.
.
Астана қаласы – 2011 Алтын күз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2554 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы:
Алтын күз
№ 27 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Булашева Н.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күздің негізі белгілерін, әңгімелеп айтуға үйрету, күз байлықтарын - астық, көкөніс, жемістер туралы білімдерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: күзді бейнелейтін суреттер, ағаш, жапырақтар.
Барысы:
Мұғалім:
Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тонады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
- Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз.
- Дұрыс айтасындар.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады. Күз-жыл мезгілінің бірі. Күз-мерекелі, берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз білім ордасына алғашқы қадамдарын жасайды. Әрбір шаңырақта той тойланады. Балалар, өздерің білетін күзде тағы қандай өзгерістер болады?
Күзде күн салқындайды. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады. Балалар мектепке барады. Құстар жылы жаққа қарай ұшады. Шөптер, жапырақтар алтындай сап-сары болып сарғаяды. Астық, жеміс, көкөністер піседі.Адамдар қысқа дайындалады. Біз жемістерді, көкөністерді жинаймыз.
Мұғалім: Күз айлары қонаққа келіпті. Балалардың білімдерін тыңдамақшы.
Қыркүйек:Менің атым-қыркүйек.Күздің бірінші айымын.молшылықтың, байлықтың айымын.Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Бәрі: 1 қыркүйек –білім күні.
Оқушы: Оқуға алғаш келгенде,
Болсын деп білім серігім.
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін.
Қарсы алды күліп мектебім.
Тұр екен дайын партасы.
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
Қазан: Менің атым-қазан. Күзгі жиын-теріннің соңғы айымын, еңбеккер елді той-думанға кенелтемін. Менде қайдай мереке күндер бар?
Бәрі:Мұғалімдер күні, қарттар күні.
Оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Оқушы:
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы- қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Қараша: Менің атым-қараша.Күздің соңғы айымын.Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.Енді кезекті күз байлықтарына берейік. /Қолдарына суреттер/ астық, жеміс, көкөніс/ ұстаған оқушылар тақпақ айтады. /Ендеше біз де күз туралы әңгіме құрастырып көрейік/ астық, жеміс, көкөніс/
1. Мынау-бақ.Онда түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар:алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие.Жаз бойы ағаштарды күтіп, суардық.Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Олар әрі тәтті, әрі пайдалы.
2. Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ пияз, қияр, қызанақ өседі.Біз жазда оларды күтеміз Күзде жинап аламыз.
3. Бидай-астық.Бидайды комбайншы орады. Бидай мол болса, нан да мол болады. Ас атасы-нан.
Балалар, бұл жай ағаш емес, «сиқырлы» ағаш. Сендерге көптеген тапсырмалар бергісі келіп тұр.
Қыркүйек: Балалар, күзге байланасты кім мақал-мәтел біледі?
Күз дәнімен көрікті
Қыс қарымен көрікті
Қар көп болса, дән көп
Қыс қарымен көрікті
Қар көп болса, дән көп
Су көп болса, ну көп
Қазан: Балалар, сендер мақал-мәтелді де жақсы біледі екенсіндер, ал жұмбақ шешіп көрейікші.
1. Алтын сары тоны бар
Қойында дәні бар
Не екенін тауып ал (бидай)
2. Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды,
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толғиды. /Жапырақ /
3. Үстінде тігіп дәу шатыр, астында қызғылт дән жатыр/Қызылша/
4. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан сууырып,
Әкелді әкем бір күні./Сәбіз/
5. Аспай піскен, қайнамай түскен./Жеміс/
6. Сырты жасыл, қызыл шар,Іші қызыл тәп-тәтті./Қарбыз/
Қорытынды: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады. «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.