә Бізбикешті шақырамыз
Сот:Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік немесе жала жабу мақсатында куәлік жасасаңыз заң алдында жауап беретініңізді ескертемін.
Бізбикештің сөзі:
Мен осы жасалған қылмыстың бәрін жасаған Алдарды кіналаймын.Әкемнен біз сұрап,анама келіп Шығайбай қызын берді деп алдап,ұзап кеткен әкемнің соңынан «Біз-бикешті (деп ақырын айтып)бермейді»-деген соң, әкем түсінбей «бер» деген сөйтіп мені алдау арқылы алып кетті.
Хатшы: Көрші куәні шақырамыз
Сот:Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік немесе жала жабу мақсатында куәлік жасасаңыз заң алдында жауап беретініңізді ескертемін.
1 куә
Мен Шығайбайдың «Алдар керемет қу»дейді ғой.Мені алдап көр! Мені ешкім ешқашан алдай алмайды деп бәстесіп тұрғаныны естіген болатынмын.Алдардың кінәлі емес екеніне сенемін.
Хатшы: 2-ші Көрші куәні шақырамыз
Сот:Өзіңіз туралы мәлімет беріңіз.Сіз куә ретінде шақыртылып отырсыз.Өтірік немесе жала жабу мақсатында куәлік жасасаңыз заң алдында жауап беретініңізді ескертемін.
2-куә
Иә сол жерде мен де болғанмын Алдардың «мен қайтсемде Шығайбайды алдап,мал-мүлкін алып қоямын»-дегенін естідім.Сөйтіп Алдар Шығайбайдың ауылына кеткен болатын.Алдар бұған дейінде адамдарды алдап жүрген.
Сот: Қорғаушыға сөз береміз
Қорғаушының сөзі
Сот жолдас,қымбатты сот кеңесшілері бүгінгі сот отырысында күдіктінің Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 бап бойынша «ұрлық жасамау,өзгенің мүлкін рұқсатсыз алмау,біреудің үйіне рұқсатсыз кірмеу» бағытындағы қылмысы дәлелденген жоқ
Және күдіктінің бұрын мұндай қылмыс жасамағанын,жасаған жағдайда да халықтың мүддесі үшін екенін ескере отырып: Атап айтсақ бір байдың қожанаырды алдап,тамақтың иісі үшін ақша төле дегенде Алдар оған көмектесіп,өзінің ақылымен қиындықтан шыққанын,ақымақ байлардың халықты қанағанын көріп,көмекші болғанын ескере отырып,кешіріммен қарауыңызды сұраймын.
Соттың сөзі:
Сот кеңесшілерімен кеңеседі.
Датаушылар:
-Алдаркөсенің жақсылықтары өте көп,бірақ біреудің ақ адал малын немесе үйіне рұқсатсыз кіруі қате деп ойлаймын..
-Әрине Алдар өте ақкөңіл адам,Шығайбай да мінезі қызғаншақ адам болғанымен ол ешкімнің малын ұрлап,біреудің үйіне сұраусыз кірді деп еш жерде көрсетілмеген ғой .Демек алдар заң бұзушылық жасап отыр деп ойлаймын.
-Мен де солай ойлаймын.Біз ол Алдардың жақсылық жасап жүргені және байларды алдап жүргенінде күнделікті теледидардан берілген ақпараттар арқылы көріп келеміз.
Ол кедейлерге жақсылық жасаса да,заң бұзып отырған сияқты.
-менің ойымша бұл жерде өзінен әлсіздерді ,ақылы кемдерді басыну,кемсітуге байланысты қылмыстық кодекстің 179 бабына қайшы келіп отыр емес пе?
-Ол тіпті өз қатесін түсініп те отырған жоқ қой ,біз оны қалай қорғаймыз?
Жақтаушы топ:
-Мен Алдардың кінәсі жоқ екенін сенімді айта аламын.Ол тек халыққа жақсылық жасады.Өз баспайдасын ойламаған адам.
-Ол қанша байларды алдап мал-мүлкін алса да өзіне пайдаланбай жыртық киімімен жүр емес пе?
-Менің ойымша Алдар дұрыс жасады.Өйткені оның алдап мал-мүлкін алып отырған байлар ашкөз,сараң адамдар.Олар Малын бақтырып жұмысшылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодекстің 4 бабтарын 2ші тармағын сақтамай жалақысын төлемеген,еңбек құқығына тиген.
-Алдардың жақсы жақтарынескере отырып Алдарды қорғап шығамын.
Хатшы:
Сот кеңесшілерінің төрағасына сөз береміз.
Сот кеңесшісінің сөзі:
Кеңесшілер тобы 15 адамнан құрылған алдарды кінәлі деп тапты 4 адам,кінәсә жоқ 7адам.Біз Алдардың кіәсі толық дәлелденген жоқ деп ойлаймыз
Соттың сөзі:Жәбірленуші соңғы сөзің
Жәбірленуші:Мен Алдарды кешіремін.Өз басымнан кеткен қателіктерді де қайталамауға тырысамын.
Соттың сөзі:Күдіктінің соңғы сөзің
Күдікті: Мен барлығыңыздан кешірім сұраймын.Халқыма енді басқаша ешкімді алдамай-ақ көмектесуге болатынына көзім жетті.Енді бұлай жасамаймын.
Соттың шешімін оқиды:
Біз Алдардың кінәсін кешіріп,Екіншілей бұлай жасамауын.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің талаптарын сақтауын ескертеміз!
Оқушылар жауап береді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.