.
.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1471 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту;
2. Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі бағалай білуге үйрету;
3. Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, кестелер, суреттер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Балалар, алда қай ай келе жатыр?
- Наурыз айында қандай үлкен мереке бар?
- Дұрыс айтасыңдар 22 наурыз жаңа жылымыз тойланады. Олай болса бүгінгі сабағымыз осы мерекеге тікелей қатысты болады. Бұл мерекеде алдымен үлкендер не істейді?
Есқуат: наурыз туралы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Амандасу, тілектер айту.
№5 тапсырманы тексеру. Ауызша.
250*6+550*6=4800 552*2+248*2=1600 (356+444)*8=6400
3600*2+805*2=8810 (125+875)*24=24000 (176+24)*450=90000
Интер тақтадан тілектер жазылған карточкалар шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Шашу» бұл қандай дәстүр?
- Қай қатар тез әрі көп орындаса шашуды көп тергені болады.
№8 тапсырма. 2 бала тақтаға, қалғандары дәптерге орындайды.
138 276 : 46 =3006 458 687 : 229 =2003 382 925 : 425 =901
55 590 : 545 = 102 738 123 : 123 =6001 172 216 : 824 =209
685 828 : 218 =3146 305 584 : 142 =2152 215 292 : 132 =1631
- Наурыз тойында қандай ұлттық тағам жасалады?
№9 тапсырма. Тақтаға орындау.
- Балалар, наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы сол ойындарға тоқталамыз.
(498+4578) +422= 5 498 7896 +(2100+4)= 10 000
78987-(7887+400)= 70 700 87896-(796+83000)= 4 100
399968+(4524+32) =404 524 789654-(80654+9000)=700 000
«Көкпар» ойыны.
- Бұл қандай ойын? Қазір №10 тапсырманы қай қатар бірінші орындаса көкпарда сол қатар жеңеді.
2 оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге орындайды.
141 715 : 46 = 3080 (35) 374 699 : 82 =4569 (41)
273 712 : 34 = 8050 (12) 927 561 : 203=4569 (54)
Сергіту сәті: Бөрше Сымбат: «Наурыз» С .Сейфуллин
«Бәйге» ойыны
- Бұл қандай ойын? Қазір №11 және №12 тапсырмаларды орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.
№11 тапсырма. Тақтаға орындалады
А) 1 тәсіл 365 * (50+30) =29200 тонна
2тәсіл 365*50+365*30=29200 тонна
Ә) 250:5 =50 қорап сүт
350:5=70 қорап ашыған сүт
50*7=350 қорап сүт
70*7=490 қорап ашыған сүт
№12 тапсырма
а) 16 326 : 6 =2 721 (авт) – кызыл
2752 + 2721 =5473 (авт) – қызыл және жасыл
16326 – 5473 = 10 853 (авт) – ак
ә) 236 * 425 =100 300 (бөлшек) – барлық жұмысшы жасап шықты
100 300 : 25 = 4 012 (бөлшек) – сатуға жіберілді
100 300 – 4 012 =96288 (бөлшек) – қалғаны
96 288 : 2 = 48 144 (бөлшек) – машина жасайтын зауыт сатып алады
«Қыз қуу» ойыны.
- Бұл қандай ойын? Қазір №13 тапсырманы орындау арқылы жеңімпазды анықтаймыз.
№13 тапсырма
14 728 : 28 : 2 + 78 336 : 306 + 1005 : 5 * 9 = 2328
«Айтыс» ойыны
- Бұл қандай ойын? Қазір №14 тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.
№14 тапсырма
А) түсіндіру
Ә) 225: (3*5)= 15 210: (3*7)=10 18006: (3*2)=3001
9120: (5*3)=608 900: (5*9)=20 80000: (5*8) =2000
Б) 360: (8*9) =5 189: (7*3) =9 720: (9*5)=16
2100 : (6*7)=50 315: (5*7)=9 432: (9*8)=6
Сабақты қорыту:
Электрондық оқулықтан тест орындау.
Рефлексия:
- Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім.» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.
- Ал «мен бүгінгі сабаққа жақсы түсіндім. Сабаққа жақсы қатыстым. Бірақ дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы қатысам» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 4 деген баға.
- Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: «Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу» тақырыбы бойынша 6 мысал дайындау
С. Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернат
АШЫҚ САБАҚ
МАТЕМАТИКА
4«Ә» сынып
«Арифметикалық амалдардың қасиеттері»
Өткізген Басбаева Гаухар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.