Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алматы – бас қалам, Астана -  жас қалам -

Алматы – бас қалам, Астана - жас қалам

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1809 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы,
Маңғыстау 5 елді мекені
№ 8 жалпы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Кобланова Ажар Назырбаевна

Сабақтың тақырыбы: Алматы – бас қалам,Астана - жас қалам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігімен тәрбиелік мәнін ашу.
Дамытушылық:Өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байтуға, өз ойын қорытындылай айтуға бағдарлау.
Тәрбиелік: Ұлтжандыққа, отанға деген махабат сезімін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілігі: Слайд, ой қозғау, бағалауға арналған көрнекіліктер, СТО технологиясының элементтері,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға ашық сабақ екенін хабарлау, сабақтың барысымен таныстыру, оқушыларды үш топқа бөлу.
Психологиялық дайындық:
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Өткенді пысықтау: Көкшетау
1) Таудың әсемдігімен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған?
2) Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
3) Ақын тауды кімге теңейді?
Қандай тау? Қандай тас?






(жомарт, орманды, момақан, көкше) (малта, маржан, ақық, меруерт)
ІІІ. Жаңа сабақ: Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам
Жарасқан Әбдірашев – қазақ ақыны. 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы Аманөткел ауылсоветінде дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған.
Алматы қаласына саяхатқа шығамыз (картадан Алматы қаласы көрсетіледі)
Алматы - Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады.
Алматы – бас қалам, Жас қалам – Астана
Қарт Алатау – қазақтың қара шалы,
Өрлігіне кім оның таласады?!
Елге ғана осындай таулары бар,
Алматыдай бас қала жарасады!..
Салады еске сарыарқа алашаны,
Кеңдігіне кім оның таласады?!
Елге ғана осындай даласы бар,
Астанадай жас қала жарасады!..
Алматының төрінде қара шалы,
Ал Астана – керілген дала сәні!..
Алатауда – қазақтың алған шыңы,
Сарыарқада – қазақтың болашағы!..
Келесі аялдамамыз - Астана қаласы. Астана қаласына келіп жеттік.(Суреттерін көрсету)
1998 жылы, 6-мамыр күні президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10-маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. Елбасының елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруініңде өзіндік сыры бар. Өйткені, Астана сарыарқаның қақ төрінде қарқынды дамуға ыңғайлы, тоғыз жолдың торабы тоғысқан жер. Жас қаламыздың тарихы өте тартымды. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға медалмен бейбітшілік қаласы атағы берілді. Есіл өзенінің сол жақ жағалауынан бой көтерген әсел ғимарат «Астана - Байтерек» деп аталады. Биіктігі 97 метр. «Астана - Байтерек» бас қаланың рәмзі. Байтерек ағашы бақыт пен құттың белгісі болып саналған.
Өлеңді тізбектеп оқу.
Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:
Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсе, қызыл түсті торкөздерде «Астана» деген сөз шығады.
1.
2.
3.
4.
5.
6.

1. Қарт Алатауды автор кім дейді?
2. Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?
3. Елге несі бар қала жарасады дейді?
4. Алашаны еске түсіретін қай өлке?
5. Астана қандай даланың сәні?
6. Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?
Сабақты қорытындылау:
Не үйрендік, не білдік? .
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
«Астана» деген сөзжұмбақтағы сұрақтар арқылы өлең мазмұнын әңгімелеп айтуға дайындал.
Үлгілік сызбаға сүйеніп Жарасқан Әбдірашев туралы жаз.
Жарасқан Әбдірашев

Кім, қайда туған? Қандай шығарма- Ақын туралы мен
лары бар? не білемін?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.