.
.
Тақырыбы: Ара мен шыбын. Ара мен шыбын.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1784 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1. Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.
2.Қазақ жастарының рухани көсемі болған, ел тағдырына алаңдап, көп қырлы ісімен, даналық саясатымен көзге түскен А.Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру.
3.Оқушылардың көркем сөзді,салихалы ойды өз сөздік қорларына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамын арттыру,еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтыңәдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Венн диаграммасы, ой қозғау, 5 жолды өлең,сахналық қойылым, зертханалық жұмыс, тест.
Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ
Көрнекілік: Слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1.Сыныптың сырт бейнесіне көңіл бөлу.
2.Психологиялық ахуал.
3.Амандасу. Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз.
Қайырлы күн! Амандасып аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-А.Байтұрсынұлы кім?
-Аудармашы, ақын, ғалым, ағартушы.
-И.Крылов қандай мысалдар жазған?
-Ащы шындыққа толы, күлдіргі пьесалар жазған.
-А.Байтұрсынұлының шығарған кітабы қалай аталады?
-«Қырық мысал» 1909 жылы шыққан.
«Кубизм» әдісі бойынша сұрау
Аққу, Шортан һәм Шаян мысалын мәнерлеп оқу.
Балалар, бұл мысалда жүкті Аққу көкке, Шортан суға қарай, Шаян кейін жұлқиды? Неге?
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Бәріңнің айтқанына бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас – дегендей балалар, бірлік болмаған жерде тірлік болмайды.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
1.Ой қозғау.
-Қонақ деген кім?
-Арнайы шақырумен немесе шақырусыз келген адам.
-«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
-Келген қонаққа қуанып, жылы жүзбен дастархан жаятын адам.
-Қонақтың қандай түрлері бар?
-Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.
Автор өмірбаяны.
Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 ж.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерва - ториясының театр факультетінде оқыған. Мамандығы актер болғандықтан өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Республикалық «Ара» газетінде қызмет істеген. 1983 жылы балаларға арналған «Қағазқалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар одағының сыйлығымен марапатталған.
ІҮ. Инсерт әдісі.
Не білесің? «Ара мен шыбын».
Ара.
-Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.
-Дем түтік арқылы ауамен демалады.
-Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына бұтақтарға салады.
-Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.
-Шаққан жері қатты ісіп кетеді.
Шыбын.
-Ауада ұшады, жерде жорғалайды.
-6 аяғы, 2 қанаты бар.
-Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған.
Ү. Оқулықпен жұмыс:
1. Мәтінмен таныстыру.
2. Тізбектей оқу.
3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсініктерін толықтыру.
-Шыбын араға не деді?
-Шыбынның қонақ күтуге дайын еместігі жайлы не делінген?
-Неліктен ара қонақ болып баруға келіспеді?
-Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?
-Мысалда адамның қандай іс-әрекеті байқалады?
ҮІ. Топпен жұмыс. 1-топ Венн диаграммасы.
2-топ 5 жолды өлең.
3-топ «Ара, шыбын» эссе жазу
Тақырыбы: «Егер мен..........болсам»
ҮІІ. «Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
ҮІІІ. Сабақты қорыту.
Ара мен шыбынның пайдасы мен зияны.
-Араның уынан дәрі-дәрмек жасалады
-Ревматизм, радикулит, бронхит ауруларына ем.
-Улы безінен «Апитоксин» деген түссіз, сұйық ерітінді бөлінеді.
-Шыбынның бір қанатында індет болса, екінші қанатында шипа болады.
-Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс жолдары арқылы сыртқа шығады.
ІХ. Үйге тапсырма: 1. Мысалды рөлге бөліп оқу.
2. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме беру.
Х. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.