.
.
Қарағанды облысы «Ана - өмір шырағы»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2336 | Размер: | Автор: Нартай4540Қарқаралы ауданы
Жарлы ауылы №9 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Жанбота Сериковна
Сабақтың тақырыбы: «Ана - өмір шырағы»
Сабақтың мақсаты: Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру, жыл мезгілі көктем. Аналар мерекесі жайында айту. Ана, оқушы, ұстаз ұғымын ынтымақтастыру.
Түрі: концерттік
Әдісі: сахналық, әңгімелесу, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тақырып, сөз жұмбақ, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
- сәлеметсіздерме? Қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! 8 наурыз халықаралық әйелдер күні деп біздің күнтізбемізде қызылмен белгіленген. Яғни ана, апа, сіңілі, қарындас, қыздарымыдың мерекесі.
- Ана, ана, ана! Осы бір 3 әріп бізге үлкен бір мағынаны береді. Өміріміздің мәні. Ананың ыстық алақанынан, аялы ықыласынан, мейірімді мінезінен артық ештеңе жоқ. Ан туралы көптеген өлең – жырла, аңыз әңгімелер жазылған. Көптеген қыл қалам шеберлері шығармаларында ана бейнесін сомдап, анаға деген шексіз сүйіспеншілік ыстық ықыласын білдірген.
Ақ сүтінде ананың,
Қасиет бар өлшеусіз.
Жаласында ананың,
Қасірет бар өлшеусіз.
Жарық өмір сыйлаушы ана – ұлы,
Ана әкелді өмірге саналыны.
Ақ сүтімен ананың бойыңа енді,
Халқымның інжу – маржан даналығы.
Ана – бесік, ана – жыр, ана – ғасыр,
Бесік жыры әлемді араласын.
Меккеге ол арқалап апар мейлі,
Ақтауы ана сүтін – балаға сын.
- дей отырып келген құрметті қонақтарға сөз беремін. Бүгінгі мерекеге айтатын ізгі ниет тілектеріңіз
(аналар сөз сөйлейді)
- Ана көргендігінің теңдесі жоқ. Ана мен бала арасында көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылдай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының титтей қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
- Балалар кәне, ана туралы өлең шумақтарына кезек берелік.
Балжан.
Біз шаттансақ жүзі ананың арайлы,
Бізге ыстық мейіріммен қарайды.
Өнегелі ісімізге қуанып,
Жанарынан ізгі үміт тарайды.
Жанерке.
Күндіз – нұрлы күнімсің,
Түнде туған айымсың.
Қабақ шытсам мұңымсың
Менің шыбын жанымсың.
Саян.
Өмірге мені әкеліп,
Сыйладың бақыт сен маған
Өсірдің мені мәсепелеп,
Қуатым сенсің қолдаған.
- Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па шіркін, ананың айналып толғанғаны кімнің есінен кетер дейсің. Ботам, құлыным, балапаным – деген ыстық сөздер.
Күрсінбеші, жыламашы ана жан,
Арман кеме мінзеді жағадан.
Өмір майдан шайқаса алмау жеңіліс,
Бұл майданда қол созбайды жан адам.
Ойлы қырлы құрғақ жерге кезіктім,
Қара жерде гүл емес қой тегіс тым.
Өмір солай жетістік пен жеңіліс.
Сүріну бар артында да жеңістің
Шаршамашы мұңға жалғап жүрегіңді
Уайымменен жүдетпеші нұр өңіңді
Бірге есем әлі талай өмірдің
Бақыт ат кемесінде
- Ендігі кезекте мың бұралған биші қыздарымыз Самал мен Томирис, Алуа «Аққу» биімен адарыңызда.
Мадина:
Ана үй перігтесі баяндысы,
Ана бала жалғыз таянышы.
Ана ұлық жан десе дүниедегі
Қате айттың демес бізге ешбір кісі.
Арғын
Баласын балапаным балам – деген,
Түн ұйқысын төрт бөліп жаным – деген
Анамен тең келер жоқ бұл дүниеде
Ұмытпайық, ең ұлық жан ана деген.
-шырылдап жерге түскеннен ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, е бір ұстазың бар. ол – ана. Қара жерді бастай жатып, есіміңді білмей, тымысып бауырына жабылқаның уанбай жылап сенің іздейтінің – ана әлдиі. Ол – қымбат жан. Көктем нұры мен жаздың жайма алақаны мен жүрек қалай жайлы тисе, ананың жылы алақаны мен жүрек сезімі адамға солай әсер етеді. Бірақ біз қолда барда алтынның қадірін кеш түсінеміз. Ана махаббаты жалғыз адамда емес, құс жануарларда да мол болады.
-келесі кезекте бұлбұл үнді әншіміз Томирис «Әрқашан күн сөндесін» әнімен ортада. Ән орындалғаннан кейін.
- Томирис бүгінгі көктем мерекесіне тілегің қандай
- рахмет
-барлық адам баласын даратушы аналарды құрметейік, бас иейік. Бүкіл адамзаттың анасына! – деп Ғ.Мүсірепов жырлағандай адам анасын құрметтеу керек.
Алмас
Аяулы анашым, аялар баласын.
Жақсылық тілеген, ақ жүрек данасың
Арман
Аяулы анашым, мен үшін данасың,
Ұйқыңды төрт бөлдің, перзентің бала үшін
Балауса
Ана деген ардақты ат
Білеміз оны бәріміз
Бас иеміз оған біз
Үлкен кіші кәсіміз
Ана қандай ұлы сөз
Жүрекке жылы тиетін
Ана қандай керемет
Барлық дам білетін
-енді мына көрініске көңіл бөлейік (қайсар, Қуаныш)
немересі Қаныш
- Ассалаумағалейкум ата
Атасы:
- бар бол балам
- балам мені көптен бері бір сұрақ мазалап жүр. Сен оған жауап бересің бе?
Немересі:
- Ата қоятын сұрағыңызды қоя беріңіз мен дайынмын.
Атасы:
- Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Немересі:
- Сол да сөз болыппа, бал тәтті, мамық жұмсақ, темір қатты.
Атасы:
- Балам дұрыс емес, ананың ақ сүті, ыстық алақаны, әкенің жүрегі қатты, есіңде болсын
Немересі:
- бұдан былай есімнен шығармаймын ата – деді.
- Енді қонақтарға осы кезде сөз берсек тағы да
- Бұл көрінісиен не түсіндіңіздер, ой пікірлеріңіз қандай бізбен бөлісіңіздер.
(қонақтар сөйлейді)
- рахмет сіздерге. Қаламқас өз биімен.
- Биден кейін сөз жұмбақ шешсек қалай қарайсыңдар қонақтар, сіздерде араласып отырыңыздар демекпін.
1 А
2 Н
3 А
4 Ж
5 А
6 Н
1. Ең ардақты жан?
2. Келіннің екінші анасы?
3. Ана кісдерді дүниеге әкеледі?
4. Тұрмыс құрғандағы жаныңдағы серігің?
5. ана, па, шеше басқаша қалай аталады?
6. Ана біздің қорғаушы иеміз.
- бәріміз дұрыс шеше алдық!
Ана қандай қуаныш, жүзінен күлкі кетпеген ана бізге жұбаныш, ешбір теңеу жетпеген
Анам бар менің аяулы
Алақаны аялы
Мақтан тұтат ол бізді
Қай сәттерлде саялы
Бақыт тауап баладан
Сая болған анашым
Күні түні қараған
Аялаған анашым.
- мына жерде өмір тамыры ана
- ана махаббатын күн нұрына теңейміз біз, күн шуақты болғанымен, ол өзінің нұрынбізге қараңғылық құшағына енгенше ғана төгеді. Ал ана махаббаты күннен де қауатты, күннен де шуақты. Сол нұрлы мезгілсіз сөніп қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайықшы балалар.
- Ана бейнесін сомдайық.
Қырда шығар қызғалдағы көктемнің
Шуақ төгіп күлімдеген көктем күн
Жаңаша бір жадыратар жаныңды
Құтты болсын мереке боп жеткен күн.
Жеткізетін қыстан қыстық сынуын
Көктем келді жанға төккен жылуын
Мерекемен құттықтаймыз бәріміз
Ана деген адамзаттың сұлуын
Әйел – ана, әйел – арман, әйел –дос
Бар мәіндеті артып жүрме оған бос.
Дұрыс ұғып оның қойғн талабын.
Ана сырын әр қашанда жырға қос.
Әйл – ана тіршіліктің тірегі
Анаменен кірер өмір реңі
Ерлер үшін жаралған ғой сізңмң
Ұрпақ үшін жаралған ғой жүрегі
Ана жазар жүрегіңнің жарасын
Анасыз сен жалғызсың да дарасың
Ана саған берер әркез айырып
Жақсылық пен жамандықтың арасын
Жақсы жанмен әрқашанда сен данасың
Жалындайсың, лаулайсың жанасың
Тірегің мен тіршіліктің діңгегің
Құрметте сен ұрпақтардың анасын!
Жақсы жарық сол бақ боп саналар
Жабырқаса көңіл соған паналар
Басын иіп құрмет тұтар адамзат
Жер бетінде көп болса екен аналар.
- дей отырып бүгінгі біздің «Ана - өмір шырағы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталып келеді. көңіл бөліп келгендеріңіз үшін көп – көп рахмет айта отырып
- тағыда мерекелеріңіз құтты болсын аналар.
- Қош сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.