.
.
Бекітемін: «Арыстан мен тышқан» С. Торайғыров
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3371 | Размер: | Автор: Нартай4540Директор
____________________
«___»____________
№1 4 сынып. Ана тілі сабағы
Тақырыбы «Арыстан мен тышқан» С. Торайғыров
Сілтеме Күнтізбелік жоспар. Оқу бағдарламасы.
Мақсаты а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
ә) Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.
б) Адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу. Мейірімділікке тәрбиелей отырып, зұлым, мейірімсіз, қатігез болудан аулақтау.
Түйінді идея Адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсету.
Оқыту нәтижесі Балалар қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиеленеді.
Оқытушы әрекеті Оқушы әрекеті
1-тапсырма Мұғалім оқушылардың үй жұмысына дайындықтарын ойын ойнату арқылы тексереді. Үй тапсырмасына дайындықтарын бағалайды. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
2-тапсырма Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен таныстырады.
Оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Авторға хронологиялық кесте толтырады.
3-тапсырма Мұғалім әр түрлі суреттері бар қағаздарды тарату арқылы сыныпты үш топқа бөліп, топ басшыларын сайлайды. Сынып топтарға бөлініп отырады.
4-тапсырма Мұғалім әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді. Топ басшылар берілген тапсырма бойынша топ мүшелеріне жұмыстарын бөледі. Атқарылған жұмыстың дұрыстығын қадағалайды.
5-тапсырма Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарын қорғауын талап етеді. Топ белсенділері шығып жұмыстарын қорғайды. Топ басшылары кім қандай жұмысты қалай атқарғанын айтып шығады.
6-тапсырма Нақты сұрақ-дәл жауап жұмысын өткізеді. Мысал бойынша құрылған концептуалдық кестені толтырады.
7-тапсырма Мұғалім оқушыларға өтілген сабаққа рефлексия жасауды ұсынады. Оқушылар бағдаршам түстері арқылы өз ойларын білдіреді.
Үйге тапсырма 1) Мысалды мәнерлеп оқу;
2) «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.
Қайнаp көзі Ана тілі 4-сынып. Атамұра 2011ж.
Сабақтың тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» С. Торайғыров
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
ә) Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.
б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқу технологиялары.
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық.
2) Керек құралдарын алғызу.
3) Назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе,бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған,бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.)
1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;
2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;
3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа
Адалдық Сыйластық
Қайрымдылық Қамқорлық
Жанашырлық Кішіпейілдік
Мұғалім:
- Бүгін біз да адам бойындағы жақсы -жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.
«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.
( Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)
Авторға хронологиялық кесте толтыру
1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?
2 топ.Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?
3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Сөздікпен жұмыс.
Зиян- залал, зақым, кесірін тигізу.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.
• Мысалмен танысу.
• Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
• Рөлге бөліп оқу.
• Іштей оқу.
Нақты сұрақ – дәл жауап.
• Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
• Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
• Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
• Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
• Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
• Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?
Мысал өлең дегеніміз не?
Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп, бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой - пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Дәптермен жұмыс.
Анықтама: « мысал» - сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын,шағын көлемді шығарма. ( дәптерлеріне жаздыру)
Концептуалдық кесте
Р/с Шығарманың
аты Кейіпкері Қандай қасиеттерді бейнелейді?
Ой-тұжырым
1
2
«Арыстан мен тышқан» Арыстан
Тышқан Батыл, өр көкірек,
мақтаншақ;
Қорғансыз, қамқор, жақсылықты ұмытпайды.
Қайырымдылық,
жақсылық жасай білу, көмектесу
І топ.
«Арыстан мен тышқан» мысалын сахналау.
ІІ топ.
Мысалдың түйінді ойын бір шумақ өлеңмен жазу.
ІІІ топ.
Мысал мазмұнына қарай мақал –мәтелдер айту..
ІV. Қорытындылау.
Мұғалім:
- Балалар біздің ана тіліміз өте бай.Осы тақырыпта мазмұны әртүрлі ертегілер көп. Солардың бірін Зәмзәгүл әжей айтып бермекші.
Үнтаспадан ертегі тыңдау.
Түйін сөз
Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.
Рефлексия . Саған сабақ ұнады ма?( Бағдаршамның түстерін пайдалану.)
Үйге тапсырма.
3) Мысалды мәнерлеп оқу;
4) «Арыстан мен тышқан» тақырыбында ойдан ертегі құрап келу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.