Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алтын күз мерекесі (ертеңгілік) -

Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2154 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)
І. Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн , құрметті қонақтар!
Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Алтын күз мерекесі құтты болсын! Күз мерекесін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Хормен :
Үлкенге де сіз
Кішіге дн сіз
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз!

1-оқушы

Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн.

Шеңберге тұрып: хормен
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Аналарына жасаған жапырақтарын беріп, орындарына отырады.

ІІ. Енді ортамызға «Күз ханшасын» шақырып, қарсы алайық.

Күз ханшасы:

Армысыздар, қадірлі қонақтар!
Күз мерекесі құтты болсын!
Күз бақыт,береке әкелсін!
-Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы.
Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге күзді « Алтын күз » дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?

Күз ханшасының жауабы:

Күз дегеніміз 1-ден байлық,молшылық,қап-қап астық, картоп,жүгері,өрік , алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне, қараңдаршы !
Дала да , егін де , тоғай да сап-сары.Сондықтан халық күзді «Алтын күз»
дейді.
ІІІ. Кірпіге алма жинасайық. Өрнектер шығару.
ІY. Тазша бала келеді. /жүгіріп/
-Сүйінші,сүйінші ,сүйінші! Күз келді.
- Тазша бала , біз күз келгенін біліп алдық.
-Ой, мен тағы кешіктім.
- Қапаланба , тазша бала, бүгін бізде қонақта бол.
Тазша бала:
- Ендеше мен ойын ойнатайын.
Ойын шарты: Екі топқа бөлініп, шашылған көкөністерді жинау.
Бір,екі,үш
Ал,кәнеки ұш!

Y. Күз ханшасының өнері.
-Күз ханшасы қандай өнер көрсетеді екен?
-Ертегілер елінен келген достарыммен би билеп берейін. Қабыл алыңыздар.
YI. Ойын: Ата-аналарға жұмбақ жасыру. Жауабына сәйкесінше сурет көрсету.

YII. Енді ортаға күз белгілерін шақырайық.
Біздің дайындаған әдеби монтажымызды қабыл алыңыздар!

YIII.

Сыныбымыздың сәнқойлары «Күздік киім » үлгісін көрсетеді.
Әншілеріміз «Етікші ата» өлеңін орындайды.
«Түрік биін» қабыл алыңыздар.

ІХ. Сонымен күзде қандай өзгерістер болатынын достарымыз айтып берсін.
*Күн суытады
*Жапырақтар сарғаяды
*Жеміс-жидектер піседі
*Құстар жылы жаққа кетеді
*Жаңбыр жауады
*Егін жиналады
*Үйлерін ақтайды, сырлайды
-Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенін қызық –ау!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.