Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов. -

Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3247 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әдебиеттік оқу 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.
Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсатын таныстыру; оқушыларды
мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:
Туған жер туралы білімдерін кеңейтіп ашу.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың сын тұрғысынын ойлауын дамыту,
шығармашылық жұмыс істеуге үйрету, ойын
жүйелі жеткізуге дағдылану.
3. Тәрбиелік:
Адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілігін
дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық автор суреті, мақал – мәтелдер жинағы.
Туған жер туралы ақындардың өлеңдер жинағы (Ф.
Оңғарсынова, Ө. Тұрманжанов, С. Жиенбаев).
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, дискуссия, ой қозғау топтастыру,
белгілеу.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.
- Сабақтың мақсатын хабарлау. Топтарға бөлу.
- Ж. Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен танысамыз.
ІІ. Мағынаны тану.
1. Кіріспе әңгіме (автордан деректер)
а) топртарға бөліп тапсырма беру.
1 – топ. Туған жер дегенді қалай түсінеміз?
2 – топ. Кешкі қарбалас үстінде ауыл суреті. Қартқожаға қалай көрінеді?
(ойларын жазу)
3 – топ. Қартқожақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін автор қалай
сипаттаған? (тауып оқу).
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқып беру.
Мәтінді оқу барысында белгілеу «+» білемін, «-» білмеймін.
ә) Сұрақ – жауап арқылы мәтіннің мазмұнын беру.
б) Сөздік жұмысы.
Қотан –қой кіретін үй маңы.
Үй басы – әр үй
Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.
Шерсіз – қайғы – мұңсыз.
Балапан жүректі – сәби, жас жүректі.
Қас қарайды – кеш болды.
Жетесіз – ақылсыз.
в) Мәтінді оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей).
ғ) Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын оқытып, талдау.
ІІІ. Ой толғаныс.
Эссе жазу.
1 – топ. 4 – 5 сөйлемнен тұратын «Туған жер» мәтінін құрастыру.
2 – топ. Тірек сөздерден өлең жолын құрастыру (Құшағы кең мақтан етем, өскеніме, шаттанамын).
IV. Қортындылап, туған жер туралы ақын өлеңдерін оқыту.
Ұжыммен ( І. ІІ, ІІІ)
О, туған жер кең пейіл, құшағың кең
Саған көңіл бұлқынар күш – ағыммен
Сағынышты қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
(Ф. Оңғарсынова).

V. Бағалау топпен.
VI Үйге тапсырма.
а) Сауатты оқу, мазмұнын айту.
ә) (абзацты жаттау).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.