.
.
«Ауаның қасиеті»-разработка урока 18.10.2011 Касаинова Гульназ Амангельдиновна 2 «Ә» сынып Ауаның қасиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1606 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы : Ауаның қасиеті
Сабақтың мақсаты :Ауаның қасиеттері туралы білімді кеңейту. Міндеттері : 1.Ауаның серпімді , сығымды екенін дәлелдеу және тәжірибе арқылы оқушыларға ғылыми түсінік беру.
2. Оқушылардың ой – өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту. 3. Оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: плакаттар, маркерлер, тәжірибелер жасауға арналған заттар (майшам, стақан, банка, шыны ыдыс, су, қант, доп...), техникалық құралдар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме; баяндау; оқулықпен, флипчартпен, топтық жұмыс; т.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезені. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сынып төрт топқа бөлінеді. А)І топ. 1-тәжірибе (кез келген заттың бойында ауа бар) ІІ топ. 2-тәжірибе (ауаның орын алуы – тамшуырмен дәлелдеу) ІІІ топ. 3-тәжірибе (Ішіне су құйылған ыдысқа стақанды төнкеріп салу – стақанның ішіндегі ауа орын алғанын дәлелдеу)
ІҮ топ. 4-тәжірибе (шарды үрлегенде ол торсияды – ішіне ала толады)
Ә) Тест тапсырмалары (жеке парақта жүргізіледі). Түсініктеме
1.Ауаның қасиеттерін бөліп көрсет және дөңгелет:
А) бос Ә) түссіз Б) иіссіз
В) дәмсіз Г) көгілдір Ғ) көзге көрінбейді
2. Кез келген заттың бойында ауа болады ма?
А) жоқ Ә) кейде ғана болуы мүмкін Б) ия
3.Ауа орын алады ма?
А) ия Ә) жоқ Б) анықталмаған
4.Адам ауасыз қанша уақыт өмір сүре алады?
А) адам үшін ауа маңызды емес Ә) бірер минут қана Б)өз қалауынша
Парақтарды жинап алып, әрбір оқушының жұмысын бағалау.
Б) «Ауа» сөзіне қауымдастық құру (флипчартпен жұмыс)
ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты жазу
2.Оқулықпен жұмыс 36-37бб.
3. Тәжірибе : (флипчарт ) А) Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. Ә) Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. Қорытынды: Ауа сығылады.
Ауа серпімді.
3.1 Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою. А) Оның біреуін стақанмен жабу. Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу. Б) Үшіншісін ашық қалдыру. Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Егер пештегі ағаштың, көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ,ақырын жанып жатқан отты үрлесен , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесен , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса, оның үстіне көрпе жаба салу керек, не су құю керек.
Дәптерге жазу: АУА – СЫҒЫЛАДЫ (СЕРПІЛЕДІ) – ЖЫЛУДЫ САҚТАЙДЫ – ОТТЫ ЖАНҒЫЗАДЫ
ІҮ.Сергіту сәті. Ү.Ой-қиял. Топпен жұмыс. (Жұмысқа берілген уақыт –5 мин)
Тапсырмалар.Ойланыңдар, талқылаңдар және суретін салыңдар, адамға өмірде ауаның қандай қасиеттері көмектеседі және қалай
Топтық жұмыстың тұсау кесері. Плакаттар сыныптың ішіне ілінеді.
ҮІ.Қорытынды.
А) Бүгінгі сабақта не білдік ? - Ауаның қасиеттерін білдік.
сығылады серпіледі түссіз жануды қолдайды көрінбейді мөлдір Ә) -Адам өмір сүруіне не қажет ? - Ауа, жылу, жарық , су, тағам. - Осының бәрін қайдан аламыз ? Табиғаттан. - Олай болса адам табиғат перзенті. Ал табиғат біздің анамыз .Табиғатты қорғау және аялау керек.
ҮІІ.Бағалау
ҮІІІ.Үй тапсырмасы. 36-37 бб. оқу, мазмұндау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.