.
.
Батыс Қазақстан облысы «Ардақты ана» Ә. Дүйсенбиев
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3558 | Размер: | Автор: Нартай4540Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «АРДАҚТЫ АНА»
Ә.ДҮЙСЕНБИЕВ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сарсенбаева М.Д
21.02.2014 жыл. Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ардақты ана»
Ә. Дүйсенбиев
Жалпы мақсаты: Ең қымбат адам ана екендігін түсіндіріп, оның мейрімін, жақсылығын түсіндіру, ананы сыйлай білу.
Міндеті: Анаға сый құрмет сезімін туғызу. Ананың өмірдегі орнын бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдттар,интерктивті тақта.
Сабақтың барысы
1.Психологиялық дайындық
-Балалар, қазір қыстың соңғы айы, дегенмен сыртта ауа райынан көктем лебін сезінгендейміз.Олай болса, көктем айларын атайық және сол айларға бөлніп топтасып 3 топқа бөлініп отырамыз.
2.Қызығушлықты ояту.
Тақтаға назар сала отырып сөзжұмбақ шешелік.
1 А Б А Й
2 Н А Н
3 Д О М Б Ы Р А
1.Қазақтың ұлы ақыны.
2.Ас атасы.
3.Ұлттық аспап
Қызылл жолақ бойында қандай сөз шықты. Бүгінгі біздің сабақтың тақрыбы «Ана» туралы болмақ.
3. Постер қорғау. Алдарыңызда берілген қағазға аналарыңызға деген сезімдеріңізді түсіндіріңіздер. Өлең түрінде, сурет салаңыздарда болады. (5 минут уақыт беріледі) Одан соң сол жұмыстарыңызды тақтада қорғайсыздар. (2 минут)
Балалар жұмыстарыңызға рахмет!
Енді бағалаймыз.
4.Мағынаны тану.
Тақтаға күннің жадын жазып, тақырып авторды жазамын.
«Ардақты ана» Ә.Дүйсенбиев.
5.Бүгінгі өтетін «Ардақты ана» өлеңнің авторы қазақ балалары ақын Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүиеге келген. Көптеген өлеңдердің сөзін жазған. Мысалы: «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Ақ мамам», «Шырша жыры», «Қуыршақ» өлеңдерінің авторы Әнуарбек атамыз.
6.Мәтінменжұмыс.
Мұғалімнің оқуы.
Балалардың өздерінің оқуларын сұралады.
Топта бір оқушы мәнерлеп оқиды.
Берілген ұғымдарға қарай отырып әр топқа бір шумақтан бөліп беремін. Сол сөздеріңіз оқып отырған шумақ мына сөйлемдердің қайсысына сәйкес келеді.
7.Мақалдың жалғасын тап.
І топқа.
Ананың көңілі балада, .......Баланың көңілі далада.
Ағайынның алтын сарайынан, .......Ананың жыртық лашығы артық.
Ердің анасы.....елдің анасы
ІІ топқа.
Ағайын алтау..... ана біреу
......бал,баланың тілі бал.
Әкесіз жетім – жарты жетім,........Анасыз жетім- анық жетім.
ІІІ топқа.
Ана сүтін ақтамағанды....ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір....сөнген көмір
8.Сергіту сәті. (музыкамен) Сағынғанда анамызды қалай құшақтаймыз?
Анамыз бізді қалай иіскейді? Анаға гүлдерімізді сыйлайық! Біз бақыттымыз!
9. Толғаныс.
Өлең сөзін ұйқасын табу.
І топ.
Ақ сүт берген аяулы....ана
Өміріме болған.....пана
Бәрінен де сенсің....дана
Әлемдегі ардақтысың сенсің..... ғана.
ІІ топ.
(Мен үшін сен)........данасың
(Қамқоршысың)........панасың
(Әлдилеген)........баласын
(Аман жүрші)........анашым
ІІІ топ.
(Анама гүл) ...... сыйлаймын
(Айтқанын дәйім)...... тыңдаймын
(Айтқан тілді)...... аламын
(Мен ақылды)...... баламын!
10.Топтық жұмыс. «Ананы барлық адамдар неге құрметтейді» тақырыбында эссе жазу.
11.Поэзия минуты. Ақын өлеңін тыңдату.Қадыр Мырза – Әлі. «Ана»
12.Гүл сыйлау ойыны.
Анашым сөзі шығады, әр әріптен аналарына арналған тілектерін айтады.
12.Ана мен бала бейне роликті тамашалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.