.
.
Сабақтың тақырыбы : Ауаның қасиеті . Ауаның қасиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1395 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты :Ауаның қасиеттерімен таныстыру. Міндеттері : 1.Ауаның серпімді , сығымды екенін дәлелдеу және тәжірибе арқылы оқушыларға ғылыми түсінік беру. 2. Оқушылардың ой – өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту. 3. Оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезені. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сынып үш топқа бөлінеді. І топ. Ауа туралы әңгімелеу. ІІ топ. «Жердің көзге көрінбейтін киімі» мәтінін мазмұндау. ІІІ топ. «Көрінбейтін сиқыршы» мәтінін әңгімелеу. ІІІ. Жаңа тақырып: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 2. Кестені толтыру. – Ауа туралы не білеміз ?
Білемін Білдім
Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады.
3. Тәжірибе : А) Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сыңылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады. Ә) Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 4. Қорытынды: Ауа сығылады. Ауа серпімді. 5. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою. А) Оның біреуін стақанмен жабу. Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу. Б) Үшіншісін ашық қалдыру. 6. Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату. І топ – Бірінші май шамды бақылайды. ІІ топ – Екінші май шамды бақылайды. ІІІ топ - Үшінші май шамды бақылайды. 7. Сұрақ : Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу. 8. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ,ақырын жанып жатқан отты үрлесен , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесен , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса, оның үстіне көрпе жаба салу керек, не су құю керек. 9. Сергіту сәті. 10. Кестені толтыру.
Білемін Білдім
Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды.
11. Сұрақ . От жанғанда не шығады ? Түтін. 12. Суретпен жұмыс. Сюжетті сурет арқылы экологиялық тәрбиеге байланысты әңгіме жүргізу. 13. Суреттер байқауы. «Менің аулам», «Менің мектебім», «Менің қалам» тақырыптарына салып келген суреттерді қорғау. 14. Бес жолды өлең. А) Ауа. Ә) Түссіз, мөлдір. Б) Сығылады, серпіледі, көрінбейді. В) Ауа бізді қоршап тұр. Г) Оттегі. ІV. Қорытынды. А) Бүгінгі сабақта не білдік ? - Ауаның қасиеттерін білдік.
сығылады серпіледі түссіз жануды қолдайды көрінбейді мөлдір Ә) -Адам өмір сүруіне не қажет ? - Ауа, жылу, жарық , су, тағам. - Осының бәрін қайдан аламыз ? Табиғаттан. - Олай болса адам табиғат перзенті. Ал табиғат біздің анамыз . Б) «Табиғат - анамыз» атты өлеңін оқу.
№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп. Ана тілі. 2 сынып. Макулова А.Д. Сабақтың тақырыбы : Дулат Исабеков «Өкініш» . Сабақтың мақсаты : Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, тақырып бойынша түсінік беру. Міндеттері : 1. Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан – жақты ойлауға, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. 2. Ой – өрісін , қиялдарын дамыту, қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелеу. 3. Қамқорлық сезімдерін, ата – анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Сабақтың әдістері : Бағыттап оқу стратегиясы, ойын ойнату, сұрақ – жауап. Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезені. Оқушылар бір – біріне жақсылық тілейді. ІІ. Үй жұмысын тексеру. – Балалар, үйге не берілді ? - Төлдер туралы өлең , мақал – мәтел айту. – Қазір біз «Төлдерді өріске айда» атты ойынын ойнаймыз. (Оқушыларға төлдердің суретін таратып беру.) 1. Ботақан суретінде: Түйе туралы мақал айт. – Бота түйенің төлі. Түйенің иесі Ойсыл қара. Мақал – мәтелдер : Нар жолында жүк қалмас. Жатқан жері даладай Екі өркеші баладай. 2. Бұзаудың суретінде: «Бұзауқан» өленің айтып бер. - Бұзау – сиырдың төлі. Сиырдың иесі Зеңгі баба. 3. Қошақан суретінде: Қошақанды суреттеп бер. – Қошақан қойдың төлі. Қойдың иесі Шопан ата. Қошақан жуас, момын, тәлтіректеп жүреді, жығылады, томпандап жүреді. Мақал – мәтелдер : Қой өрісі қорадан. Ақсақ қой жатып семірер. (Сұраққа жауап берген балалар төлдерді тақтадағы өріске апарып қояды). – Балалар, біз барлық төлдерді өріске айдадық па ? - Қай төлдер қалды ? - Лақ , құлын. 4. Лақтың суреті : Лақтың қимыл – әрекетін білдіретін сөздерді айт. – Лақ ешкінің төлі. Ешкінің иесі Сексек ата. Лақ секектеп, шұнаңдап, құлағы селтендеп, жығылып, ойнақтап жүреді. 5. Құлынның суретінде : «Құлыншағым» өленің айтып бер . – Құлын жылқының төлі. Жылқының иесі – Қамбар ата. 6. Төрт түлікке байланысты тыйым сөздерді білесіңдер ме ? - Малды теппе. – Малға теріс мінбе. – Малды басынан ұрма. – Ақты төкпе. Сонымен балалар, лақ пен құлынды да өріске айдап жібердік. Олар алаңсыз жайылсын. Өйткені біз қазақтар үшін төрт түлік мал өте қадірлі, қасиетті. Оларға деген қайырымдылықты біз аямауымыз керек. «Сыйға - сый» мәтелі бар ғой. Біз оларды күтсек , олар бізге ет, сүт, жүнін береді. Балалар, үй тапсырмасын өте жақсы орындап келіпсіңдер. Өте ризамын сендерге. ІІІ. Жаңа тақырып. – Бүгін біз Дулат Исабековтың «Өкініш» атты әңгімесін оқимыз. Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Ол жазушы. Телевизия мен радиода , «Жұлдыз» журналында қызмет еткен. Ол «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз күндер» т.б. әңгімелер мен повестер, пьесалар жазған. Оның шығармалары бойынша көркем фильмдер түсірілген . Мысалы : «Гауһартас» фильмі. Оны үнемі телидардан көрсетеді. Д.Исабековтың пьесалары театр сахналарында қойылды. ІV. «Өкініш» әңгімесі. (Бағыттап оқу стратегиясы пайдалынады.) Әңгіме бірнеше бөліктерге бөлінеді. Мұғалім бірінші бөлігін оқиды да , сұрақ қояды : – Балалар, оқиға қалай жалғасады ? Өз пікірлеріңді айтып қөріңдерші. – Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар Малқаржан берген уәдесін орындай ма? Ол не істейді ? (Оқушылар өз пікірлерін айтады.) - Енді автор әңгімеде не деп жазғанын білгілерін келеді ме ? Мұғалім екінші бөлігін оқиды да , сұрақ қояды : - Әжесі не деп жауап береді екен қалай ойлайсыңдар ? (Оқушылар өз пікірлерін айтады.) - Ал, енді мен әңгімеде не деп жазылғанын оқып берейін. Мұғалім үшінші бөлігін оқиды да , сұрақ қояды : – Балалар, оқиға қалай жалғасады ? Ал мұнын бәрін тыңдап жатқан Малқар өзін қалай сезінді ? (Оқушылар өз пікірлерін айтады.) - Ал әңгімеде автор не деп жазғанын білгілерін келеді ме ? Мұғалім төртінші бөлігін оқиды да , сұрақ қояды : - Малқар кемшілігін түзеткісі келе ме ? Ата – анасын қалай қуандырады ? (Оқушылар өз пікірлерін айтады.) - Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталады ? - Ал сендер басқадай қандай ат қояр едіңдер ? («Орындалмаған уәде» .) - Дұрыс, балалар, берген уәдені орындау керек. Ата – анана көмектесіп еңбек ету керек. Бұлар адамның бойындағы жақсы қасиеттер. - Адам бойындағы тағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер ?
ұқыптылық қамқорлық жанашырлық
кішіпейілділік
уәдеге беріктік еңбексүйгіштік
мейірімділік - Болашақта Малқар осындай жақсы қасиеттерге лайық болуға тырысады деп сенеміз. V. Оқушылар тізбектеп оқиды. – Адамның жақсы қасиеттерінің бірі еңбексүйгіштік. Еңбек туралы мақал – мәтелдер айтайық : 1. Еңбек етсең ерінбей Тояды қарнын тіленбей. 2. Еңбек етпеген ішіп – жемейді. 3. Еңбексіз өмір – сөнген өмір. 4. Еңбек – өмір нәрі. 5. Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті. – Еңбек етсендер, қарнын тоқ болады. Сондықтан да ерінбей еңбек ету керек. Қазіргі сендердің міндеттерін жақсы оқу, тәртіпті болу. Жақсы оқудың өзі еңбек. VІ . Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.