.
.
Сыныптан тыс шараның мақсаты: Астана туралы толық мағлүматтар
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1437 | Размер: | Автор: Нартай4540• Оқушыларға әсем қаламыз Астана туралы толық мағлүматтар беру, білімдерін кеңейту, толықтыру;
• Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту;
• Қазақстанға деген сенімді және дамыған елу елдің қатарына қосылуға ат салыса алатын, Отанды сүйе білетін, байлығын қорғауға қабілетті, болашақта Отанымыз Қазақстанды көркейтуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.
Түрі: Сыныптан тыс шара
Көрнеклігі: Астана туралы альбом, «Астана-арман қала» слайд, рәміздер, жалушалар, шар.
Барысы:
Мүғалім: Біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Олай болса менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
2. Тұңғыш президентіміз қашан сайланды?
3. Тәуелсіздік белгілерін атаңдар
4. Әсем еліміздің тәуелсіздігіне биыл неше жыл толып отыр?
Мұғалім: Міне, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері дүние жүзіндегі өркениетті елдер қатарынан танылып келеді. Соның ішінде бізді әлемге танытып отырған бұл – ару Астанамыз. Күннен күнге көркейіп келе жатырған Астананы көріп, тамашалаған да шығарсыздар. Ендеше , Астанамыздың, жалпы еліміздің тарихын білу – біздің парызымыз. Олай болса, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойына орай өткелі отырған «Астана-арман қала» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының әнұраны.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар.
2-жүргізуші: Мереке құтты болсын!
1-жүргізуші: Астана қаласы қаншама еңбектермен, күшпен құрылып отыр десеңізші.
2жүргізуші: Астанамыздың көркеюі елбасы мен дана бабаларымыздың арқасы екенін білуіміз керек.
1-жүргізуші: Қазақ тарихында Республика астанасы бірнеше рет ауысқан. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан республикасының Президенті қол қойды.
2жүргізуші: Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының Астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өткізілді. Міне, содан бері 13 жыл уақыт өтті. Енді өткенге көз жүгіртіп, Ұлы дала тарихына шолып өтсек.
1-оқушы: Кеңес өкіметі орныққаннан кейін 1920 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы Орынюор қаласы болды.
2 оқушы: 1925 жылы бұрынғы Қоқан хандығының некаралық қамалы болған Ақмешіт Қазақстанның астанасына айналды. Сол жылы Қазақстан кеңестерінің шешімі бойынша Ақмешіттің патшалық атауын Қызылорда деп өзгертті.
3-оқушы: 1927 жылы Транссібір темір жол магистралі салынды. Ол қазақстанның ең ірі елді-мекені Алматы қалыс арқылы өтті. Бұл қала 1921 жыла дейін Верный атанып келген. 1929 жылы Республика өкіметі жаңа астанаға көшеді. Ол Алматы қаласы еді.
4-оқушы: Тура 70 жылдан кейін 1997 жылы 20 қазанда елбасының жарлығымен Ақмола – Қазақстан Республикасының астанасын айналды. Сонымен Ақмола Астана болып дәйекті түрде өзгертіліп, Тәуелсіз ел егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.
Таңшолпан: Қадамың бар баспаған
Асуың бар аспаған
Халқың жетсін мұратқа
Ей бас қала – Астанам!
Жасқайыр: Тың жалдарды бастаған
Жалған атын тастаған
Қайта түлеп құлпырған
Ей бас қала - Астанам!
Ақмарал: Жетпіс тоғыз – жас қыран
Жау дұшпанын жасқаған
Намысың бар найзадай
Ей бас қала – Астанам!
Кубей: Кеңесары бас бабаң
Озық туған басқадан
Арыстарды ардақта
Ей бас қала – Астанам!
Алтыншаш: Шырқап көкке асқақ ән
Болашаққа бас қадам
Қазақ рухын биіктет
Ей бас қала –Астанам!
Ғыйлымбек: Жас Астанам-жас қалам
Тарихың бар ашпаған
Ордасы бол ойшылдың
Ей бас қала –Астанам!
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың әні «Елім менің».
2-жүргізуші: Орындайтын Малаева Диана, Жұмабаева Рыскул
1-жүргізуші: Елбасы 1991 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін Ақмолаға келіпті. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарапты. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайды екен.
2-жүргізуші: Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді.
1-жүргізуші: Сонымен, Есіл өзені бойынан жобасын елбасы сызып берген қала бой көтерді.
Таңшолпан: Салынып жатыр Астана
Салынып жатыр
Ресторан
Кафе
Асхана
Балға мен балта
Қашау мен қайла қосылса
Ақыл мен айла қосылса
Тіл бітер тегі тасқа да
Салынып жатыр Астана!
Ақмарал: Салынып жатыр Астана
Қарамай тіпті
Дауылға
Желге
Жаңбырға
Жанына серік
Жан-жақтан келіп
Береді ерік ән-жырға
Салынып жатыр...
Салынып жатыр Астана!
1- жүргізуші: Осылайша ірге тасы қаланған қала атауы да бірнеше рет өзгерді.
2-жүргізуші: 1961 жыл –қала атауы Ақмола деп аталды
1-жүргізуші: 1961-1992 жылдар –Целиноград
2-жүргізуші: 1993-1998 жылдар – қайтадан Ақмола атанса
1-жүргізуші: 1998 жылы 6 мамырда қала атауы Астана қаласы болып өзгертілді.
1-жүргізуші:
Ағылып Атыраудан, Алатаудан
Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.
Жайнайды Астана ару алқасындай
Ғажайып ғимараттар жаңа салған
2-жүргізуші:
Көз тоймас келбетіңе қандай көркем!
Астанам жаңа қала жайған өркен
Астанам жүрегі елдің, жүрегі елдің,
Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!
Би. Вальс «Сағындым Алматымды» 3-сынып оқушылары
Таңшолпан: Астана - Еуразия құрлығының кіндігінде, Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан қала.
Кубей: Астана – Еуропа мен Азия көне заманнан бері жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала
Алтыншаш: Көлік жолдары Қытай мен Ресейді, Батыс Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстырып жатқан қала
Ғыйлымбек: Астана – Қазақстандықтардың мақтанышы
Бәрі: Астана – Қазақстан Республикасының елордасы.
Астанаға арнау(ән,би) Мұқанова Алтыншаш және 3-сынып оқушылары
1-жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана Ақ Ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп
2-жүргізуші: Құрметті: ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерей тойы құтты болсын. Қуаныш, тыныштық,мол табыс әкелсін деген тілекпен «Астанаға» арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Бірге: Назарларыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.