Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана тілі. Тақырыбы: Мәңгі жасар өмір. -

Ана тілі. Тақырыбы: Мәңгі жасар өмір.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2476 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ана тілі.
Тақырыбы: Мәңгі жасар өмір.
1. Оқушыларды халықтың арман – мұраты үшін күрескен ақын ағамыз Сәкен Сейфуллиннің өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
Халықтың өнерге деген сүйіспеншілігімен, шығармаларының өміршеңдігімен Сәкен Сейфуллиннің өмірі мәңгі жасар өмір екендігін оқушыларға түсіндіру.
2. Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

СТО-ға байланысты міндеті: Тақырыпты зерделей қарап, өмірде қолдана білу, тәрбиелік мәнін ұғыну.

Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
1. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.
2. Өз ойларын шағын, үлкен топтарда ортаға салып, дәлелдеп үйренеді.
3. Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Қолданылатын стратегиялар: «Топтастыру», «Болжау», «Көрнекілік», «Жұптасып сурет салу», «Автордың орындығы».

Көрнекілігі: Сәкен Сейфуллин портреті, кестелер, үнтаспа, суреттер.

I. Қызығушылықты ояту.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, қонақтар!

ә) Топқа бөліну.
Суреттерді құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу.

мектеп
кеме

білім

теңіз

б) Психологиялық дайындық.

• Балалар, осы суреттерді пайдаланып қандай нақыл сөзді оқуға болады?

• «Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз» деген ұранмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Ойын «Құпия жәшік».

• Балалар, менің қолымда бір жәшік бар. Ол жай жәшік емес, құпиясы бар жәшік. Қане, жәшіктің ішінде не бар? Кім табады?
Оқушылардың пікірін тыңдау.

• Балалар, бұл жәшіктің ішінде алтын балықтар бар. Онда сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы біз өткен тақырыптарға шолу жасаймыз, үй тапсырмасын пысықтаймыз.

Әр топқа екі сұрақтан қойылады.

1. «Қазақ, қалмақтың тыныштығы болсын» әңгімесіндегі хандардың аттары кім?
2. «Халық қорғаны» әңгімесі кім туралы?
3. Қабанбайдың шын есімі кім? Оның «Дарабоз», «Нар бала» атануы неліктен?
4. Бөгенбай неше жасында қолбасшы болған?
5. «Махамбет пен Жақия» әңгімесінде Махамбет Жақияны не себепті кейін қайтарды?
6. «Күлпаш» әңгімесін жазған кім? Ол туралы не білесің?
7. «Кедей» өлеңін жатқа оқып бер.
8. Кедей деп кімдерді айтады? Кедейдің ауыр тұрмысын ақын қалай бейнеленген?

II. Мағынаны тану.

«Көрнекілік» стратегиясы.


1) Суреттер не туралы деп ойлайсыңдар?
2) Бұл суретте қандай оқиға бейнеленген деп ойлайсыңдар?
3) Не болады деп ойлайсыңдар?
4) Оған қандай дәлелдерің бар?

- Балалар, бүгін біз Тұрсынбек Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір» деп аталатын шығармасымен танысамыз.

Мәтінмен жұмыс.

«Болжау» стратегиясы.
«Мәңгі жасар өмір» I бөлімін оқып шығу.
Сұрақтар:
1) Осы бөлімді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2) Мәтінді әңгімелеп айтып отырған кім?
3) Жұрт басқарманың үйіне неліктен жиналды?
4) Әнші қандай ән бастады?
5) Ол неге әнді аяқтамай, кілт тоқтай қалды деп ойлайсыңдар?
6) Қандай үлкен мәселе тұйықта тұр? Неге олай ойлайсыңдар?

II бөлімді оқып шығу.

- Басқарма төрағасы екі жігітті не үшін жұмсаған екен?
- «Тау ішінде» әні кімдікі? Ол неліктен бірнеше рет шырқалды?
- Осы оқиғаны қандай жағымды, қандай жағымсыз жағы болды? Неге олай ойлайсың?
- Осыған дейін оқығандарыңды шолып әңгіменің қалай бітуін ойлай аласың ба? Қалай бітуі мүмкін?

III бөлімді оқып шығу.

1) Әңгіме неге «Мәңгі жасар өмір» деп аталған? Ол кімге қатысты айтылған сөз?
2) Әңгіма сендер ойлағандай аяқталды ма?
3) Тағы қандай қазақ халқының мақтанышы болған ұлдарымен таныстық?

«Топтастыру» стратегиясы.

«Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара.
Басып қара жырласын!» - деп Сәкен ақын жырлағандай, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларына назар аударайық.



III. Ой толғаныс.

Ал енді балалар, Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде», «Біздің жақта» әндерінің алғашқы шумақтарын үнтаспадан тыңдайық.

«Жұптасып сурет салу» стратегиясы.

Балалар, енді бейнелеу өнері дәптерін ашайық. Соңғы өлеңінің мазмұнына сурет салайық.
1) Идеялар қайдан келді?
2) Қаламды кім ұстады?
3) Суретті кезекпен салдың ба?
4) Кімнің кезегі келгенде қалай шешілді?

Поэзия минуты.

Берілген ұйқастармен өлең шығару.
... пірісің,
... сырысың.
... жырысың,
... тірісің.

«Автордың орындығы» стратегиясы.
Әр топтан 2 оқушы өзінің ұйқастарын автордың орындығында отырып оқиды.
«Автордың орындығында» отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

Рефлексия.
- Балалар, бүгін біз сабақта қандай әңгімемен таныстық?
- Әңгіме сендер ойлағандай аяқталды ма?
- Сендер ертең ержетіп үлкен азамат боласыңдар. Сендер туған елдеріңе қандай еңбек сіңірер едіңдер? Қандай арман тілектерің бар?
Осы арман, тілектеріңді «Алтын балықтың» арқасына жазып, мұхитқа жіберейік.

Бағалау.
Әр топқа «5», «4», «3» сандарын ортаға салу. Топ мүшелері өздерін өздері бағалайды және себебін айтады. Мысалы: «Мен Жайнаға «5» сыйлаймын. Себебі ол сабаққа өте белсенді қатысты». т.с.с.
Мұғалім: «Мен сендерді сыйлаймын. Себебі, сендер ең ақылды, ең сүйкімді және еңбекқор баласыңдар».

Үй тапсырмасы.
«Мәңгі жасар өмір» әңгімелеу. Бөлімдерге ат қою.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МӘҢГІ ЖАСАР ӨМІР»
АНА ТІЛІ. 3 СЫНЫП

Дайындаған: Рахимжанова Б.Қ.

ЖЕЗҚАЗҒАН
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.