.
.
Қызылорда облысы, қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Жазира Маратқызы Амандасу салты
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3225 | Размер: | Автор: Нартай4540Күні:13.02.2015жыл
Пәні:Әдебиеттік оқу
Тақырыбы:Амандасу салты
Сабақтың мақсаты:Білімділігі:оқушылар мәтінді мәнерлеп оқи отырып,оқиғаны өз сөзімен, ойымен нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйренеді.
Дамытушылығы:оқушылар берілген тапсырмалар арқылы тіл байлықтарын,сөздік қорларын молайтады, ойлауын, есте сақтауын дамытады.
Тәрбиелігі:Әдепті, сыпайы болуға, үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: « Т» кестесі, түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілігі: суретті ребус, кесте
Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу,
2. Оқу- құралдарын түгендеу ,назарларын сабаққа аудару.
3.Сабаққа психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік бәріңізге
Құрметпенен біз
II.Үй тапсырмасын сұрау: Сүт қалай ұйықтайды?
III.Білімді пысықтау:
-«Т» кестесі арқылы
IV.Жаңа сабақ.
-Қызығушылығын ояту
- Суретті ребус шешу
Берілген суреттің бірінші әріптерін қосу арқылы бүгінгі өтетін жаңа сабақтың тақырыбын табады.
-Амандасу туралы оқушылардың ойын білу үшін мына сұрақтарға жауап алу
-Амандасу деген не?
-Амандасу туралы не білеміз?
-Мұғалімнің түсіндірмесі:
Сергіту сәті:
Қазақстанда қол алысады
Италияда құшақтасады
Бразилия иықтан соғады
Зимбаба арқа сүйеп амандасады
Македонияда шынтақпен амандасады
Никарагуа қол шапалақтап, секіреді
IV.Оқулықпен жұмыс
а)Мақалды оқыту, мағынасын түсіндіру
ә)Мәтінді әр қатардың оқушыларына бөліп беру;
б)белгілі бір уақыт біткен соң әр қатардан бір оқушы шығып мазмұнын айтады;
в) әр бөлім бойынша сұрақтарына жауап алу;
Дәптермен жұмыс
Мәтіннен халықтың нақыл сөздерін теріп жаздыру
«Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы щал барып сәлем береді»
V.Сабақты бекіту:
Амандасу түрлері Кімдерге арналған
Ассалаумағалейкүм!
Сәлеметсіз бе?
Сәлем?
Сәлем бердік!
Сәлеметсіздер ме?
V.Сабақты бекіту
VI.Сабақты қорытындылау:
-Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік? ( оқушылардың өз ойларын тыңдау)
VII.Бағалау:
VIII.Үйге тапсырмасы:1. Мәтінді түсініп оқу
2.Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.