.
.
Қызылорда облысы Қанат туралы хикая
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2169 | Размер: | Автор: Нартай4540Жаңақорған ауданы
№223 қазақ орта мектебі
Пәні:Ана тілі
Тақырыбы:
Қанат туралы
хикая
Мұғалімі:Бержембаева.Н
Ана тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы:Қанат туралы хикая
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру,оқу талдау,бекіту.
2.Тәрбиелік.Табиғатты аялауға, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.
3.Дамытушылық.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Сабақ типі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:Ф.Оңғарсынованың суретті,мазмұнға сай суреттер.әңгімелесу картасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылырды түгелдеп,құрал-жабдықтарын даярлату
2.Психологиялық дайындық
Қай баланың «бесі» көп,
Сол баланың есі көп
Кімдер алса «төртті» көп,
Сана сынып көркі деп-шумағын баяу,шапшаңырақ,тез(өте жылдам)3 рет айту.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқып,оқушылардың жаттап келген баталарын айтқызу.
ә)Сұрақ-жауап алу:
-Бата қайда айтылады?
-Батаны не үшін айтады?
-Батаны кім береді?
-Бата туралы қандай нақыл сөз білесің?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Кіріспе
-Балалар қазір мен бір шумақ өлең оқимын,кімдікі және қалай аталатынын айтасыңдар?
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
-Ф.Оңғарсынова «Жылу»атты өлеңі.
-Ендеше бүгінгі сабақта Ф.Оңғарсынова апамыздың тағы бір өлеңімен танысамыз.
-Ф.Оңғарсынова 1939 жылы Атырау обылысы,Исатай ауданында дүниеге келген.Қазақтың дарынды ақыны.
Ақынның тұңғыш кітабы 1967 жылы шыққан.Жас оқырмандарға арналған өлең-жырлары өте мол.
2.Қызығушылығын ояту.
а)Тақырыпты ашу.
Тақтаға өлең тақырыбы жазылады.
-Қанат деген сөзді қалай түсінесіңдер?Ал хикая деген не?
ә)Сурет бойынша әңгіме құру.
-Осы суретке қарап отырып,өлең не жайында айтылады, соған болжам жасайық.(жұпта өз ойларын талқылай отырып,әңгіме құрастырылады)
3.Мағынаны ажырату.
а)Өлеңді мұғалім оқиды.
ә)Оқушылар іштей оқиды,сосын бірнеше оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды.
б)Сұрақ-жауап:
-Өлең не туралы?(балапан,ата-ана,бала туралы)
-Балапанға не болды?(балапан құлап қанатын сындырды)
-Балапанға көмек берілді ме?(ия,оның қанатына дәрі жағып,байлады)
-Оның ата-анасы қарлағаш не істеді?(жылап,шырылдап ұшты)
-Балапан қанатын көріп,бала не ойлады?(менің де екі қанатым бар екен-ау деп ойлады)
-Адамның екі қанаты кім?(Ата-анасы)
-Қос қанатың түгел болса қандай болады ?(өмірің жарасым тауып,бақытты болады)
-Ал біреуі жоқ болса нендей жағдай туады?(мәңгілік ұша алмай,мүгедек болып қалады)
-Өлеңде ата-анаға қандай тілек айтылған?(екі қанатым ата-анам сау болсын)
в)Көркем сөздермен жұмыс.
Сұрақ қою арқылы көркем сөздерді бөліп алу.
1.Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді?(жылады)
-Жылады сөзі тура мағынада айтылып тұрған жоқ.Мұнда қандай мағынада тұр?
Жан ұшырды
Жылады Қатты үрейленді
Шырыл қағып,
дамыл таппады
2)Дәрі жағып көмек берген соң балапанның халі қандай болды?(күш жинады)
Әлденді
Күш жинады Денсаулығы
жақсарды
г)Көркем ойлармен жұмыс
-Осы өлеңнен ата-анасын қанатқа теңеген жолдарды тауып оқыңдар.
Оң қанатым-әкем де,
Сол қанатым-анашым.
Бірі түссе қатерге,
Мәңгі ұша алмай қаласың.
-Ата-анасын қанатқа қалай теңейді?
ІҮ.Бекіту.
1.Топтық жұмыс.
І.топ:Әке-шеше туралы өлеңдерді еске түсіріп айту.
ІІ.топ:Ата-ана туралы мақал-мәтел ойлау.
ІІІ.топ: «Әке-шешем және мен» тақырыбына мәтін жазу.
Топтың жұмысы талданады.
2.Семантикалық картаны толтыру.
Өлеңнің аты Авторы Кейіпкерлер Оқиға орны Өлең несімен ұнады Өлеңдегі мақсат не?
Қанат туралы хикая Ф.Оңғарсынова Балапан, ата-ана,бала Далада Баланың балапанды емдеп жібергені Баланың балапанға берген көмегі, ата-анаға тілеген ақ тілегі мен адал қымбат жан жоқ
Ү.Үйге тапсырма
а)Оқушыларды бағалау.
ә)Өлеңді мәнерлеп оқу.Ата-анаға тілейтін ақ тілектерін жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.