.
.
«Жаңа Ғасыр» № 175гимназияның 1- сыныптар арасында оқушылар мен ата - аналарының арасында өтетін «Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет» атты сайыстың сценариі Ашық сабақ «Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1762 | Размер: | Автор: Нартай4540Өтетін Уақыты: 30 қараша
Өтетін орны : Спорт зал №2
Қатысушылар: 1 «А» 1 «Ә» 1 «Б» 1 «В» 1 «Г» 1 «Ғ» сынып оқушылары мен ата - аналары
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қонақтар, көрермендер және әділ - қазылар!!! Бүгінгіі біздің сайысымыз 1желтоқсан Қ.Р. Тұңғыш президенті күніне арналады.
Сап түзел, тік тұр!
Мемлекеттік Гимн орындалсын.
«Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет» атты 1- сыныптар арасында оқушылар мен ата - аналарының сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Денсаулық шексіз бақыт
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы А бай данамызда
Денің сауда сұлусың жер бетінде
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай жеңістерге, - деп сайымызды бастайық!
Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларды құрметтеп, қошеметтеп ортаға шақырайық. 1 «А» 1 «Ә» 1 «Б» 1 «В» 1 «Г» 1 «Ғ» сынып оқушылары мен ата - аналары.
Сайымызды бастамастан бұрын 1 «Ғ» сынып оқушысы Болатбекова Сымбаттың орындауында «Шығыс биі» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі сайыста әділ баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысып өтейік.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бижанова Сандуғаш Ақжолтаевна
2. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Ушурова Айнұр Аркиновна
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Интин Түсіпхан Кимұлы
4. Мектеп дәрігері: Умбетбаева Салтанат Баудиновна
Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады
І бөлім : «Жеміс жинау және егу» ойыны
Шарты: Бірінші берілген жемісті әкесі егеді, анасы жинайды, баласы егеді, әкесі қайтара жинайды.
І бөлім : «Жеміс жинау және егу» ойынын бастауға рұқсат етіңіздар.
Әділ қазылар ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.
ІІ бөлім : « Кенгуру» ойыны
Шарты: Берілге доптың үстіне отырып, секріп қайтадан орнына қайтадан келу
Әділ қазылар ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.
ІІІ бөлім: «Кім жылдам» ойыны
Шарты: Әкесі мен анасы баласын көтеріп барып, орындыққа отырып қайтадан жүгіріп барып қайту қажет.
Әділ қазылар ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.
ІҮ бөлім : «Шар жару» ойыны
Шарты: Әкесі және анасы мен баласы мен жүгіріп барып орындыққа отырып екі қолды көтеріп шарды жару керек.
Әділ қазылар ұпай санын көрсетіп, беріп отырсаңыздар.
І бөлім ІІ бөлім ІІІ бөлім ІҮ бөлім Жалпы ұпай саны
1«А» сыныбы
1«Ә» сыныбы
1«Б» сыныбы
1«В» сыныбы
1«Г» сыныбы
1«Ғ» сыныбы
Жүргізуші : Әділ қазылар ұпай санын есептегенше Музыкалық сәлемдеме 1 «Б» сынып оқушысы Сарсенбай Жанелдің орындауында «Әгугай» әнін қабыл алыңыздар.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
Жүргізуші: «Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет» атты 1- сыныптар арасында оқушылар мен ата - аналарының сайысын жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Көріскенше сау болыңыздар.
«Жаңа Ғасыр » № 175гимназия
Ашық сабақ
«Дені сау жанұя - тұғырлы мемлекет»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.