.
.
Орта жалпы білім беретін №44 мектеп Арыстан мен тышқан.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1760 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
Тақырыбы:
Арыстан мен тышқан
Дайындаған: Шаримова Гульфия Өскенбайқызы.
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан.
Мақсаты:
а/ Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.
ә/ Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Көркем сөзді өз сөздрінде қолдана білуге үйрету.
б/ Балаларды мейірімділікке тәрбиелей отырып, зұлым, мейрімсіз, қатыгез болудан аулақтау.
Сабақтың әдісі: дамыта оқу технологиялары.
Сабақтың түрі: таным сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ойын « Тұлғаны танып біл»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Адамдың адами белгілеріне қандай қасиеттер жатады деп ойлайсыңдар?
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесіңдер?
Жинақтау әдісі
Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?
Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?
Мағлұмат алу.
Арыстан- мысық тұқымдасына жататын ең жыртқыш жануар. Африка мен Оңтүстік Азияның шөлейт, саванна аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 2 м астам. Салмағы-250 кг. Құйрығының ұзындығы-1 м дейін жетеді. түсі бурыл сары.5-10 топтанып жүреді.
Тышқан- дене тұрқы 5 см. Салмағы бірнеше грамм. Тіршілік әрекеті әр түрлі. Дәрілік өсімдіктермен қоректенеді. Кемірушілер тобына жатады.
Сөздікпен жұмыс.
Зиян- залал, зақым
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
• Мысалмен танысу.
• Мысалды оқи отырып түсіндіру.
• Мысалдың суреттері бойынша түсіндіру.
Сұрақтарға жауап бер
• Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
• Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
• Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
• Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
• Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
Ойын “ Жалғастыр”
/бұл ойын сергіту сәті ретінде ұсынылып отыр./
Дәптермен жұмыс.
І топ.
Арыстан –аң патшасы. Өйткені............
Пайымдау мәтінін жаз.
ІІ топ.
Тышқан туралы сипаттау мәтінін жаз.
ІV. Қорытындылау.
Түйін сөз
Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.
Үйге тапсырма.
Мәтінді рөлге бөліп оқуға даярланып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.