.
.
Саб. тақырыбы: Қарсы мәндес сөздер Қарсы мәндес сөздер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1952 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға қарсы мәндес туралы түсіндіру
Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияларды пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Жерін елін Отанын сүюге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Саб. түрі: аралас
Саб. барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бір - біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Өткенді қайталау
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
ІІІ. Негізгі бөлім.
Осы есептерді шығара отырып әр есептің артындағы сөздер ашылады.
Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже шығару. Мақсат қою.
Мағыналары бір - біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
«Сыңарын тап» ойыны
Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз
Алғырлар: аласа, ескі, жарық
Білгірлер: үлкен, ащы, жақсы
Зеректер: тез, алыс, қара
Оқулықпен жұмыс:
13 – жаттығу. Қарсы мәндес сын есімдерді тап.
14 – жаттығу. Сөйлем құрау.
Сергіту сәті
Қара жорға биінің элементтерін билеу.
15 - жаттығу . Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
16 – жаттығу. Топтастыр.
17 – жаттығу. Ребусты шеш.
Шығармашылық тапсырма:
Жаз және күз суретіне қарап сөйлем шағын мәтін құрастырып жаз
Керекті сөздер ыстық, жылы, суық, жасыл, ақ.
Сабақты қорытындылау.
Не білдік? Не үйрендік?
Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді.
Бағалау. Оқушылардың алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: 18- жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.