.
.
Бекітемін: Асқар Тоқмағамбетов « Құлақ пен тымақ».
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2110 | Размер: | Автор: Нартай4540Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Қосбергенова
Күні : 20.12.2012 жыл
Сыныбы : 2
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов « Құлақ пен тымақ».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып,өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,талдау,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді,ынталы оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,сыпайы,әдепті-арлы болуға,кішіпейіл болуға , адал достыққа ,мейірімділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Өз ойларын ,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Әдіс – тәсілдері: қызығушылығын ояту,проблемалық,салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,іздену, талдау,ой қозғау,топпен жұмыс,өзіндік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену,зерттеу
Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка,математика,өзін-өзі тану
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтың шығармалары,кестелер,геометриялық пішіндер,қыс көрінісі
Қажетті құралдар:интерактивті тақта,үнтаспа
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қызығушылығын ояту. Үнтаспадан күлкі естіледі.
Ал балалар күлкі естігенде кім есімізге түседі?
Алдаркөсенің өлеңі
Мен Алдармын,Алдармын
Тура жолды таңдармын
Керегі жоқ паңдардың
Жылуы жоқ жандардың
Адалдарды аңдармын
Арамдарды алдармын
Алдаркөсе кім ,ол жайында не білдіңдер?
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Алдаркөсе мен салт атты»
Мазмұндау
Орталықтарға тапсырма
Зерттеу орталығы Алдакөсе кім ? Өмірде болған ба? «Алдаркөсе» деген не мағынаны береді? Алдаркөсенің атында не бар?
Өнер орталығы . Ертегіні сахналау
Жазу орталығы . Кесте толтыру
Алдаркөсе Бай
Ақылды ,айлакер,зерделі қу,қарапайым халыққа жаны ашыды,мұратына жетіп отырды,тапқыр,сөзге шешен Сараң,өзімшіл,арам,әділетсіз ,халыққа озбырлық көрсетті
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би
Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар:бірі-өз айтқан сөзіңді өзің орындау,екіншісі-әділдікті нұқсан келтірмеу,Үшіншісі-қайырымдылықты есіңе ұстау,ұмытпау
Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды?
Жыл мезгілдерінің суреті
Көктем-көңілді
Жаз –жайдары
Күз-көңілсіз
Қыс-қатал
Адамның көңіл -күйінің жыл мезгілдерімен байланысы.Көңілді,көңілсіз.
III..Жаңа сабаққа кіріспе
Үнтаспа «Қыз мезгіліндегі ауа-райы»
- Не тыңдап,не сезіндіңдер ?
-Қыс мезгілі
Қыста адамдар қалай киінеді?
Байдың киіміне назар аудару Мултьфильмнен үзінді.
Оқулыққа назар аудару
Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кеті,
Үсіп,ісіп кетті.
-Құлағың үсімес үшін не істеу керек?
«Сиқырлы сандар» топпен жұмыс.Жаңа сабақтың тақырыбын шығару
а ұ л қ қ
4 2 3 1 5
қ т м а ы
5 1 3 4 2
ы м с л а
2 1 3 5 4
Құлақ пен тымақ..
Мысал
IV. Жаңа сабақ . Құлақ пен тымақ . А.Тоқмағанбетов.
Күн ретін,тақырыпты жазу.
«Болжау» стретегиясы
«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді,не туралы болуы мүмкін?
Оқушы жауаптарын тыңдау
Бұл-мысал өлең.
Мысал өлең деген не? ?
Жан- жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып , ой- пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Енді сендер менен не білгілерің келеді?
Оқушылар сұрақтар қояды.
1.Кім жазды?
2.Не туралы?
3.Қай жанрда жазылған?
4. Тымақ қандай болады?
1.Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағам¬бе¬тов (19.9.1905, Қызы¬лор¬да обл., Те¬рең өзек ауда¬ны, бұрынғы 18-пар-тия съезді атын¬дағы кеңшар — 21.8. 1983, Қызы¬лор¬да қ.) — ақын, жа¬зушы.
1932 жы¬лы Моск¬ва по¬лиг¬ра¬фия инс¬ти¬тутын бітірген. «Ле¬ниншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927–30), «Ле¬нин жо¬лы» (Қызы¬лор¬да, 1933—34), «Қазақ әде¬би¬еті» (1934–35), «Со¬ци¬алистік Қазақстан» (қа-зіргі «Еге¬мен Қазақстан») (1937–1944) га¬зет¬терінде, «Ара» жур¬на¬лын¬да қыз¬мет істеді.
Тоқтағам¬бе¬тов ка¬зак әде¬би¬етіне еле¬улі үлес қосқан. Оның по¬эма¬ларын тақыры¬бы, түрі жағынан төрт топқа бөлу¬ге бо¬лады: кеңшар, ауыл өмірі; ел¬ге еңбегі сіңген та¬рихи адам-дарға ар¬налған шығар¬ма¬лары; Отан қорғау, ерлік; ха¬лықтар дос¬тығы тақырып¬та¬ры.
Тоқтағам¬бе¬тов — 19 ғасыр¬да өмір сүрген ка¬зак ақын¬да¬ры ту¬ралы «Жыр күмбезі» (1975) ат¬ты та¬рихи ро¬ман¬ның ав¬то¬ры. Ақын¬ның алғашқы са¬тира¬лық өлеңдер жи¬нағы «Күлкі-сықақ» 1929 жыл¬да¬ры ба¬сыл¬ды. Тоқтағам¬бе¬тов «Әзірет Сұлтан», «Се¬мафор ашық», «Екі заң» ат¬ты дра¬малық шығар¬ма¬лар, «Бәріміз де сон¬дай бол¬сақ» ки¬нос¬це¬нарий де жаз¬ды. С. Ай¬нидің «Құлдар» ро¬манын қазақшаға аудар¬ды (1953). 1-дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ор¬дендерімен және бірне¬ше ме¬даль¬дар¬мен ма¬рапат¬талған.
2. Тымақ– мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т.б. матамен тысталады
3.Оқулықпен жұмыс
1. «Құлақ пен тымақ» Мысалды оқу
2 Мысал өлеңді талдау
3.Тізбектей оқыту
4.Ролге бөліп оқыту
5.Сұрақтар қою
-Мысал не туралы айтылған?
-Мысалдан жылдың қай мезгілі екенін білуге болады?
-Тымақ құлақтан не сұрады?
- Құлақ тымаққа не деді?
-«Сұлуынан жылуы» дегенді қалай түсіндіңдер?
-Қысқы киімдерді атау
4.Дәптермен жұмыс
Құлақ Тымақ
Мінеді,сынады ,мазақ етті
Күлді,кешірім сұрады,қатесін түсінді Көрінбей кеткенін сұрады, «сұлуынан жылуы»- деді,қыста туылғанын айтты
Ой қозғау. Тымақтың орнында болсаң не істер едің?
V.Бекіту
1-топ Аққала құрастыру. Адам бойындағы жағымды қасиеттер
2-топ. Шырша құрастыру Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
3-топ. Қар түйіршіктері Мақал-мәтелдер
Бір шумақ өлең құрастыру .Ауызша
Қар жауды алақай!
Аққала жасаймыз
Жасыл шырша жанында.
Билеп,өлең айтамыз
2.Семантикалық картаны толтыру.
Өлеңнің аты Авторы Кейіпкерлер Шығарманың түрі
Құлақ
Тымақ
Мысалдан қандай ой түйдің?
Құлақ пен тымақ А.Тоқмағанбетов Құлақ тымақ Мысал Қатесін түсінді Кешіре білді
Дәйексөз
Балалардың жауаптарын түйіндеу
Адамдар абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді
Жаңа ақпарат
Баскиім қасиетті, оны айырбастауға болмайды, аяқасты қылмайды. Жақсы кісілердің тымағы атадан бапаға мұра есебінде қалып отырған. Қазақ «бағым ауады » деп баскиімді ешкімге сыйламаған. Баскиімді айырбастамайды, басыңдағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады. Ертеде шала туған сәбиді «тымаққа салып қырқынан шығаратын» ғұрып болған. Шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн бойы керегенің әр басына ілініп қойылады дейді, есеп кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған бапаның рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Біреуге бас ұрғанда аяғына тымағын тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе «Тымақ тастап кешірім сұрау» — бітімге шақырудың ең үлкен жолы. Бұл да тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі.
VI. Қорытындылау
«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет ».
VII. Үйге тапсырма: Мысалды мәнерлеп оқу.Мақал-мәтел жазу
Оқушыларды бағалау
Татуласу
А.Оразақын
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, қане соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік.
№106 орта мектебі
Аудандық семинарда өткізілген сабақ
Сабақтың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ».
Асқар Тоқмағамбетов
Сыныбы : 2
Пәні: Ана тілі
Күні : 20.12.2012 жыл
Нұрмаханова Гүлжанат
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.