.
.
Күні: _______________ Қармаққа түскен шағала. Марат Тоқашбаев
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2675 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Қармаққа түскен шағала. Марат Тоқашбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінді оқып, мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру.
Дамытушылық: көркем сөзді шебер қолдану, түсіндірме сөздіктермен жұмыс жасай білу, сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру, өз бетімен талдауға, зерттеуге, шығармашылық жұмысқа мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: оқушылардың табиғатты, қоршаған әлемді, оның әсемдігін сөз арқылы, көркем әдебиеттегі адам сезімдері арқылы түсінуге жағдай туғызу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,жазу, сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекіліктер: ребус, тақта, бор, оқулық, таяныш сөздер, 5 жолды өлең стратегиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылармен амандасып, кезекшілікті тағайындау.
Үй тапсырмасын тексеру..
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ескерту: сабақ тақырыбы әлі жазылмайды, оқушылар бірнеше топтарға бөлінніп отырады. Тақтаға ребус тапсырма беріледі.
Шыққан сөз – шағала.
Мына тірек сөздерді пайдаланып, 3 минутта қысқаша «Шағала» атты мәтін құрастыру. Көрдім. Қиналдым. Жанашырлық сезім пайда болды. Көмектестім.
Жазылған мәтінді әр топттан бір оқушы оқиды. Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады.
ІІІ. Мағынаны тану.
Мәтінді басынан бастап, «Қызыға қарап тұрған Өркен» деген сөйлемге дейін оқу. Оқушыларға тапсырма:
1. Мәтінді іштей түсініп оқу.
2. Түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Іштей оқу аяқталғаннан соң, оқушыларға сұрақтар қою.
1. Бұл оқиға қайда болды?
2. Кеме үстіндегі бала өзі үшін не жаңалық ашқандай болды?
3. Шағала қандай қиыншылыққа тап болды?
4. Сонымен әңгіме ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? (ауызша болжау)
5. Шағаланың тағдыры не болғанын білгілерің келсе, әңгімені ары қарай оқимыз.
А) іштей оқу.
Ә) мазмұнын түсіну.
Б) кеме үстіндегі баланың шағала туралы тағы не білгенін анықтау. (ізденіп, зерттей оқу мақсатында)
Сұрақтар қою:
- Шағаланы асырмақ болған бала оны неге жібере салды? Әңгімеде осының себебін білдіретін сөйлем бар ма? ( мәтәннен іздеу)
- Әңгіме туралы сендердің болжамдарың дұрыс болды ма?
Сөздікпен жұмыс:
ІV. Ойтолғау
Сабақ басында жазға өздеріңнің әңгімелерің мен автордың әңгімесіндегі ұқсастық неде? Мазмұнындағы ұқсастық, мәселедегі ұқсастық.
Осы әңгімедегі шағаланың образын шығару үшін «5 жолды өлең» жазу.
1 жолы – өлең тақырыбы (зат есім) ШАҒАЛА
2 жолы – тақырып сипаты (2 сын есім) БІЛЕТІН БІЛМЕЙТІН
3 жолы – әрекет (3 етістік) ОҚИМЫН, ТАҢДАНАМЫН, ОЙЛАЙМЫН.
4 жолы – сезім (4 сөз тіркесі) ҚЫЗЫҒАМЫН, АЯЙМЫН, РИЗАМЫН.
5 жолы (1 жолдың мағынасына синоним) ТЕҢІЗ ҚҰСЫ
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: шағала туралы реферат жазу.
Рефлексиялық бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.