Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қамқорлық. Б. Соқпақбаев. -

Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1576 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мәтінді сапалы түсініп оқу, нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу. Және дұрыс оқу машығын жетілдіру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, ой – қиял ұшқырлығын күшейту, шығармашылық қиялын, дүниетанымын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Десант сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ж. Қараев технологиясы.

Техникалық құрал: Видеопроектор.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, өмірмен байланыс.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. (мұғалімнің амандасуы, танысуы)
Балалар амансыңба қарақтарым
Оң болып, өрге жүзсін талаптарың
Сенім артып сендерге келіп тұрған
Қалдығараев ұстазы Ақмаралмын.
Қазіргі сабағымыз елдіктің, егемендіктің айғағы болған мемлекеттік тіл қазақ тілін дәріптейтін пән ана тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Көжек» әңгімесінің мазмұнын айту

1 – слайд
ә) «Жедел ойлау» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу
1. Мәтін шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)
2. Ертегідегі кейіпкерлерді ата. (Шаруа, көжек)
3. Ертегідегі негізгі ой не туралы? (Туған жер)
4. Шаруа көжекті қайдан тауып алды? (Мұздан)

Жауаптарыңа ризамын үй тапсырмасы толық орындалған деп бағалаймын.

2 – слайд
Балалар, біз өтіп жатқан бөлімнің атауы «Табиғат – менің өз үйім» деп аталатынын білеміз. Өйткені адамнан бастап барлық тіршілік атаулыны, жан – жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер мұның бәрі табиғат перзенті.
Осы табиғаттағы тіршілік атаулы қазір көктем айында ұрпақ көбейтіп төлдеп жатыр. Құстар туған елге оралып ұя салып балапан өргізіп жатқан кез. Сондықтан әсіресе ауыл балалары осы табиғаттың перзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.
Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың қандай кинофильмдерін білеміз (Менің атым Қожа). Олай болса «Менің атым Қожа» повесінен (шығармасынан) шағын үзінділермен танысамыз.

3 – слайд
«Сөз ойла, тез ойла»

қ м о л қ ы а қ р

Көбейту кестесін орындау.

4 – слайд
Жаңа тақырып: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру.

Мәтінді оқу.

5 – слайд
Сөздік қобдишамен жұмыс.
Жан далбаса – асыға, тездете.
Ентелеп – Бірдеңеге үлгере алмай қалатындай, ентігіп, демалысы жиілеп.
Дуал – үйді, бақты айнала қоршалған қоршау.
Әккі – төселген, қуланған, әбден бойы үйреніп алған.
Безбүйрек – аяусыз.
Топшы – құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.
Бейқам – ешнәрсе ойламай отыруы.

6 – слайд
Мәтінді мазмұндау.

7 – слайд
«Торғай» «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру.

8 – слайд
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.

9 – слайд
Дейңейлік тапсырмалар:
1. Міндетті деңгей:
а) іштей оқу;
ә) тізбектей оқу.
2. Алгоритмдік деңгей:
• Кейіпкерлерге мінездеме бер.
3. Эвристикалық деңгей:
• Сен қалай ойлайсың?
• Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?
• Өз ойымызды ортаға саламыз.
4. Шығармашылық деңгей:
• Бұл деңгейде балалар ой толғап көрейік. Мақал – мәтелдерді, халық даналығын қолдана отырып Жақсылық пен Жамандық тақырыбына ой толғау жазамыз.

10 – слайд
Қорыту.
- Балалар, бүгін біз не туралы мағлұмат алдық?
- Қамқорлық, мейірімділік.
- Сендерге әңгімедегі қай кейіпкер ұнады, қай кейіпкер ұнамады?

11 – слайд


1. Мәтін авторының фамилиясы?
2. Мәтіндегі Жантас қандай бала?
3. Мәтіндегі Қожа қандай бала?
4. Қожа тағы қандай?
5. Жантастың қолында не бар?
6. Жантастың алғашқы оғы неге тиді?
7. Торғайдың аяғы қандай?
8. Екінші оқ торғайдың қай жеріне тиді?
9. Мәтіндегі жақсы бала кім?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?

Бағалау.

Үйге тапсырма: Мазмұндап келу.

Қоштасу: Балалар, біздің еліміз алдыңғы елу елдің құрамына енуіне қадам жазып жатыр. Ел болашағы – білімді ұрпақ деген болатын президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Еңселі елдің елеулі азаматы болып жетулеріңе тілектеспін.
Сау болыңыздар! Назарларыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.