Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арыстан мен Тышқан (ертегісі). -

Арыстан мен Тышқан (ертегісі).

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3913 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Әдебиеттік оқу. 2 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен Тышқан (ертегісі).
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды ұғындыру, мазмұндай білуге үйрету.
2. Оқушының ойлау қабілетін дамытып , сөздік қорын молайту.
3. Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап , әңгімелесу.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивтік тақта , арыстан мен Тышқан суреті , аңдар.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану , дүниетану , ән – музыка.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар , барлығымыз бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?
-Олай , болса орнымыздан тұрып , тақтадағы балармен бірге біз де өзімізді сабаққа даярлап алайық!
1-слайд:
Қуанамын менде ,
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Міне , балалар! Енді бір – біріңе жылы шыраймен жымиып ғана сәттілік тілеңдер!Енді сабағымызды бастайық! Балалар мен сендердің білімдеріңді
беру арқылы бағалаймын. Кім белсенді қатысса сол көп жұлдызша жинайды.
II.Үй жұмысы: Өткенді пысықтау.
-Балалар өткен сабақта қандай өлеңмен таныстыңдар?
2-слайд: Әдептілік әліппесі. (тақтада көрінеді).
Үй жұмысына қалай даярланғандарыңды , өткен сабақты қаншалықты , игергендеріңді тексерейін!
3-слайд: I Қызығушылығын ояту.
Мына сұрақтарға жауап бересіңдер.
1.Әдептілік деген не?
2.Сәлемдесудің , қоштасудың қандай түрі бар?
3.Ұнаған шумақтарыңды жатқа айтып беріңдер?(жарайсыңдар, әр балаға жұлдызша беріп отырамын)
III. Жаңа сабақ.
II.Ой қозғау (Дәптерлерін ашқызып ай күнін жаздыру. Қазанның жиырма сегізі).Өздерің білетін 2 – 3 аңның атын дәптерлеріңе жазындар.
(Ретпен оқытып шығамын).
4 -10 слайд
Әр аң суреті шығады. (түлкі , аю , қасқыр , арыстан , жолбарыс , тышқан).
-Балалар , бүгін біз осы аңдардың арасынан «Арыстан мен Тышқан» туралы ертегімен танысамыз.
11-слайд: Сабағымыздың мақсаты:
-Мәтінді түсіне оқып , мазмұндау.
-Арыстан мен Тышқанға мінездеме беру.
-Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.
12 -слайд: Оқулықпен жұмыс, 55 бет.
(Арыстан мен Тышқан мәтінін өзім оқып беремін. 2 оқушыға бөліп жалғастыра оқытамын).
13-слайд: Балалар , мына сұрақтарға жауап іздейік.
1.Мәтін не туралы екен?
2.Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?
3.Тышқан Арыстанға қалай көмектесті?
4.Сендерге ертегі кейіпкерлерінің қайсысының ісі ұнады?
14-слайд: III Ой толғаныс.
15 -слайд: (Әр қатарға 1 тапсырмадан беріп , бағалау).
1 – қатар: Арыстан мен Тышқанға мінездеме бере отырып , венн диаграммасын толтыру.
2- қатар: Жақсы қасиеттерді жаз.
3 -қатар: Жаман қасиеттері жаз. (Әр топтан бір бала қорғайды)
19 -слайд: Сергіту сәті.
20-слайд: «Дос болайық бәріміз!»
Әрқашан дос , біргеміз.
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер.
Қ / сы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз , сақтаймыз ,
Атсын күліп таңымыз.
21- Слайд IV Қорытынды
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Кімге несімен ұнады? Кім қысқаша мазмұндайды?
V.Бағалау. жұлдызша санайды өздері.
VI.Үй тапсырма: Мазмұндап келу.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ақмола облыстық білім департаменті
Атбасар аудандық білім бөлімі
Сергеевка орта мектебі

Тақырыбы: Арыстан мен Тышқан (ертегі)
/ аудандық «Жыл мұғалімі-2011» сайысында өткізілген ашық сабақ /

Өткізген: Магзум Майра

2011 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.