Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақ тақырыбы: «Алып бала»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту. Қ. Мұңайтпасов жайлы мағлұмат беру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге үйрету. Шыдамдылыққа, адал қиыншылықта көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер , слайд, скитер, постер, маркер.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: «Алғырлар»
2-топ: «Тапқырлар»
3-топ: «Ойшылдар»
4-топ: « Білгірлер»
2. Үй жұмысы
«Әлия» жеке-жеке оқушыдан сұрау.
3. Жаңа сабақ
«Балық ойыны»
Нақыл сөздегі көп нүктенің орнына қажетті сөздері қой. Ол сөздерді балық денесіне жаз. Сонда балықты құтқарғаның және жеңіс сенікі болады.
 Ер есімі-ел есімде.
 Еліңді сүйсең- ерлік істейсің
 Батыл болмай, батыр болмайсың
 Өжет адам өлімді жеңеді.
 Тәуелкеге бел буған адамды ел билемейді.
 Қорқақ қол бастамайды.
«Ой шақыру»
Қажымұқан туралы видеоүзік көрсету.
- Қажымұқан деген есімді естігендерін бар ма?
- Ол қандай адам?
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді,
« Қызығушылығын ояту»
- Күшті, мықты, денсаулық зор болу үшін немен айналысуымыз керек?
- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
- Олай болса, спорт туралы білетіндерімізді топтастырайық.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу
Мәтінді оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті.
«Жұмыр қылыш» күйімен сергіту

Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс
1-топ. «Өзгіз өлімі» тауып оқу
2-топ. « Ауыл адамдарының таңғалуы» тауып оқу.
3-топ. «Егер мен палуан болсам» шағын шығарма жазу.
4-топ. Қажымұқан кім? Сипаттама беру (постер қорғау)
Суретпен жұмыс.
-Балалар суретте кімді көріп тұрмыз?
- Оның денесі қандай?
- Осы сиырды көтеру екінің, қолынан келе бермейді. Ендеше ол қандай?
4. Қорытынды.
ББҮ кестесін толтырады.
5. Үйге тапсырма.
1. Батыр, ерлік туралы мақал- мәтелдер жазып келу.
2. «Алып бала» мәтіннің мазмұнын айтып келу.
6. Бағалау.
Формативті бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.