.
.
Маңғыстау облысы , Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Ата заңым аялайды елімді.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1359 | Размер: | Автор: Нартай4540М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Есенгуль
Тақырыбы.Ата заңым аялайды елімді.
Мақсаты.ОқушыларғаҚР конституциясы туралы терең білім беру.Жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету.Оқушыларды ұлтжандылыққа баулып құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі. ҚР-заңының баптары.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру
Сыныпты екі топқа бөлу.
Бірінші топ”Азамат’’
Екінші топ’Болашақ
1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қабылданды.Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды.
1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп,нәтижесінде Қазақстанның
жаңаКонституциясы қабылданды. Биыл Ата заңның қабылданғанына 16 жыл толып отыр.
Конститутция 9болім,98 баптан тұрады Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар.мен өзгертулер енгізілген.Кез-келген азамат еліміздің негізгі заңы-Конститутцияны міндетті түрде оқып-танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс.
1-оқушы.Ата заң.
Әділдікпен басталсын деп атқан таң,
Ата-бабам келе жатыр сақтап заң
Қасым ханның қасқа жолы бас болып
Тәуке ханның жарғылары сақталған.
Билер шешіп ақ пен қара арасын,
Жапқызбаған жамандықтың жаласын.
Заң деген бар біздегі асыл қасиет,
Ата заңым таң нұрындай таралған,
2- оушыБақыт құсы қонған күн.
Тойла-тойла, қазағым, мерекеңді,
Қуанышқа кенеген бейбіт елді.
Құтты болсын туған күні Ата заңның,
Мерейлі мерекесі, берекелі,
Бақыттысың, қазағым, бақыттысың,
Көк әлемге ұшыршы бақыт құсын.
Мерекелі күнінде Ата заңның
Ел тілегін әлемге алып ұшсын.
Заң ортасы орнаған Астанаң бар,
Көрген жанды көркімен таң қалдырар.
Ертеңді ойлап салдырған Елағасы,
Игілігін көрсін деп жас ұрпақтар.
3-оқушы.Конститутция-ерікті елдің құқы.
Конституция-ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция- алтынзаң, елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.
Сайыстың өтілуі.
1.Сұрақ-жауап сайысы.
2.Тіл-өнер.
3.Ұғымдар сөйлейді.
“Сұрақ-жауап” сайысы
1-ші топқа
1.Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады?
(1990 жылы 25-қазанда)
2.Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға міндетті?
(Орта білім)
3.Конституцияда қанша бөлім бар?
(9 бөлім бар)
4.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.
(Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.)
5.Қазақстанның премьер- министрі кім?
6.ҚР-ғы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды.
(2002 жылы 8 тамызда)
7.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы кім?
(Халық.)
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?
(18 жасқа толмаған.)
9.Заң шығарушы орган.
(Парламент.)
2-ші топқа
1.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды.
2.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған?.
3.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?
4.Президент неше жылға сайлана алады?
5.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы?
6.Парламент неше палатадан тұрады?
7. Адам құқығының жалпыға бірдей декларияцисы қашан қабылданды?
8. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?
9. Ең алғаш қай ғасырда, қай елде заң ережессі шықты?
Тіл-өнер сайысы.
1.Бір қазаға екі...(жаза- наказание)
2.Би екеу болса, дау...(төртеу-четыре)
3.Әр елдің... басқа, иттері қара қасқа.(заң-закон)
4.Қыдырып ішкен көженің керегі жоқ,
Қыдырып айтқан... керегі жоқ.
5.Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң,тар жарде...болар.
6.Ата-ананың қадірін... болғанда білерсің,
Достың қадірін... болғанда білерсің.
Ұғымдар сөйлейді.
1.Мемлекет бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы
2.Айыпталушыны жақтаушы?
3.Төтенше маңызды мәселе туралы бүкіл халықтың пікірін сұрастыру, мемлект басқару ісіне қатыстыру.
4.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге тілек білдірген адам.
5.Халықтың жалпы еркіндігін білдіретін, ең жоғарғы заңдық күші бар және әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік маңызды ұстанымдары бекітілген мемлекеттің негізгі заңы
Қорытынды.
Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты және ең үздік оқушыны анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.