Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алдымен сүй, ардақты ата- анаңды!» -

«Алдымен сүй, ардақты ата- анаңды!»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1518 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Алдымен сүй, ардақты ата- анаңды!»
Мақсаты: Ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Барысы:
Кіріспе.
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?
Бәрі: — Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық. мектепалды даярлық тобының музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Қымбатты біздің аналарға,
Әжелер мен даналарға.
Таңғажайып күнінде
Өлең айтыңдар балалар!
1 – кластың өлеңдері. 2 – кластың өлеңдері
«Туған күніңмен!» әні
Жүргізуші: Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар мекен.
1 – кластың қыздарының орындауында корей биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Мәпелейсің мені анам,
Қолындағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағында қысылмай.
хор «Ақ мамам»
Жүргізуші: Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен. 3 – кластың өлеңдері
Жүргізуші: Балалар, аналарымызға арнап жаттаған өлеңдерді айттық, енді ән салып берейік.
Ән «Ару Ана» орындалады. хор «Сенің анаң алтын»

Жүргізуші: Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрынан арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
4- класс оқушылары ана туралы бірер сөз.
Жүргізуші: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың пейілің кең.
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Иә, ана жүрегі бала жадында. Жаныңа дем беретін де, күш, жыр, ән беретін де ананың саған деген ыстық ықыласы, ақпейіл көңілі. Олай болса, құрметті аналар, көріністі тамашалаңыздар!
Көрініс «Не тәтті?»
Жүргізуші: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады? Изтұрған Назеркенің орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті Ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.
Жүргізуші: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Жүргізуші: Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз! Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге барлық жүректен мың да бір алғыс! Олай болса мектеп оқушылары аяулы да ардақты, мейірімді аналарды ыстық ықыласпен, шын жүректен тамаша мерекемен құттықтайды!
Міне, құрметті қонақтар, аяулы аналар, сіздерге арнап дайындаған салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Сыйлықтар тапсырылады.
Мама әні орындалып тұрады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.