.
.
Дүниетану «Ауаның қасиеті»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1668 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: «Ауаның қасиеті»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, ой - өрісін, танымын, сөйлеу тілін дамыту арқылы ауаның қасиетін ұғындыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, өз бетінше жұмыс тәжірибе топтастыру, дәлелдеу.
Көрнекілігі: Тірексызбалар, тәжірибеге қатысты құралдар, доп, шар, шырағдан, бокал ыдыстар, банка, шырпы, суреттер салатын плакат, тест, сөз жұмбақ т.б.
Бағдарлау мотивациялық кезең.
( оқушы қызығушылығын ояту)
А). Балалар жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар.Онымен әркім –ақ күнделікті кездесіп тұрады. Біз оны көрмейміз, бірақ сеземіз. Ол есікті тарс жабады, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтардың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көреміз. Сиқыршы сені үнемі қоршап тұрады, сенімен бірге жүреді.
Бұл не?
АУА.
Ауа тақырыбына кімдер дайын?
Үшінші қатардан 3 оқушыдан 3 тәжірибе көрсетіп сабақ айтады.
Оқушыларға сұрақ беру.
1. Ауа көзге көрі не ме?
2. Түсі қандай? (түссіз)
3. Иісі қандай? ( иіссіз)
4. Дәмі бар ма? ( дәмсіз)
Тақтадан оқыттырып пысықтап, қорыту (үй тапсырмасын)
(Ауа көзге көрінбейді,, иіссіз, дәмсіз).
Жаңа сабақ. «Ауаның қасиеті»
Дәптермен жұмыс
Күннің жады, тақырып жазылады.
Мұғалім түсіндірмесі.
1. Допты (қолға алып) екі бүйірінен қыссақ, ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсек серпіліп орнына келеді.
Допты секіртетін не нәрсе? – ауаның серпімділігі.
2. Шарды үру бүйірінен қысу, босату (оқушымен бірге)
Автокөліктің дөңгелектері сығылған ауаға толтырылады. Бұл жүруіне қолайлы.
5. Үйлердің, мектептің терезелеріне екі қабатты әйнек салынады. Екі қабат әйнектің арасында ауа болады. Осы ауа (үйдегі) іштегі жылуды сыртқа шығармайды,Себебі ауаның бойынан жылу нашар өтеді.
5. Қыс кезінде адамдар тері тон, жүн қолғап, бас киім киеді, не үшін?
( тоңбау үшін). Киімдердің түгінің арасында ауа бар. Осы ауа адамның денесінің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.
Сергіп алу. ( 3 минут)
Тәжірибе жасау:
- Оқушылар ауаның бұлардан басқа да маңызды қасиеттері бар. Оны көру үшін тәжірибе жасап көреміз.
- Сақтану ережелерін есімізге түсірейік.
1.
2.
3.
Үш шырағданды жағамыз.
1. Бокал төңкереміз
2. Банка төңкереміз. Көлемдері әртүрлі.
3. Ашық қалдырамыз.
Байқамыз! Әуелі қай шырағдан сөнер екен?
1. кіші бокалдағы.
2. Банкадағы
3. Ашық тұрған шырағдан біткенше жанады.
Кітаппен жұмыс.
Мұғалім түсіндіре отыра оқып береді.
Тізбектеп оқыту.
3 қатардан 3 оқушы оқу.
Тес сұрақтарын тарату.
Мұғалім оқиды, оқушылар белгілейді.
Сөзжұмбақ шешу «Ауа»
Ж а
р ы
қ
с у
т а м а қ
Қорыту. Тақтадағы сөздерді хормен оқу.
Сонымен ауа физикалық дене . Ауа газдардың қоспасына тұрады.Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы болады. Адамдар оттегімен дем алып көмірқышқыл газын шығарады екен. Мына сыныпта өсіп тұрған гүлдер күндіз көмірқышқыл газын жұтып, оттегін шығарады.
Ауаның қасиетін білдік
Үйге тапсырма ( түсініп, оқып келу)
Тест жинап барлық оқушыларды бағалау.
Ескерту, мадақтау.
.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.