Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қастек Баянбайұлының «Жақсы мен жаман » өлеңі -

Қастек Баянбайұлының «Жақсы мен жаман » өлеңі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2257 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Қастек Баянбайұлының «Жақсы мен жаман » өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ақынның өмірі туралы мағлұмат беру, «Жақсы мен жаман » өлеңін оқу, талдау, идеясын ашу;
Дамытушылығы: өлеңді мәнерлеп оқуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, өз ой-пікірін айта білуге жетелеу;
Тәрбиелігі: жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта,компьютер,ақын портреті,слайдтар,оқулық.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,қазақ тілі,ән-күй. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Шаттық шеңбері: Біз әдепті баламыз,
біз ерекше боламыз.
Қонақтарды,
көргенде,сәлеметсіздерме!-деп
сәлемдесіп аламыз.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізейік.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,бүгін сыныпта кім кезекші?
- Үй тапсырмасына не берілді?
Өткен тақырып бойынша оқушылар «Сен үшін ұялдым» тақырыбыны эссе жазыып келу.Дүкенде мәтінінің мазмұнын оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы үй жұмысы тексеріледі.(топпен жұмыс).
-Сендер өз беттерімен дүкеннен зат алуға барасыңдар ма?
-ақылды балалар қоғамдық жерлерде өздерін қалай ұстау керек?
-Орынтайдың қай қылығы оны ұятқа қалдырды?
-дүкенде неше адам болды?
-Орынтай неше жаста?
-Орынтай дүкенде неше рет ұялды?
-Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?
III. Жаңа сабақ.
Балалар сендер ребус,сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
Ендеше сөзжұмбақ шешейік.
1.Жылт-жылт етіп төбемде,
түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)
2. Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып.(шаңғы)
3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

4. Мұртын сипап күн бойы,
бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
тышқанды көп қуады.(мысық)
5.Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(ыдыс)
Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты жақсы деген өте жақсы!
1. Айналада ақ отау,
аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
2.Қыстың екінші айы. (қаңтар)
3. Даусы бар,жаны жоқ,
шертсең күйі әні көп.(домбыра)
4.Мінсем,
төменге зу етем.
Өрлесем,
оны өзім сүйретем.(шана)
5. Қасиетті тағам. (нан)
Ендеше, балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Жақсы мен жаман деп аталады.
-Біз бүгін “Жақсы” деген не?, “Жаман деген не?”
сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау,
жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды
айналасын зор қуанышқа бөлеп, бақытқа
жетелейтіні туралы айтамыз.Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. - Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Сондай-ақ адам бойында жаман,теріс, қасиеттер де болады.Ол қандай қасиеттер,одан қалай сақтанамыз,оны бүгінгі «Жақсы мен жаман деген сабағымыздың барысында білетін боламыз.Осы өлеңді жазған Қастек Баянбайұлымен танысамыз.
1936 жылы 15 қарашада туған. Ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, 1948 жылы Екпінді орта мектебінде оқыды. Осы мектептің қабырғасында жүрген кезінде – ақ Қастектің сурет салуға деген бейімділігі біліне бастайды. 1960 жылы журналистік қызметке ауысады. Алакөл аудандық «Жаңа өмір» газетінде түрлі қызметтер атқарады. Сөйтіп, оның ақындық таланты кеңінен таныла бастайды.
- Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.
- Жақсы деген немене?
1. Гүл өсірген жақсы.
2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.
3. Үлкендерге көмектескен жақсы.
- Дұрыс айтасыңдар.
Ал, жаман деген немене?
1. Салақ, кір – қожалақ болған жаман.
2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.
3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Осы өлеңді тізбектей
мәнерлеп оқиық.
Жақсы мен жаман
Қайыр күтпе баладан,
өз мысығын сабаған.
Кім алдаса анасын,
оған қалай нанарсың.
«Екі» болса алғаны,
бала ұятқа қалғаны.
Ойнап жүріп жыласа,
орынды емес бұл аса.
Келсе сөзі анайы,
мақтамас бұл баланы,
Жала жапқан басқаға,
барып тұрған масқара.
Добын қимас ойнауға,
ұят сараң болғанда.
Кім мақтанса көбірек,
жасайды мінез жөні жоқ,
Ерінсе қол жуғанға,
нассың дейміз мұндайда.
Мұнша уақыт санарлық,
бар екен ғой жамандық.

Бәрі жақсы баланың,
беске оқиды сабағын.
Айналайық баладан,
көгершінді аяған.
Адал болса досына,
азаматың осыда.
Ойнатса кім інісін,
мақұлдаймыз мұнысын.
Әділ болсаң ойында,
жақсы мінез оның да.
Күтсе бала әжесін,
жақсы дейміз дәл осың.
Өскен бала ауылда,
ойнар аттың жалында.
Өзі түйме қадаса,
мұндай бала тамаша.
Уәдесін сақтаған,
баланы жұрт мақтаған.
Болады әрі санауға,
жақсылық көп қалайда.

Өлең не жайлы айтылған.
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?
Жағымды, жағымсыз әрекеттерді табу.
Осы өлеңде жазылған жаман-жақсы қасиеттерді маған кім тауып береді.
- Балалар, мына суреттен не байқап отырсыңдар? Қандай әңгіме құруға болады?
IY. Топпен жұмыс 1-ші топ осы көрсетілген сурет бойынша жақсы қасиеттер туралы әңгіме жазады.2-ші топ жаман қасиеттер туралы әңгіме жазады.Осы кезде мұғалім оқушылырдың жазған эсселерін дауыстап оқиды. Бір топтан бір оқушы тұрып құраған әңгімесін оқиды.Екінші топтан бір оқушы тұрып құраған әңгімесін оқиды.
Балалар, жақсымен дос болып, жақсыдан үйрену керекпіз, ал жамандықтан аулақ жүрейік.
Y. Поэзия минутты:Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады).
1-оқушы:Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
2-оқушы:Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3-оқушы:Жаман бала құрысып,
Өз – өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып
4-оқушы:Жақсы бала әрдайым ,
Деп «Ұятқа қалмайын»
Сабағына барады,
Күнделікті дап – дайын.
Жақсы мен жаман туралы өлең шығару.
YI. Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз,
гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
көбелектей қонамыз.
YII. Шығармашылық тапсырма:оқушылыр өздері төрт жол өлең құрастырады.Жақсы мен жаман қасиетке байланысты.
YIII.
Ассоциация құру: Мұғалім сұрақ қою арқылы ассоциация құрады.Өмірдегі жақсы-жаман қасиеттерді айтады.
жақсы 1-адалдық жаман 1- мақтаншақ
2-мейрімділік 2-өтірікші
3-қамқорлық 3-әдепсіз
4-көмек 4-сараң
5-қайрымдылық 5-еріншек

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
IX. Жалғасын тап:Мақалдың басын айтып соңын оқушылар айтады.
- Балалар, бүгін біз жақсы мен жаман туралы әңгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін біздің ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Мақалдың жалғасын оқушылар тақтада жазады.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаман – шайқап сөйлер, жақсы байқап сөйлер.
Жамандықты –ұмыт, жақсылыққа ұмтыл.
Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
Жақсы балалар мақал-мәтелдерді де жақсы біледі екенсіңдер.
X. «Ойнайық та,ойлайық»
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады.
Кішкене баланы жылатуға болады.
Құстарды атуға болады.
Сабақтан кешігуге болады.
Есікті керуге болады.
Ауызды ашып есінеуге болады.
Үйге жүгіріп кіруге болады.
«Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
XI. Жүректен жүрекке оқушылар бір-бірлеріне тілек айтып күннің нұрларын іледі. Содан соң ұрандарын айтады.

Жақсылықтан үйреніп,
боламыз біз жақсы адам.
жамандықтан жиреніп,
үлгі аламыз жақсыдан.
Мұғалім: Жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты,
көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін
Адамгершілігі мол азамат болыңдар.
Алдағы уақыттан бастап жаман әдет пен қылықтардан
тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай
адам болыңдар
Ән: «Бау бақша белдер».
XII. Үй жұмысы: Өлеңді мәнерлеп оқу.
XIII. Бағалау.
XIY. Қорытынды:
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.


Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ
1.«Венн диаграммасы» арқылы адамның қасиеттері туралы "Жақсы деген немене, жаман деген немене?" деп ой қозғау.
Менің пірім — Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай, - деп жыр алыбы Жамбыл Жабаев жырлағандай, бүгін озық ойлы, өткір тілді Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен танысамыз.
2. Электронды оқулықтан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін тыңдау.
3. Сөздік жұмысы
Парқы – бағасы
Миуалы – жемісті
Көр көкірек – еш нәрсеге түсінбейтін, бос кеуде
Көзі соқыр – түк білмейтін надан
Шала – оттағы толық жанып бітпеген ағаш
Тана - 1 мен 2 жас аралығындағы ірі қара.
Сөзі майда – сыпайы, әдепті сөйлейді.
4. Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту, қарасөзге айналдырып айттыру.
5. Сұрақ –жауап арқылы өлеңнің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау.
6. Топтық жұмыс
1-топқа теңеу сөздерді таптыру.
2-топқа антоним, синоним, дисфемизмді таптыру.
3-топқа қайталау мен аллитерацияға мысал таптыру.
4-топқа тұрақты тіркестер мен мақал - мәтел таптыру.
5-топқа өлеңнің идеясын ашқызу, өлеңнің тақырыбына сай мақал - мәтел таптыру.
7. - Иә, балалар, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей жақсы болу үшін қандай қасиеттерге ие болуымыз керек екен?
- Қазақ халқында адамгершілік асыл қасиеттерді уағыздап, халықтың маржан жырларын нақышына келтіріп айтып жүрген, аты аңыз бен жырға айналған тұлғалар көп. Солардың ішінде «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі - Сүйінбай» болса, шәкірті - өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл, оның шәкірті –ән мен жырдың кеніші атанған Кенен Әзірбаев, оның шәкірті –әйгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, оның шәкірті Мейрамбек пен Тоқтарды білмейтін адам кемде-кем.
Тоқтар Серіковтің орындауындағы халық әні «Дүние - айды» тыңдату.
ІІІ. Сабақты бекіту.
«Кім жылдам?»
Шахмат ойынының ережесіне сай аттың жүрісімен жүріп отырсаң, тақырыпқа байланысты мақал оқисың.
ІV. Үйге : Ұнаған шумағын жаттау.
V. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.